Бұл не? Қанталау немесе көгеру (гематома) – бұл дененің жарақат алуының салдарынан туындайтын жағдай. Ол қантамырларының жарылғандығының және тері асты жиналған тіндерінің зақымдануының нәтижесінің көрінісі.

Себептері. Азғантай түзілген қанталаулар байқамай жарақаттанып қалғанда жиі болып тұрады. Осындай кезде аздаған ісінулер де кезедеседі. Қанталаулар аздап үлкеюі де мүмкін, оның бірнеше себептері бар. Мысалы, сіздің қанайналымыңыз бұзылуы мүмкін немесе сіз артық тромбтүзілімдерді жою үшін қан сұйылтқыш дәрі-дәрмектерді қолданып жүруіңіз мүмкін. Ондай дәрілерге асперин жатады, және оны ересек жастағы адамдардың қолданбай-ақ қойғаны абзал, себебі ол дәрі жүрек қантамырлары ауруының қаупін арттырады.

Қанталаудың (гематомалардың) үш негізгі түрі бар, олар жарақаттың тереңдеуіне байланысты ажыратылады.

1. Тері үстілік;
2. Бұлшықет ішілік;
3. Сүйектік

Симптомдары. Басты симптомы – ол ауырсынуы, ісінуі және жарақат алған жердің терісінің түсі – қызыл-күлгін түске енуі, және ақырындап көгеріп, артынан жасыл, жасыл-сары түске енуі жатады.

Қанталаулар бірнеше күннен ай жуық уақытқа дейін сақталады. Қанталаулардың көпшілігі қауіптілікке ұрындырмайды. Кейде қанталаған жерлер барлық денеге таралады. Аяқтағы қанталаулар, бет пен қолға қарағанда ұзақ уақыт бойы кеипей жүреді. Бұл аурудың ең ауыры және қатты ауыртатыны сүйектік гематома болып саналады.

Алғашқы көмек:

• 5-10 минут мұз басыңыз. Бұл ісіктің басылуына және канталаған жердің тез қалпына келуіне септігін тигізеді. Ең дұрысы мұзды пластикалық қалташа мен немесе қағаз не, матамен орап алып ұстаған дұрыс. Бір ескертерлігі, мұзды дененің зақымданған жеріне басып жүрмеңіз.
• Ауруын басу үшін, ауруын басатын дәрілерді қолдануға болады.
• Амал болса, зақымдалған жерді, жүрек тұсынан жоғары көтеріп ұсстау керек. Сонда, жарақаттарған жердегі ісіктің тез басылуына жағдай туады.

Емдеу. Азғантай қанталау кезінде, әдетте, үй жағдайындағы ем-шаралар жеткілікті болады. Ең бастысы жарақат алғаннан кейін салмақ түсіруден сақтану керек. Иненің көмегімен қанталаған жерді соруға тырыспаңыз. Жарақаттан кейін 30 минуттың ішінде түзілген, үлкен ауыртатын ісінген қанталаулар, қауіпті жарақат боуы мүмкін, олар мысалы:

• Байламдардың қатты созылуынан;
• Сынықтан;
• Шығудан;
• Орташа немесе үлкен қантамырлардың зақымдануынан;
• Қанайналымының бұзылуынан.

Шұғыл ем қолдану арқылы асқынудың алдын алып, көгерудің тез қалыпқа келуіне ықпал жасалады. Егер сіз жарақат алған жерден немесе қанталаудың пайда болған орыннан қатты ауырсыну мен қысымды сезінсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз, себебі бұл қанданудың азғантай бұзылуының дәлелі болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл денсаулыққа төніп тұрған қауіптіліктің дәп өзі болуы да ғажап емес.

Сондай-ақ, сіз инфекцияның түскенін сезсеңіз, теріңіз қызарып және жарақат алған жеріңіздің қысымы көтеріліп бара жатса, ірінді бөлінділер пайда болса, жалпы қалтырау немесе басқа да белгілер білінсе, дереу дәрігерге қаралыңыз.