Жұқпалы эритема (erythemainfectiosum) - балаларға тән жұқпалы вирусты ауру.

Әдетте жеңіл түрде өтеді.

Ол неден туындайды? Жұқпалы эритема B19 парвовирусынан туындайды. Ол көбінесе көктем мезгілінде мектепке дейінгі жастағы балаларға әсер етеді. Ауру әдетте бес күнге созылады.

Жұқпалы эритеманың ерте симптомдары тұмауға ұқсайды; бұл симптомдардан кейін бет әлпетіне (ұрып-соғылған бетке ұқсас) бөртпе, сондай-ақ қолдың және аяқтың сыртқы жағына, құйрыққа және денеге қызғылт бөртпе шығады. Бөртпелер орталық бөліктен бастап, содан кейін шеткі аймақтан бастап біртіндеп жоғалады. Жиі жағдайларда бөртпе дене қызуының көтерілуімен, буындардағы ауырсынумен қатар жүреді.

Бұл ауру бөртпелер пайда болмастан бұрын бір апта ішінде өте жұқпалы болып табылады. Бөртпеер пайда болғаннан кейін әдетте бала жұқпалы емес деп саналады. Бөртпелер дене қызуының өзгеруіне, күн сәулесі және стресс факторларына баланысты бірнеше апта ішінде пайда болуы және жоғалуы мүмкін.

Жұқпалы эритема балаларда жеңіл өтілуіне қарамастан, іштегі нәрестеге нақты қауіп тудыруы мүмкін. Жүкті әйелдер мұндай науқастармен байланысудан аулақ болу керек. Егер жүкті әйел жұқпалы эритемамен ауыратын баламен байланысқа түссе немесе жұқпалы эритема кезінде туындайтын бөртпеге ұқсас бөртпе пайда болса, бұл жағдайда дереу дәрігерге баруы керек.

Жұқпалы эритеманы емдеу кезінде балаға қолайлы жағдай жасау қажет. Әдетте қызу басатын дәрі-дәрмектер қолданумен шектеледі. Сонымен қайтар, өзге қауіпті аурулар симптомдарын бақылап отыру керек: мысалы, дене қызуының 38.9 ° C көтерілуі немесе баланың қатты сырқат екенін көрсететін басқа да белгілер.


Тегтер:

вирусты ауру
бөртпе
дене қызуы
қалтырау; тоңып дірілдеу