Мазмұны

Акне дегеніміз не?

Акненің пайда болу себебі қандай?

Акне кімде пайда болады?

Акненің дамуына алып келетін факторлар

Акнені шақырмайтын факторлар

Акне қалай емделеді?

Басқа емдеу әдістері бар ма?

Акнеден кейін тыртықтар қала ма?



Акне дегеніміз не?

Акне – тері ауры. Ол терінің түкті фолликуласынның өлі клеткалар мен тері майлармен бітелген кезде пайда болады. Бітелген фолликулдарда бактериялар көбейіп, терінің тітіркенуін шақырады.

Акне терінің кез келген аймағында пайда болуы мүмкін. Көбінесе ол бет, мойын, кеуде және арқада кездеседі. Көптеген жағдайларда май бездері көп тері майын бөлетін ерте жасөспірімдік жаста пайда болады. Бірақ кейде олар есейген шақта да болуы мүмкін.


Акненің пайда болу себебі қандай?

Акне терінің түкті фолликулдарының өлі клеткалармен және тері майымен бітелуінен пайда болады. Акненің бірнеше түрі бар:

• Ақ безеулер ерінің түкті фолликулдарының өлі клеткалармен және тері майымен бітелуінен пайда болады
• Егер түтікті фолликулының бітелуі тері бетіне жақын орналасса және ол ауамен байланыста болса, онда оның түсі қараяды. Мұны қара безеулер деп атайды. Бұл атау оның үстіне кір түсуімен байланысты емес.
• Егер бітелген түтікті фолликулдың қабырғасы зақымдалса, онда сол аймақ ісініп қызыл түйінге айналады. Мұндай зақымдану тері бетінде пайда болса, онда түйін безеуге айналады.
• Егер фолликул қабырғасы тері түбінде зақымдалса, онда түйіншектер немесе жылауықтар (кисталар) пайда болу мүмкін. Мұны кистозды акне деп атайды.


Акне кімде пайда болады?

Акне ер балаларда да, қыз балаларда да пайда болады. Әдетте ұл балаларда айқындау жүреді, себебі олардың май бездері көбірек май бөледі. Көптеген адамдарда акне симптомдары 25 жасында кетіп қалады. Сондай-ақ, ол есейген шақта да пайда болу мүмкін.

Бұл жерде тұқымқуалаушылық үлкен рөл атқарады. Егер сіздің анаңызда немесе әкеңізде акне болса, онда сізде акне пайда болу қаупі жоғарлайды.

Басты көңілде сіздің иммундық жүйеңіздің жағдайы болмақ. Кейбір адамдар фолликулға түскен бактерияларға өте сезімтал болып келеді.



Акненің дамуына алып келетін факторлар

• Гормональды бұзылыстар. Әсіресе жыныстық жетілу, менструация алдында (әйелдерде) немесе жүктілік кезінде
• Кейбір дәрілік препараттарды қабылдау
• Теріге күтім және тотыққа арналған майлар, құрамында май бар косметикалық заттар
• Стресс
• Қандай да бір тері дефектілерін сығу
• Теріні қатты тазалау


Акне шақырмайтын факторлар

• Балшық
• Шоколад немесе майлы тағамдар
• Сексуальды активтілік немесе мастурбация


Акне қалай емделеді?

Акне емінде көптеген препараттар қолданылады. Олар дәрігердің рецептімен немесе рецептісіз де жіберіледі.

Бензоил асқын тотығы және салицил қышқылы ең тиімді препараттар болып табылады. Олар дәрігердің рецептінсіз жіберіледі. Бұл препараттар бактерияларды өлтіріп, майлы теріні құрғатады және қабыршақтануды болдырмайды. Олар гел, лосьон, крем және сабын түрінде шығарылады. Теріні акнеден тазалау 8 аптадай уақыт кетеді, тек содан кейін ғана тірінің жақсаруын байқайсыз. Егер 2 айдан кейін дәрігердің рецептісіз жіберілетін препараттар әсер бермесе, онда дәрігерге қаралыңыз.

Бұл препараттарды қолдану кезінде жанама әсерлер болу мүмкін. Мысалы, тітіркену, күйдіру сезімі немесе тері қызаруы. Жанама әсерлері қатан болса, онда дәрігерге сол туралы айтыңыз.

Бұл препараттардаң басқа тағайындалатын дәрілік заттар:

• Ретин майы немесе кремі: Ретиноидтар (мысалы третиноин және адапален) теріге күніне бір рет жағылады. Көз, ауыз, мұрын жақтарға жағуға болмайды. Ретиноидтарды қолданған кезде күнге күю қаупі жоғалрайды. Жүкті әйелдерге және жүктілікті ұйымдастырып жатқан әйелдерге ретиноид тазаротен тағайындаламйды, себебі ол туа пайда болған дефекттерді шақыру мүмкін.
• Антибиотиктер: Акненің ауыр түрінде дәрігер сізге антибиотиктер тағайындайды. Бұндай антибиотиктер: миноциклин, доксициклин, тетрациклин. Антибиотиктер басқа препараттармен қосылыс ретінде тағайындалуы мүмкін. Олар таблетка, май және гел түрінде болады. Акне емінде жиі эритромицин және клиндамицин антибиотиктері бар гельдер қолданылады.
• Изотретиноин: Изотретиноин – қатты әсер ететін дәрілік зат. Акненің ауыр формаларында қолданылады. Бұл препараттың жанама әсерлері көп. Сізге дәрігердің тағайындауын қатан түрде сақтау қажет болады.
• Жүктілікке қарсы таблеткалар: жүктілікке қарсы таблеткалар әйелдерде акне емдеуінде қолданылады. Дәрігермен акне кезінде жүктілікке қарсы таблеткалардың артықшылығы мен кемшіліктері туралы ақылдасыңыз.


Басқа емдеу әдістері бар ма?

Қосымша әдістер ретінде косметикалық процедураларды жатқызуға болады. Мысалы, пилинг, тері абразиясы (дермабразия немесе микродермальды абразия), лазер немесе жарықпен емдеу. Бұл процедуралар безеуден болған тыртықтардың кетуіне көмектеседі. Жекеленген кистозды акнені аздаған мөлшерде стероидты препараттарды қабылдау арқылы емдеуге болады. Ол препаратты сізге отбасылық дәрігер немесе дерматолог тағайындап береді.


Акнеден кейін тыртықтар қала ма?

Акнеден кейін, әсіресе олардың кистозды формасынан кейін кейбір адамдарда тыртықтар қалады. Егер сіз акнені сықпасаңыз, онда тыртықтар аз болады немесе мүлдем болмайды. Оған қоса теріні қатаң тазалауға болмайды. Егер сізде тыртық пайда болса, қазіргі таңда көптеген емдеу әдістері бар.

Дереккөз: АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институттарының дерекқорынан алынды: http://familydoctor.org/familydoctor/en/diseases-conditions/acne.printerview.all.html


Тегтер:

акне
безеулер
безеулік бөртпе
безеулік бөртпені емдеу
терілік бөртпе