Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Екіншілік паркинсонизм Паркинсон ауруына ұқсас, бірақ ол кейбір дәрі-дәрмектер, нерв жүйесінің бұзылыстары және басқа да аурулармен шақырылады.
«Паркинсонизм» термині Паркинсон ауруына тән қимыл қозғалыстың өзгерісі бар барлық ауруларға қолданылады.


Себептері

Паркинсон ауруы - егде жастағы адамдар арасында кездесетін нерв жүйесінің ең көп тараған ауруларының бірі.

Паркинсон ауруы дофамин синтезінің бұзылысынан туындайды. Дофамин – нейромедиатор (импульстарды бас миына жеткізетін активті зат). Бұл адам қозғалысына жауап беретін ми бөліктеріндегі жасушалардың функцияларын бұзылысына әкеледі. Ол өз кезегінде бұлшықет функциясының жоғалуына алып келеді. Уақыт өте келе ауру өрши бастайды. Бүгінгі күнде ми жасушаларының өлімінің нақты себебі анықталмады.

Екінші паркинсонизмге келесі аурулар себеп болуы мүмкін:

• Энцефалит
• Менингит
• Инсульт
• Леви денешіктерінің диффузды ауруы
• Көптік жүйелі атрофия
• Прогрессиялаушы супрануклеарлы паралич

Екінші паркинсонизм келесі дәрі-дәрмектерді қолданумен байланысты болуы мүмкін:

• Анестетикалық препараттардың әсерінен, бас миының зақымдануы (хирургиялық операция кезінде)
• Иісті газбен улану
• Сынап немесе басқа химиялық қосындылармен улану
• Наркотиктермен артық дозалану

Екіншілік паркинсонизм даму оқиғалары инъекционды наркомандар, героинның синтетикалық түрін – МРТР атты наркотикалық препарат, қолданатындар арасында кездеседі. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі және көбінесе созылмалы нашақорлар арасында кездеседі.


Симптомдары

• Мимиканың азаюы
• Қимыл қозғалыс кезінде қиындық
• Қимыл қозғалыстардың баяулауы (паралич)
• Бәсең дауыс, анық емес сөйлеу
• Денеде, қолдарда немесе аяқтарда кернеулік
• Қол мен иектің дірілдеуі

Екіншілік паркинсонизм кезінде есте сақтау қабілеті төмендеу қаупі бар. Өйткені, екіншілік паркинсонизм шақыратын аурулар жиі деменцияға (кем ақылдыққа) алып келеді.


Диагностикасы

Дәрігер екіншілік паркинсонизмды пациентті тексеруден және сұрастырудан кейін анықтау мүмкін. Соның өзінде кейбір симптомдарды бағалау оңай емес, әсіресе егде жастағы адамдарды тексеру кезінде.

Тексеру кезінде келісі жайт анықталуы мүмкін:

• Қозғалысты бастағанда және тоқтатқанда қиындықты сезіну
• Бұлшықеттің тонусының жоғарлауы
• Келбеттің бұзылысы
• Баяу, сүйретілген жүріс
• Қол мен иектің дірілдеуі

Рефлекстер әдетте қалыпты болады. Диагностика басқа ауруларды растауға немесе оларды жоққа шығаруға қажет.


Емдеу

Егер ауру дәрілік препараттардан туындаған болса, дәрігер емдеу курсын өзгертуді немесе тоқтатуды ұсынуы мүмкін. Дегенмен, емнің пайдасын симптомдар ауырлығымен салыстырып қарау керек. Емді өзгертуге немесе тоқтатуға болады, егер ол денсаулыққа пайдадан гөрі зиян әкелсе.

Инсульт немесе инфекция секілді себеп факторларын емдеу аурудың симптомдарының ауырлығын төмендетуі мүмкін

Егер симптомдар сіздің күнделікті жұмысыңызға кедергі ететін болса, дәрігер сізге ем тағайындай алады. Осы ауруды емдеуде қолданылатын көптеген препараттардың қауіпті жанама әсерлері бар. Сондықтан сізге міндетті түрде медициналық тексеруден өту керек. Екінші паркинсонизм, әдетте, Паркинсон ауруынан гөрі дәрі-дәрмекпен емдеуге қиын келеді. Егер екіншілік паркинсонизмге шақырған себеп емдеуге жатпаса, онда ауруды тікелей емдеу қажет


Болжамы

Антипсихотикалық немесе басқа да препараттармен шақырылған екіншілік паркинсонизмді ерте себептерін анықтаған жағдайда ауру қайтымды болады.

Мынадай жағдайларды салдары қайтымды болуы мүмкін:

• Бас миының наркотикалық заттармен зақымдануы
• Инфекциялар
• Токсиндер

Қалған барлық себептер қайтымсыз және уақыт келе нашарлай береді.


Мүмкін болатын асқынулар

• Күнделікті іс-әрекеттерді орындаудағы орын арлатын қиындықтар
• Жұтынудың қиындауы (тамақтану кезінде)
• Инвалидизация (әртүрлі дәрежеде)
• Құлаудың салдарынан жарақаттар
• Препараттардың жанама әсерлері

Күш жоғалтудың (әлсіреудің) жанама әсерлері:

• Сілекейдің көп бөлінуі
• Терең веналардың тромбозы
• Нашар тамақтану


Дәрігерге қашан қаралу керек

Екіншілік паркинсонизм симптомдары пайда болғанда және жалпы жағдай нашарлағанда дәрігерлік көмекке жүгініңіз.

Сондай-ақ, мына симптомдар байда болғанда:

• Көңіл-күйдің өзгеруі
• Саңдырақтау
• Бас айналу
• Галлюцинациялар
• Еріксіз қимыл-қозғалыстар
• Ақыл ойдың жоғалуы
• Құсу неме лоқсу
• Препараттардың мүмкін жанам әсерлері
• Сана-сезімнің шатасуы немесе дезориентация

Егер найқас адамға үй жағдайында қарай алмасаңыз, онда дәрігерден кеңес алыңыз (ем басталғаннан кейін)


Алдын алу

Екіншілік паркинсонизм шақыратын себептерді емдеу ауру қаупін азайту мүмкін.
Ұзақ уақыт антипсхитокалық препараттарды қажет ететін ем алатын науқастарда екіншілік паркинсонизм дамуының алдын алуы ретінде әрқашан бақылауда болу қажет. Заманауи антипсихоктикалық препараттар екіншілік паркинсонизмді сирек шақырады.


Синонимдері

Екіншілік паркинсонизм; Әдеттегі емес Паркинсон ауруы.


Тегтер:

паркинсонизм
екіншілік
жүйке жүйесі
қарт адамдар
қол немесе аяққа күш салу
қол мен иектің дірілдеуі