Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Гестационды қант диабеті (жүктілік кезіндегі қант диабеті) – жүктілік кезіңде алғаш рет анықталатын және глюкозаның (қант) деңгейінің көтерілуімен сипатталатын ауру болып табылады.


Себептері

Жүкітілік кезінде гормондар инсулинді бөгеу мүмкін, солай оның функциясының бұзылысына әкеліп соғады. Егер мұндай жағдай болса, онда жүкті әйелдің қант деңгейі көтеріледі.

Келесі жағдайларда гестационды қант диабетінің даму қаупі жоғары болуы мүмкін:

• Сіздің жасыңыз 25-тен жоғары
• Сіздің отбасыңыздың біреуінде қант диабеті бар
• Баланың 4,800 г. астам туылуы немесе балада туа біткен патологияның болуы
• Сіздің қан қысымыңыз жоғары
• Амниотикалық сұйықтықтың көп болуы
• Бұрын мезгілінен ерте босаңу немесе өлі босаңудың болуы
• Жүктілікке дейің сізде артық салмақ болды

594

Жүктілік кезіндегі қант диабеті жүктілік кезінде глюкозаға төзімділіктің (сезімталдықтың) бұзылуымен сипатталады. Бұл жүктілік кезінде пайда болатын гормондық өзгерістер инсулинге тіндердің сезімталдығын төмендетуі мүмкін. Нәтижесінде қандағы қант деңгейі көтеріліп, бұл қант диабетіне әкеледі. Жүктілік кезінде қанның жоғары деңгейі анаға да, сонымен қатар балаға да өте қауіпті.


Симптомдары

Жүктілік кезіндегі қант диабеті әдетте симптомсыз өтеді немесе оның симптомдары айқын болмайды, ондай-ақ жүкті әйелге аса қауіп төндірмейді. Қант деңгейі босанудан кейін өз қалпына келеді.

Ауру симтпомдарына мыналар жатады:

• Көрудің нашарлауы
• Жалпы әлсіздік
• Қынаптын, қуықтың және терінің жиі инфекциялары
• Тұрақты түрде шөлдеу
• Жиі кіші дәретке бару
• Құсу және лоқсу
• Жоғары тәбетке қарамастан, дене салмағын жоғалту


Диагностикасы

Жүктілік кезіндегі қант диабеті жүктіліктің 2-ші триместрінде пайда болады. Скринниг ректніде барлық жүкті әйелдерде 24-28 апта аралығында глюкозаға толеранттылық тестін өткізеді. Гестационды диабет даму қаупі бар жүкті әйелдерге бұл тест ертерек жасалады.
Гестационды диабет анықталған сәтте, қант деңгейің күнделікті үй жағдайында бақылап отыру қажет. Қант деңгейін тексеру арнайы құрылғы – глюкометрмен жасалады.


Емдеу

Емдеудің мақсаты – қанның қант деңгейін қалыпты деңгейде ұстап тұру және дамып келе жатқан нәрестенің денсаулығына үнемі бақылау жасау болып табылады

БАЛАНЫҢ ДАМУЫН БАҚЫЛАУ

Жүктілік кезінде сіз және сіздің балаңыз тұрақты медициналық бақылауда болуы керек.
Кардиотокография (құрсақтағы нәрестені фетальды мониторлау) - өте қарапайым және ауыртпалықсыз баланы бақылау болып саналады.

• Процедура барысында балаңыздың жүрек соғысын көрсететін арнайы құрылғыны (электронды фетальды монитор) ішіңізге орналастырады.
• Дәрігер бірнеше рет зерттеу жүргізу алады, содан соң динамикада балаңыздың дамуы арттта қалған жоқ па екендігін анықтай алады.

ДИЕТА ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР

Сізге міндетті түрде диета ұстау қажет болады. Сонымен қатар көп пайдалы тағамдармен тамақтануыңыз керек. Сізге тағамдардың құрамын және олардың мерзімін тексеріп тұруыңыз абзал. Егер сіз вегетариан болсаңыз немесе арнайы басқа диета ұстансаңыз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен немесе диетологпен ақылдасыңыз.

Жалпы алғанда гестационды диабет кезіндегі диета келесі талаптарға сай болуы тиіс:

• Майлар мен ақуыздар теңдестірілген болу керек
• Көмірсулар организмге жеміс-жидектермен, көкөністермен және күрделі көмірсулар (нан, макарон, күріш) арқылы түсу қажет.
• Қант мөлшері аз тағамдарды таңдаңыз.

Егер қандағы қант жоғары деңгейі диетамен азайтылмаса, сізге гипогликемиялық препараттар немесе инсулин терапиясы тағайындалуы мүмкін.

Көптеген жағдайларда гестационды диабеті бар әйелдерге дәрі-дәрмектер немесе инсулин қажет емес, бірақ кейбіреулерге олардың тағайындалуы қажет болып қалуы мүмкін.


Болжамы

Гестационды диабеті бар көптеген жүкті әйелдерде қант деңгейін бақылап, баланы және өзінді ауыр жағдайдан алдын алуға болады.

Гестационды қант диабет бар жүкті әйелдерде әдетте ірі нәресте туылады. Сол себепті босану кезіңде мынадай асқынулар болу мүмкін:

• Босаңу жолдарының жарақаттары
• Кесарь тілігі арқылы босану

Нәрестенің бірінші күндерінде қант деңгейінің төмендеуі байқалады (гипогликемия).
Гестационды диабет бар жүкті әйелдерде босану кезінде артериальды қысымның жоғарлау қаупі бар.

Егер анасында гестационды диабет болса, құрсақтағы нәрестені өлу қаупі жоғарлайды. Оны алдын алу үшін тұрақты түрде қант деңгейін бақылау керек.

Босанғаннан кейін қант деңгейі біртіндеп өз қалпына келеді. Бірақ босанудан кейін босанған әйелдерде диабет симптомдарын ерте анықтау үшін уақытылы тексерліп тұру керек. Көп әйелдерде босанудан 5-10 жылдан кейін қант диабетінің даму қаупі бар.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер сіз жүкті болсаңыз және сізде диабет симптомдары болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.


Алдын алу

Босануға дейін дәрігерге тұрақты қаралу сіздің және сіздің нәрестеңіздің денсаулығын сақтап қалуға үлкен көмегін береді. 24-28 аптасында жасалатын пренатальды скрининг гестационды диабетті ерте анықтауға көмектеседі.

Егер сіз жүктілікке дейін өзіңіздің дене салмағының индексін қалыпты деңгейге жеткізсеңіз, ол гестационды диаебт даму қаупін түсіреді.


Синонимдері:

Жүктілік кезінде глюкозаға төзімділіктің бұзылуы

Дереккөз: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000896.htm


Тегтер:
гестационды қант диебеті
жүктілік
қанда глюкоза деңгейінің көтерілуі
тұрақты шөлдеу
қуықтың жиі инфекциалары