Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан тексерілу керек

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Атерома (май бездерінің ісігі) тері астында, жабық қап түрінде болып келеді, ішінде іртік-іртік май беріштері толып тұрады.

Себептері
Көп жағдайда аретомалар түкті фоллекул шығару жолдырының қабынуынан және толуынан түзіледі. Сондай-ақ олар терінің жарақаттануынан да пайда болады. Бұл қаптарда жасушалар креатин ақуызын түзеді.

Симптомдары
Негізгі симптомдары, тері астынан ауырмайтын беріштердің түзілуімен сипаталады. Әдетте, мұндай түзінділер бетте, мойында және кеудеде кездеседі. Олар ауыртпайды, ақырындап өсе береді.
Егер бұл томпаюлар инфицирленсе немесе қабынса басқа да симптомдар туындауы ғажап емес:
• Тері қызарады;
• Тері ауыртады;
• Зақымданған жердің астында қызу көтеріледі;
• Ақшыл-көк іртік-іртік ірінді бөлінділер пайда болады.

Диагностикасы
Дәрігерлер сізге диагноз қою үшін, теріңізді жақсылап қарап, тексеріп шығады. Кейде басқада аурулардың салдарынан тері осындай жағдайға тап болса, биопсия жасалады.

Емдеу
Атеромалар қауіпті емес, сондай-ақ аса қатты уайым тудыра бермейді. Жылы компрессаны зақымдалған жерге басып, жылауықты дренаждап, терінің қалпына келтірілуін тездетуге болады.
Егер сізде кішкентай қабынған жылауығы (киста) болса, дәрігер ісікті басу үшін стероидты дәрілік препараттар қабылдауға кеңес береді.

Егер жылауық қабынса, ауру сезімдері біліне бастаса немесе көлемі үлкейе бастаса, дәрігер оны дренаждайды, немесе оны жою үшін ота жасайды.

Мүмкін болатын асқынулар
Ауырған жерді трансформациямен тілгенде без инфицирленуі мүмкін. Хирургиялық операциядан кейін де беріш қайта пайда болуы мүмкін.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Денеңізде қандайда бір жаңаша түзінділерді байқасаңыз, дәрігерге хабарлласыңыз. Беріштер қауіпті емес, дәрігер сізден қауіпті ісктің белгілерін анықтауы керек.

Синонимдері
Эпидермальді жылауық (киста); Кератинді жылауық (киста); Эпидермойдты жылауық (киста).
Беттің ісуі, безеу, аллергиялық серпілліс (ерлерде/әйелдерде)

Тегтер:
Атерома
эпидермальді жылауық
эпидермойдты жылауық
бітеу ісік
май бездеріндегі жылауық