Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Тұлғаның диссоциалдық бұзылысы, жеке адамның психологиясының бұзылған жағдайы деп те айтылады. Адамның тек өз мақсатын жүзеге асыру үшін түрлі айла-шаралар жасауға, басқа адамның құқығына қарамай және сол ісін өзінің дұрыс санауымен сипатталатын мінезі. Мұндай адам жиі қылмыскер болып жатады.


Себептері

Тұлғаның диссоциалдық бұзылысының себептері белгісіз. Генетикалық және қоршаған ортадағы түрлі факторлар, балаға қатал мәмле таныту секілді жағдайлар, аталмыш аурудың дамуына себеп болуы мүмкін. Мұндай адамдар, әсіресе, әлеуметке қарсы топтардың ішінен, ішімдікке құл болған жанұядан шығуы мүмкін. Аталмыш бұзылыстар әйелдердің арасынан қарағанда, ерлерден көптеп шығып жатады. Сондай-ақ, бұлар сотталғандар арасында да көптеп кездеседі.

Бірнәрсені өртеуге бейім болу, бала кезде жануарларға қатізердік таныту сияқты мінездер, әлеуметке қарсылықтың бастапқы сатылары болуы мүмкін. Кейбір дәрігерлер есалаңдық пен жеке тұлғаның диссоциальді бұзылысы - екеуі де бір ауру деп санайды. Ал, кейбіреулер есалаңдық – одан қарағанда салмақтырақ бұзылыс деп есептейді.


Симптомдары

Жеке тұлғаның диссоциальды бұзылысы бар адамның сипаты мынадай болады:

• Тапқыр және сүйкімді;
• Басқа адамдардың эмоцияларымен епті айла-амал жасай алады
• Жиі заң бұзады;
• Өзіннің және басқалардың қауіпсіздігі туралы бас қатырмайды;
• Алдайды, ұрлайды және жиі төбелеседі;
• Өз қателігін түсінбейді, мойындамайды;
• Жиі ашуланады және тәкаппар келеді.


Диагностикасы

Тұлғаның диссоциалдық бұзылысы адамның жеке басының психолгиялық бағалануы, бұрынғы ауруларының және олардың салмақты симптомдарының негізінде диагностикаланады. Сондай-ақ диагноз, жеке тұлғаның бала кездегі мінез-құлқының саралануымен де жүзеге асырылады.


Емдеу

Тұлғаның диссоциалдық бұзылысы - емделуі ең қиын аурулар қатарына жатады. Мұндай ауруы бар адамдар өздігінен медициналық көмекке жүгіне бермейді. Олар терапияны тек соттың тағайындауымен қабылдауы мүмкін.

Мінез-құлықтық терапия, ондай адамның жақсы мінездері үшін марапаттап, нашар қылықтары жайында, жағымсыз түрде қайта саралау өткізу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ әңгіме терапиясының (психотерапия) бірнеше формасы қолданылады.
Жеке диссоциалдық бұзылысы бар адам, басқа да осыған сай бұзылыстырмен ауыратындар, көңіл-күйін тұрақтай алмайтындар немесе миы зақымданғандар, жалпы, емделеді.


Болжамы

Әдетте симптомдарының соңғы белгілері жасөспірімдік кезеңінің соңына және 20 жастан кейінгі алғашқы жылдарында көрінеді. Кейде симптомдар өздігінен 40 жасқа таман жақсарып жатады.


Мүмкін болатын асқынулар

Бұл аурудың соңы, түрмеге түсумен, есірткіге ұрынумен, зорлық-зомбылық жасаумен немесе өзін өзі өлтіруімен тынуы мүмкін.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер сізде немесе басқа да таныстарыңызда жеке тұлғаның диссоциалдық бұзылысы симптомдары байқалса, психикалық ем саласында қызмет ететін дәрігерге немесе маманға қаралыңыз.


Синонимдері

Социопаттық тұлға; социопатия; тұлға бұзылысы – антисоциалдық


Тегтер:

пайдалануға ұмтылыс
балаларға деген қатігездік
қарым-қатынас
маскүнемдер
ерлерде кездеседі
түрме
наркомания
зорлық
өзін-өзі өлтіру