Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Мына әрекеттерді істемеңіз

Алдын алу

Синнимдері


Жалпы ақпарат

Гематома – терінің белгілі бір жерлерінің түсінің өзгеруімен көрініс береді. Ұсақ қан тамырлар бүлініп, және тамыр ішіндегі қан тері астында орналасқан жұмсақ тіндерге өтіп кеткенде, содан гематомалар пайда болады.

611 1

Түрлі себептерге байланысты қан тамырлары қабырғаларының зақымдануынан гематомалар пайда болады. Жарылған тамырдағы қандар жоғары көтеріліп тер мен еттің арасына жиналып қалады, оның әсерінен ауру сезімі туындап, ісініп, терінің түсі өзгереді.

Гематоманың үш түрі бар:

• Тері астылық – тері астында орналасады
• Бұлшықет ішілік – бұлшықет ішінде
• Сүйек үстілік - сүйекті соғып алу кезінде дамиды

Гематомалар бірнеше күннен бірнеше айларға дейін кетпей тұруы мүмкін. Сүйекті соғып алған кезіндегі гематомалар үлкейе түседі, және қаттырақ ауырып тұрады.


Себептері

Гематомалар көбінесе құлағанда, спорттық жарақаттар алғанда, автокөлік апаттарына ұшырағанда немесе соққы алғанда, біреулермен төбелескенде немесе қандайда бір қатты зат денеге келіп тигенде пайда болады.

Сіз қансұйылтқыш препараттарды (аспирин немесе варфарин) қабылдасаңыз кішігірім гематомалардың пайда болу мүмкіндігі бар.


Симптомдары

Негізгі белгі лері – терінің белгілі бір жерінде көгеруі, ауру сезімінің туындауы, ісіну т.с.с. Гематоманың басында түсі ақшыл-қызғылт болып келеді, және ұстағанда өте сезімтал болады. Соғылған бұлшық еттерге жүктеме түсіру қиын болады. Мысалы, жамбастың терең гематомасы орын алса, жүргенде немесе жүгірейін деген кезде ауырады.
Уақыт өте гематома түсі көк түске, сосын жасыл-сары енеді де, соңында толығымен жойылып кетеді.

Гематома кезінде көрсетілетін алғашқы көмек:

• Тез жазылу үшін және ісінудің алу үшін зақымдалған аймаққа мұз қою керек. Мұзды таза орамалға орау керек – мұзды тікелей теріге қоюға болмайды. Процедураны 1 сағат ішінде 15 мин сайын қайталап тұру қажет.
• Соққан аймаққа жоғарылаған қалып келтіріңіз, егер мүмкін болса. Жоғарлаған қалып қанның соғылған аймаққа жиналуынның алдын алады.
• Бұлшықеттерге артық күш түсірмеңіз.
• Ауру сезімін басу мақсатында, қажет болса ауру сезімін басатын препараттарды қабылдаңыз.

Сирек жағдайларда гематомалар кезінде хирургиялық әдіс қолданылуы мүмкін.


Мына әрекеттерді істемеңіз

• Гематоманы ине арқылы сормаңыз
• Жүгіруді, ойнауды, зақымдалған аймаққа артық күш салуды тоқтата тұрыңыз;
• Ауру сезімі мен ісінген жерді емемей жүрмеңіз.

Дәрігерлік көмекке қашан жолығу керек

Егер зақымдалған жеріңізде қатты қысым сезінсеңіз, және зақымдалған аймақ үлкейіп, өте ауырғыш болып бара жатса міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Бұл жағдайға ұзақ уақыт жаншылу синдромы себеп болып табылады. Жұмсақ тіндерді қатты қысу әсерінен, ол жерлердегі жасушалар мен тіндерге оттегі мен қан келуі тоқтайды. Бұл жағдай өмірге қауіп төндіреді, сол себепті Сізге міндетті түрде жедел жәрдем қажет болып табылады.

Тағы да мына жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:

• Ешқандай соққысыз, бір жерден құламай-ақ, немесе басқа да себептерсіз, түсініксіз жайттан теріде көгерулер пайда болсса;
• Гематома айналасында инфекциялану белгілері байқалса, мысалы, қызару, іріңдеу немесе басқа бөлінділер туындаса, дене қызуы көтерілсе.


Алдын алу

Гематомалар көбінесе жарақаттар әсерінен пайда болғандықтан, мынадай маңызды ұсыныстарды ұстаңыз:

• Балаларыңызды қауіпсіздік ережелеріне үйретіңіз
• Үй айналасында құлаудан сақ болыңыз. Мысалы, баспалдақтан көтеріліп бара жатқан кезде
• Автокөлікте қауіпсіздік белбеулерін қолдаңыз.
• Қажетті спорттық инвентарьды киіп жүріңіз.


Синонимдері

Контузия; көгеру


Тегтер:

гематомалар
тері асты
ауырсыну
ісіну
қан тамырларының зақымдалуы