Аллергиялық рекция дегеніміз не? Аллергиялық рекция – бұл аллерген деп аталатын, белгілі бір затқа иммун жүйесінің гипперреакция беруі (шамадан тыс әсер беруі). Аллергендер: химиялық заттар, тағамдық азық-түліктер, дәрі-дәрмектер, түрлі өсімдіктер, шаң-тозаңдар болып табылады.

Аллергиялық рекциялардың даму механизмдері қандай?

Аллергиялық реакциялар жеңіл дәрежеден басталып,өмірге қауіп тудыратын өте ауыр жағдайға дейін ауытқуы мүмкін. Ағзаның иммундық жүйесі аллергия тудырушы затқа бірнеше механизм бойынша жауап қайтарады. Осылардың ішіндегі негізгі механизм қанның ақ жасушалры-лимфоциттердің қатысауымен болады. Лимфоциттердің 2 түрі бар: В-лимфоциттер және Т-лимфоциттер. В-лимфоциттері антиденелер түзеді, олар бөгде денелерді жою мақсатында бактериялармен байланысады, және ағзаны олардан бейтараптандыруға тырысады. Негізі антидене аллергия тудырушы заттар мен байланысып аллергиялық реакция тудыруы да мүмкін. Осы үрдіске қатысатын антиденлерді иммуноглобулин Е категориясына жатқызамыз. Т-лимфоциттер антидене өндірмейді - олар бөгде денеге тікелей шабуылдайды. Осы лимфоциттердің үрдіске қатысуына байланысты аллергиялық процестің типін жеделдетілген түрі (В-лимфоциттердің қатысуымен иммуноглобулин Е өндірілуі арқылы )анықтайды және баяулатылған түрі (Т-лимфоциттердің қатысуымен) анықталады.

616 1

Симптомдары

Аллергиялық реакциялардың симптомдары жеңіл дәрежеден басталып, өмірге қауіп тудыратын өте ауыр жағдайға дейін ауытқуы мүмкін. Аллергия тудырушы заттар организмнің кез келген жеріне түсуі мүмкін мысалы: мұрын қуысына, көзге, асқазан-ішек жолдарына, өкпеге және теріге. Кейбір аллергиялық рекциялар (мысалы, есекжем немесе жәндік шаққан жердің айналасының қышуы немесе өсімдіктердің немесе химиялық заттардың теріге жанасуынан) пайда болып, тек ағзаның бір ғана бөлігі зақымдалады. Басқа аллергиялық рекциялар кезінде барлық ағза зақымдалады-терінің қышуы, ісіну, тыныс алудың қиындауы, ал ауыр аллергиялық рекция кезінде анафилактикалық шок дамып тіпті адам өліп кетуі де мүмкін.

Кейбір аллергиялық рекциялар аллергенмен бірінші жанасқанда пайда болмайды ол ақырындап күннен-күнге байланысып барып сезімтал болады.

616 2

Айқын дермографизм

616 3

Қолдағы дермографизм

616 4

Денедегі есекжем

616 5

Терідегі есекжем

616 6

Есекжем


Балалардағы ауыз қуысының зақымдалуы (ерлерде / әйелдерде)
Беттің ісінуі,безеу,аллергиялық реакция (ерлерде / әйелдерде)
Тұмау (ерлерде / әйелдерде)
Ауыз қуысының зақымдалуы (ерлерде / әйелдерде)


Тегтер:

аллергия
аллергия емі
аллергия симптомдары
тағамдық аллергия
аллергиялық реакция
маусымдық аллергия
алллерген
дәріге аллергиялық реакция