Демікпе ұстамалары (демікпенің асқынған симптомдары) аллергиялық реакцияның салдарынан орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда, аллергияға бейім адамның тыныс алу жолдарының қабынуы уақытша күшеюі мүмкін.

Аллергия деген не?

Аллергия – бұл адамның иммунды жүйесінің әсер еткен сыртқа факторларға қайтарған жауабы. Ондай сыртқы факторларға: барлық түрлі жағдайларда ойламаған жерден тиіп кеткен заттар, мысалы, өсімдің тозаңы, шаң немесе жүн, тері немесе жануардың сілекейі жатады. Аллергиясы бар адамдардың иммунды жүйесі өзіне жағымсыз заттарды бірден сезеді, негізінде оларды, «аллергендер» деп атайды, олар қаншалықты зиянды болса, ағзаның қалыпты функциясын соншалықты бұзады.

Аллергия демікпені қалай туындатады?

Ауамен жұтылатын аллергендер. Көбінесе демікпемен ауыратын адамдар үшін белгілі деммен ішке еніп кететін аллергендер. Соңғылары мыналар:

• Жануарлардың ағзасынан өндірілетіндер (тері, сілекей);
• Шаң тозаңдары;
• Тарақандардың денелерінің бөлшектері;
• Зең түйіршіктері;
• Тозаңдар.

Медицина қызметкерлері демікпемен ауыратын адамдардың жұтылатын аллерген мен сезімталдығын сәйкестендріп көреді.

Тағамдық аллергия. Тағамнан болатын аллергия демікпені анда-санда туындатуы мүмкін. Айта кетерлігі, аллергия симптомдарымен астасып кете беретін азық-түліктің көп таралған түрлері:

• Жұмыртқа;
• Сүйт;
• Арахис;
• Соя;
• Бидай;
• Балық,
• Асшаяндар.

Консервіленген тағамдық заттар да демікпені қоздыруы мүмкін. Натрий гидросульфаты, калий гидросульфаты, натрий пиросульфаты, калий пиросульфаты және натрий сульфаты секілді қоспалар әдетте тағамдық азықтарды өңдегенде немесе дайындағанда қолданылады, олар мынадай азық-түлікте кездесуі мүмкін:

• Кептірілген жемістер мен көкөністер;
• Картоп (жартылай қапталған фабрикат);
• Шарап пен сыра;
• Шыныдағы лайм немесе лимон шырындары;
• Асшаяндар (балғын, қатырылған немесе пайдалануға дайын түрлері);
• Маринадталған өнімдер.

Тағамдық аллергия көбінесе адамдарда есекжем түрінде көрініс береді, бөртпе шығады, жүрек айниды, құсады және іші өтеді. Егер сіз демікпені қоздыратын тағамдық аллергиядан зардап шегіп жүрсеңіз, жоғарыда айтылған аллергия симптомдары сіздің келесі демікпеңіздің алдында пайда болуы мүмкін. Егер де, ол процессті дереу тоқтатпаса, кеңірдек ісіп, тыныс алатын мүмкіндік қалмай қалуы мүмкін.

Егер сіздің демікпеңізді қоздырады деген тағамдарға күмәніңіз болса, онда дәрігеріңізбен кеңесіп алыңыз. Сіздің ол тағамдық азық-түліккепен аллергиялық сезімталдығыңыздың байланысын анықтау үшін, сізге терілік-аллергиялық сынама жасалуы мүмкін.

Менде аллергия болса не істеуім керек?

Өзіңіздің аллергияңызды қоздыратын заттардан аулақ жүруге тырысыңыз. Төменде, көп таралған аллергендермен байланысып қалмау үшін не істеуге болатындығы жайында жазылған.

Шаң-тозаңға бөліктеріне аллергия болса

• Аллергендер өтіп кетпейтіндей қарапайым немесе серіппелі матрасты қаптамамен қаптаңыз;
• Барлық жатын орныңызды аптасына бір рет ыстық сумен жуып тұрыңыз;
• Еденге кілемше жапқыштарды төсемей-ақ қойған дұрыс. Егер кілемше жапқыштарды алып тастай алмасаңыз, оларды аллерген өткізбейтін, көпқабатты вакумды шаңсорғышпен жиі тазалап тұрыңыз. Кілемшедегі шаң-тозаңдарды кетіретін арнайы заттарды қолдануға да болады.
• Перде мен портердерді де тақпай-ақ қойғаныңыз жөн. Жалюздің орнына қарапайым кенеп маталы пердені іліп қойыңыз. Жуылатын перделерді ыстық сумен аптасына 2-4 рет жуып тұру керек.
• Шап қалпақшаларының, терезе тақтайшаларының үстін дымқыл матамен жиі сүртіп тұрыңыз.
• Заттарыңызды жинақы ұстаңыз. Ойыншықтар мен кітаптар есігі жабылатын кітап сөрелерінде немесе қорапшалар мен шкафтарда тұруы керек.
• Бұрынғы жұмсақ ойыншықтарды жаңа, жуылатын ойыншықтарға ауыстырыңыз.
• Барлық киім-кешектеріңізді жабық қораптар мен шкафтарға салып қойыңыз.
• Жастықтар мен төсек-орындардың амал болса құс қауырсынынан жасалғандарын қолданбаған дұрыс.
• Үйдің ішінде төменгі дымқылдықты қалыптастырыңыз (25%-50%) ауа кептіргішті де қолданыңыз.
• Жылтқыш пен салқындатқыштың фильтірлерін тұрақты түрде ауыстырып тұрыңыз.

Өңезделген саңырауқұлақтарға және зеңге аллергия болса

• Ылғалданып тұратын жерлерді жиі қарап тұрыңыз. Үйдің ылғалдылығын 25% және 50% аралығында ұстап тұратын құрғатқышты қосып жүріңіз.
• Ауа кондиценерлерін мүмкіндігінше пайдаланыңыз;
• Жуынатын бөлмелердегі зәй тартуы мүмкін жерлерді арнайы тазартқыш заттармен сүртіп, тазалап жүріңіз, буды шығарып тұратын тазартқышты ауыстырып тұрыңыз. Ондай жерлерге кілемше төсемеңіз;
• Ұйықтайтын бөлмеде үй өсімдіктерін өсірмеңіз;
• Үйді сырлаған кезде шаңға арналған тежегіштерді де құрамына қосыңыз.
• Үйдің ішінде көгеретін заттарды, мысалы, су жапырақ, бақшадағы қоқыстарды сақтамаңыз.

Жәндіктіктерге аллергия болса. Көптеген үйлерде тарақандар мен түрлі жәндіктер бар. Кейбір демікпесі бар адамдардың, сол жәндіктерге де аллергиясы болады. ол аллергендерді бақылау үшін үйде:

• Тарақан ұстайтын заттарды пайдаланыңыз;
• Тарақандарға шашатын заттарды да қолдануға болады, бірақ оларды үйде ешкім жоқ кезде ғана істету керек. Егер сол заттар шашылғаннан кейін өзіңіз немесе балаңыз үйге кірер болсаңыздар, бөлмелерді бірнеше ағат бойы ашып қойып ауасын тазартыңыз;

Шаңға аллергия болса. Шаңнан құтылу оңай емес, себебі оны атмосферадан жою ақылға симайтын нәрсе. Сіз өзіңізбен балаңызды шаңнан азда болса қорғау үшін мынадай шаралар қолдансаңыз болады:

• Ауада шаң көтеріліп тұратын уақыттарда далада көп жүрмеуге тырысыңыз;
• Ауада шаң қатты көтерілетін кезде терезелерді жауып қойыңыз;
• Мүмкіндігіне қарай ауа тазартқыштарды қолданыңыз.

Жануарлардың ағзасынан өндірілетін заттарға аллергия болса.

• Егер өзіңізде, немесе балаңызда аса қатты аллергиялық серпіліс болса, үйіңізде жануар ұстамай-ақ қойғаныңыз абзал.
• Үйінде үй жануарлар асырайтын құрбыңыздың үйінде ұзақ болмай-ақ қойыңыз. Тіпті ол кезде өзіңіз немесе балаңыз демікпеге қарсы құрылғыны өзімен бірге алып жүргені дұрыс. Қонаққа барғанда жануарларға қысқа уақытта ғана қарап, кетіп қалғаны жөн.
• Егер сізге мысық немесе ит бағу қажет болса, олардың орнын, жүретін жерін шектеп қойыңыз. Олар сіздің немесе балаңыздың жатын бөлмелеріне мүлдем кіре алмағаны жөн. Мүмкіндігінше , жануарларды далада ұстаңыз.
• Үй жануарыңызды күн сайын жуындырып тұрыңыз.
• Үйге кілемшелер төсемеңіз. Жануарлардан өндірілетін заттар кілемшені олар басқанда, жабысып қалады да сол жерде тұрақтап, сақталынып жатады.

Тағамдық аллергендерден құтылу мүлдем мүмкін емес. Сіз енді жоқ дегенде жейтін асыңыздың сыртындағы жапсырма қағазын жақсылап оқып жүріңіз, үйден тыс жерлерде тамақтанғанда, тамақтың құрамында қандай қосспалар бар екенін нақтылап сұрап алыңыз.

Аллергияға қарсы екпелер бар ма екен, іздеп көріңіз. Келесіде, сіз иммун жүйеңіздің қаншалықты аллергияға қаншалықты қарсы тұратынын анықтай аласыз. Дәрігер сізге аллергияға қарсы дәрілерді тағайындауы мүмкін (олар, аллергиялық иммунотерапия деп аталады). Аллергияға қарсы екпе, сіздің біраз аллергиялық реакцияңызды қозғауы мүмкін. Сол аллергияға қарсы екпені қайталап салдырғанда сіздің иммун жүйеңіз ақырындап үйренісе бастайды. Алдымен сізге аллергияға қарсы екпе салдыруға бола ма, соны дәрігеріңізден сұрап, нақтылап алыңыз.


Балалардың жөтелуі
Демікпе (ерлерде / әйелдерде)


Тегтер:

аллергия
аллерген
аллергиялық демікпе
тағамдық аллергия
шаңға алларгия
зеңге аллергия
тозаңға аллергия
жүнге аллергия
аллергиялық жөтел
мысыққа аллергия