Бұл не? Жүйкелік анорексия – бұл психологиялық жағдай.Оған ұшыраған адам өінің жүдеп бара жатқанына қарамастан, өзін тамақ ішуден қатты тежейді, салмақ қосудан қатты қорқады және денесінің қалыпты салмағын ұстап тұра алмайды. Анорекцияның эмоциялық көрінісі нервтік реакциядан шизофреникалық симптомдарға дейін туындауымен спатталады. Ұзақ уақыттық немесе ауыр формадағы анорекция салмақты мәселелерге ұрындыруы мүмкін, мысалы жалпы денсаулық нашарлауы , тіпті одан өліп кетуі де ғажап емес.

622 1

Анорекцияның симптомдары немесе сипаттамалары:

• Салмағы денесінің мөлшерінен 85% -ға дейін түсіп кетеді немесе салмағы мен бойының өлшемі едәуір алшақ тұрады.
• Етеккірі тежеліп келеді немесе мүлдем келмей қалады.
• Шамадан тыс физикалық жаттығулар орындайды;
• Ас қорыту жүйесі бұзылады, өздігінен жиі құсады және түсініксіз ауырады.
• Аурулар физикалық белсенділігін қалыпты ұстайды, және өз жағдайының ауырлығын мойындамайды, сондай-ақ, қарны ашқанын сезбейді.

Себептері. Анорексияның туындау себебі белгісіз. Бір мүмкін болатын себеп, оның жеке сапасына байланысты (перфекционизм секілді) және отбасылық анемезі. Анорексия көбінесе спортшыларда, және де дененің белгілі бір заңдылығын сақтауға бағытталған (модельдік жұмыс, балет, театр, күрес т.б.) сала адамдарының арасында кездесіп жатады. Анорексияға ұрынатындардың негізді бөлігін өтпелі жастағы қыздар, жас келіншектер құрайды. Аталмыш ауру сондай-ақ, ер балалар арасында да, жас жігіттердің ішінде де, сонымен қатар ересек әйелдердің қатарында да көрініс беріп жатады.

Емдеу. Анорексияны толық емдеу мүмкіндігі болса да, ол өмір бойы айыға алмайтын ауру болып қалыптасып қалуы мүмкін. Негізі оның емі соншалықты оңай да емес, емделу үшін, дәрігер-психолог және науқас өзара мәмледе ем-шараларды жүзеге асырғаны абзал.


Тегтер:

анорексия
неврогенді анорекссия
анорексияның симптомдары
анорексияның белгілері
анорексияның емделуі
анорексияның себептері
балалардың анорексиясы
жасөспірімдердің анорексиясы
анорексия бұл...
анорексияның анықтамасы