Аспергиллез – саңырауқұлақтық инфекциялық ауру, әсіресе теріні зақымдайды, сондай-ақ, құлақты, мұрын құысын және иммун жүйесі әлсіреген адамдардың өкпесіне зардабын тигізеді.

Бронхөкпелік аспергиллез бастапқыда бронхит немесе трахеобронхит симптомдарымен білінуі мүмкін. Ауру ағымы созылмалы болып келеді, науқастар көбінесе жалпы әсіздігі, көк түсті қақырық бөлініп жөтелетіні, кейде қан аралас жолақтар шығатыны жайында айтып жатады.

ЛОР-мүшелерінің аспергиллезі сыртқы және ортаңғы отиттің дамуымен,мұрын қуысының шырышты қабаты және көмей қосалқыларының зақымдалуымен сипатталды.Сонымен қатар терінің және тырнақтың аспергиллезі пайда болады.

Иммундық жүйесінде ақауы бар (АИТВ жұқтырғандар) немесе иммундық жүйені басатын дәрілерді (иммунодепресанттар, ісікке қарсы химиотерапия ) қабылдап жүрген науқастарда аспергиллез ауыр ағымда өтеді.

Емдеу. Терінің зақымдалуы немесе шырышты қабаттың аспергиллезі кезінде науқас жергілікті қабынуға қарсы және антимикотикалық препараттарды қабылдайды.Ал өкпелік және жайылған аспергиллездер ауруханада жатқызылып емделеді.


Тегтер:

аспергиллез
саңырауқұлақтар
зақымдалған тері
инфекция
аспергиллездің емі
АИТВ жұқтырғандар