Бактериялық инфекция – бұл бактериялардан туындайтын инфекция. Өз кезегінде ол қарапайым тері жұқпаларынан бастап оба сияқты күрделі ауруларға дейін кең таралған жұқпалы ауруларды қамтиды. Бактериялық инфекцияға пневмония,менингит,бүйректің және қуықтың қабынулары,сонымен қатар сифилис,гонорея сияқты тері-венерологиялық аурулары жатады.

Инфекциялар бактериялардан бөлек вирустардан да туындауы мүмкін. Вирус арқылы дамыған инфекциядан қарағанда бактерия арқылы дамыған инфекцияны антибиотиктерді қолдану арқылы емдеуге болады. Бактерия мен шақырылған инфекция вирусты инфекцияның жалғасы болуы немесе өзі жеке дамуы мүмкін.

Әдетте вирусты инфекция бактериялық инфекциямен асқынады. Вирусты инфекция ауыр формада қалыптасып немесе инфекция 10 күннен астам ұзаққа созылса – бұл жағдай бактериялық инфекциялардың қосылуын білдіреді.

Бактериальды инфекцияның симптомдары 3 түрлі механизм бойынша көрініс береді.

1. Экзотоксиннің өндірілуіне байланысты - бактериялармен бөлінетін химиялық заттар (мысалы, ботулизм ауруы кезіндегі ботулин таяқшалары өндіреді).
2. Эндотоксиннің өндірілуіне байланысты - бактериялар жойылған кезде босатылатын химиялық заттар (мысалы, сүзекті сальмонелла тудыратын сүзек кезінде).
3. Бактерияларға жоғары сезімталдықтың дамуы (мысалы, туберкулез кезінде, туберкулездің микробактерияларына қатысты жоғары сезімталдықтың дамыған кезінде).

Егер бактериялық инфекциядан уақытылы емделмесе, онда ол қанағымға таралады. Аталмыш жағдай бактериемия деп аталады.


Тегтер:

бактериаялық инфекция
бактериялар
туберкулез
пневмония
бактериялық менингит