Виллебранд – Юргенс ауруы - қанның қалыпты ұюының бұзылысымен сипатталатын тұқым қуалайтын қан кету ауруы. Ауру барысында ағзаның қан жүйесінде ақуыз болмайды (фон Виллебранд факторы) немесе ол қызметін дұрыс атқармайды. Мұның салдарынан қан қалыпты ұйымай, жарақат кезінде қан кету көп болады.

Виллебранд – Юргенс ауруының симптомдарына жарақат кезінде көптеп қан кету, жиі мұрыннан қан кету, еттеккір кезінде қанның көп келуі, теріде көгреулер, зәрде және нәжісте қанның болуы, сонымен қатар қызыл иектің қанауы жатады. Ерлер де, әйелдер де осы аурудан бірдей зардап шегеді.

Виллебранд – Юргенс ауруын қандағы фон Виллебранд факторын көтеріп, қан ұюды жақсартатын дәрілермен емдеуге болады. Емдеу сонымен қатар қан кетудің алдын алуға және тоқтатуға бағытталған.


Тегтер:

Виллебранд ауруы
қан кету
мұрыннан қан кету
қызыл иектен қан кету