Венерологиялық аурулар – бұл жыныстық қатынас арқылы таралатын жұқпалы аурулар. Сондай-ақ, кейбір жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жүкті әйелдің ішіндегі баласына жүктілік кезінде немесе жүктіліктен кейін жұғуы мүмкін.

Венерологиялық ауруды адам кез келген жыныстық қатынас кезінде (гетеросексуалды мен гомосексуалды), сонымен қатар ауыз немесе тік ішектің жыныс мүшелерімен тығыз байланыста болғанда жұқтыруы мүмкін. Жыныстық қатынаспен айналысатын адамдарды тұрақсыз ауыстыру және мүшеқапты пайдаланбау жыныстық аурулардың дамуына әкеп соқтырады.

Негізінде венерологиялық аурулардың алдын алуға болады, ол үшін тұрақсыз жыныстық қатынасқа түспеу қажет және жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты пайдалану керек болады.

Венерологиялық ауруларға мыналар жатады:

• Гонорея
• Хламидиоз
• Трихомоноз
• Мерез
• Сыртқы жыныс мүшелерінің герпесі
• Жынытық аумақтағы сүйелдер немесе Папиллома вирус. Айта кету керек, Папиллома вирусының кейбір түрлері жатыр мойнының қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
• В гепатиті
• ЖИТС-ті тудыратын дамның иммундық тапшылық вирусы

Сонымен қатар өзге де инфекциялар, атап айтқанда С гепатиті, цитомегалия вирусы, қышыма және қасаға биті сияқты аурулар да жыныстық жолмен жұғады.

Венерологиялық аурулардың симптомдары әйел адамдарда және ер адамдарда әр түрлі болады.

Венерологиялық аурулардың ер адамдарда келетін симптомдары:

• Зәр шығару кезіндегі ауырсынудың болуы (көп жағдайда бұл алғашқы симптом)
• Сыртқы жыныс мүшелерінде қышу, күю, аурысыну сезімі болады.
• Дене қызуының көтерілуі
• Зәрдің бұлдыр болуы
• Сыртқы жыныс мүшесінен бөліндінің шығуы
• Жыныстық аймақта бөртпе,сүйел,жаралардың пайда болуы.
• Ұма аймағында ауырсыну (эпидидимит)
• Қуық асты безінің қабынуы (простатит белгілері)
• Өзге де симптомдар.

Венерологиялық аурулардың әйел адамдарда келетін симптомдары:

• Бірнеше күннен бірнеше апта аралығында қынаптан исі жағымсыз,түссіз,қою бөліндінің бөлінуі.
• Жыныстық аймақта қышу, күю, ауырсыну сезімі болады.
• Қасаға аймағында ауырсыну
• Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну
• Зәр шығару кезіндегі ауырсынудың болуы
• Дене қызуының көтерілуі
• Қасаға аймағында бөртпе,сүйел,жаралардың пайда болуы.
• Жыныстық қатынастан кейін қанды бөліністердің болуы
• Өзге де симптомдар

Аталмыш симптомдарға медициналық көмек қажет. Бұл симптомдар пайда болған кезде жыныстық қатынастан дереу бас тартып, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Венерологиялық аурулардың көбісі антибиотиктермен және өзге де дәрі-дәрмектермен емделеді.


Тегтер:

жыныстық аурулар
гонорея
мерез
трихомоноз
гепатит
ЖЖБИ
ЖЖБА