Бұл не? Желшешек – Varicella-zoster герпес вирусымен таралатын жұқпалы ауру. Аталмыш вирустың жұғу жолдары: науқас жөтелгенде, түшкіргенде және денесінде көпіршікті өзгерістер сау адам денесіне жанасқанда жүзеге асады. Желшешек ауруы алғашғы 2-3 күнде өте жұқпалы келеді, яғни науқас денесінде бөртпелер мен көпіршіктер пайда болғанға дейін.

Желшешек ауруы көбінесе балаларда кездеседі және ол қауіпсіз өтеді. Ал жастарда, үлкендерде, жүкті әйелдердежәне де иммундық жүйесінде ақауы бар адамдарда ауыр ағымда өтуі мүмкін. Желшешек қыстың соңында және көктемнің басталысымен жиі байқалып, осы кезеңдерде өте жұқпалы келеді. Бұрындары желшешек ауруымен ауырмаған адамдардың вируспен қатынаста болғандардың 80-90 пайызы бұл инфекцияға шалдығады. Вирус адамға енген кезінде алғашқы симптомдар пайда болғанша білінбеуі де мүмкін,ол әдетте 14-16 күнге, кейде 10-21 күнге дейін созылуы ықтимал.

Желшешектің симптомдары: жоғарғы температура, әлсіздік және денеде көптеп таралған іші сұйықтыққа толы, қатты қышитын көпіршікті бөртпелердің пайда болуы. Бірнеше күннен кейін көпіршіктер жарылып, қабыршықталады және бір апта көлемінде жаңа көпіршіктер қайтадан пайда болады. Науқас өзінде қандай да бір белгілер пайда болғанға дейін вирусты тарата беруі мүмкін.

Асқынуы. Жоғарыда атағандай желшешек қауіп тудырмайды,бірақ кейбір адамдарда ауыр ағымда өтуі мүмкін. Ондай адамдарға жастар,үлкендер және иммундық жүйесінде ақауы бар кез келген адамдар (ЖИТС-пен ауыратындар немесе гормональды дәрілерді қабылдайтындар) жатады. Желшешектің ең көп тараған асқыныуына денедегі көпіршіктер айналасындағы теріні зақымдайтын бактериальды инфекцияның пайда болуы жатады, ол ары қарай өкпеге, сүйекке,тіпті қанға дейін таралады. Басқа да асқынуларына вирустық өкпе тінінң және бас миы тінінің қабынуы жатады.

Желшешектің емі науқастағы бөртпелердің таралуына, жоғарғы температураға және әлсіздікке қарсы бағытталалды .Желшешектің алдын алу мақсатында қарсы арнай вакцина қолданылады ол балаларға және әлі желшешекпен ауырмаған жастарға, үлкен кісілерге қолданылады.


Балалар мен нәрестелердің ауыз қуысындағы проблемалар
Дене қызуының көтерілуімен жалғасатын бөртпе
Баланың дене қызуының көтерілуімен жалғасатын бөртпе



Тегтер:

желшешек
бөрту
қышу
температура