Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Сізге бас мидың қатерлі ісігі жайлы не білу керек» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about brain cancer).

Бас миы

Ми – бұл жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ол бас сүйекпен және ми қабықшасы деп аталатын жұқа мембраналармен қапталған. Ми-жұлын сұйықтығы деп аталатын сулы сұйықтық мидың айналасын қоршап тұрады. Ми-жұлын сұйықтығы ми қабы мен қарынша деп аталатын ми қуысындағы бос жерлерде тұрады.

Нерв жасушаларының байланыстары арқылы ақпараттар мидан басқа мүшеге беріледі, және кері қайтады. Кейбір нервтер мидан тікелей көзге, құлаққа және өзге де бас мүшелеріне барады. Басқа нервтер жұлын арқылы ми мен дененің басқа бөліктерін жалғастырады. Бас ми мен жұлынның ішінде глиальді жасуша болады, ол жүйке жасушаларын қоршап тұрады, және олардың өз орнында мықты тұруына ықпал етеді.

Ми біздің саналы әрекеттерімізді басқарады (жүруімізді, сөйлеуімізді), сондай-ақ денеміздің қызметін, ойлануды қажет етпейтін жерлерімізге де (тыныс алу секілді) қатысы бар. Ми, сонымен қатар, біздің мүшелеріміздің сезімдерін де басқарады (көру, есту, түйсіну, дәм сезу және иіс сезу) есте сақтау, көңіл-күй, мінезіміздегі ерекшеліктерге дейін бәрі-бәрі мидың құзырында.

703 1

Мидың үш негізгі бөлігі іс-әрекеттің әрқандай түрлерін бақылайды:

• Ми сыңарлары (ми жартышары) – жартышарлар мидың ең үлкен бөлігі болып табылады. Олар жоғарғы жақта орналасқан. Олар біздің денеміздің айналасында не болып жатқандығын, сыртқы факторлар қалай игеріліп жатқандығы жайында басқа мүшелерден келетін ақпараттарды, сезімдерді пайдаланып, біздің болмысымызға білдіреді. Жартышар сондай-ақ біздің оқу мүмкіндігімізді, ойлануымызды, бірнәрсені ұғынуымызды, сөйлеу мен көңіл-күйімізді басқарады.

Ми екі жартышарға бөлінеді – оң және сол, әрқайсысы әртүрлі қажеттіліктерді игереді. Оң жақ жартышар ойлануды басқарса, сол жағы дененің қызметін реттейді. Сол жақ жартышар ойлануды басқарса, оң жағы денені бақылап тұрады.

• Мишық – Мишық мидың артқы бөлігінде, жартышардың астыңғы жағында орналасқан.Ол тепе-теңдік сезімін басқарады және қиын әрекеттерді, жүру және сөйлеу секілді әрекеттерді реттеп тұрады.
• Ми бағанасы – ми бағанасы ми мен жұлынды байланыстырады. Ол шөлдеу және ашырқану секілді сезімдерді бақылайды. Ол сондай-ақ тыныс алу процесін де, дененің қызуын да, артериялық қысым мен ағзаның басқа да негізгі функцияларын бақылайды.

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУ ЖАЙЫНДАҒЫ ТҮСІНІК

Қатерлі ісік тіндерді түзетін, құрылым элементтерінен, жасушалардан басталады. Тіндер мүшелерді түзеді.

Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.

Ісіктер залалды және залалсыз болып бөлінеді:

Залалсыз ісктерде қатерлі ісіктің категориялары болмайды.
• Залалсыз ісіктер өмірге көп қауіп төндіре бермейді.
• Әдетте залалсыз ісіктер жойылғаннан кейін қайта пайда болмайды.
• Залалсыз ісіктердің жасушалары ми тіндерінің айналасына өсіп шықпайды.
• Залалсыз ісіктің жасушалары басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне таралмайды.

Залалды ісіктер қатерілі ісікпен тікелей байланысты болып табылады.

• Залалды ісіктер залалсыздарға қарағанда салмақтырақ симптомдармен көрініс береді. Олар науқастың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.
• Залалды ісіктер көп жағдайда жойылады, бірақ қайта пайда болуы да мүмкін.
• Залалды ісіктер өзіне тиесілі мүшелер мен тіндерді зақымдауы мүмкін, немесе оларды ісітеді.
• Залалды ісіктердің жасушалары басқа мүшелер мен дене бөліктеріне таралады (метастазданады). Қатерлі ісік жасушалары таралып, өзімен байланысқан, қан ағымын немесе лимфа түйіндерді ісіте бастайды. Ісік жасушалары басқа мүшелерде дамиды, ол жерде мүшені зақымдайтын жаңа ісіктер түзеді. Басқа мүшелерге таралған қауіпті ісік жасушаларын метастаздар деп атайды, ал олардың таралу процессі метастаздану болып табылады.

Ісіктің жайылуы кезінде және басқа мүшелерге немесе дене бөліктерінде жаңа ісіктердің түзілуі кезінде олар аномальді жасушалар құрайды және олардың барлығын алғашқылық деп атайды. Мысалы, қуық асты безінің қатерлі ісігі сүйекке жайылса, ол қуық асты безінің метастаздануы болады, сүйектің қатерлі ісігі болып саналмайды. Егер ол осындай себептерден туындаса, сүйек ісігі емес, қуық асты безінің ісігі бойынша емделеді. Дәрігерлер бұлай туындаған ісіктерді кейде «дистантты» немесе метастатикалық ауру деп атайды.

МИ ІСІГІНІҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ

Дәрігерлер кейде ми ісігін даму сатысы бойынша топтайды – төменгісінен (І сатысы) жоғарғы сатысына дейін (ІV кезең). Ісіктің даму сатылары микроскоп арқылы, ісік жасушаларының сыртқы түрі бойынша анықталады. Жоғарғы сатыда дамыған ісік жасушалары басқаша болады және олар әдетте, төменгі сатыдағы ісік жасушаларына қарағанда тез үлкейеді.

Біріншілікті ми ісігі

Ісіктердің дамуы ми тіндерінен бастау алады.

Ми тіндерінің ісінуімен басталатын ісіктер біріншілікті ми ісіктері екені белгілі. (екіншілікті ми ісіктері жайында келесі бөлімдерде айтылады). Біріншілікті ісіктер жасушалардың түріне қарай немесе бастау алған ми бөліктеріне сәйкес өз атауларын алады.

Ең көп таралған біріншілікті ми ісігі болып глиомдар саналады. Олар глиальді жасушалардан бастау алады. Глиомдардың көптеген түрі бар:

• Астроцитома – астроцитамдар деп аталатын жұлдызша формасындағы глиальді жасушалардан дамитын ісік. Астроцитомалар үлкендердің миінің жартышарында көптеп дамиды. Ал балалардың ми бағаналарында, жартышарында және мишығында кездеседі . Астроцитоманың ІІІ сатысы әдетте, анапластикалық астроцитома деп аталады. Астроцитоманың ІV сатысы, әдетте, мультиформалы глиобластома деп аталады.
• Ми бағанасының глиомасы – бұл ісік мидің ең төменгі бөлігінде дамиды. Бағаналық глиомалар көбінесе жас балаларда және орта жастағы адамдарда жиі анықталып жатады.
• Эпендидома – жұлынның орталық арнасында немесе қарыншадағы төселген жасушаларда дамитын ісік. Бұл ісік түрі көбінесе балаларда және жас адамдарда кездеседі.
• Олигодендроглиома – бұл ісік сирек кездеседі. Ол жүйкені қорғап және жауып тұратын майды жинауға қатысатын жасушаларда дамиды. Мұнай ісіктер әдетте, мидың жартышарында кездеседі. Олар ақырын үлкейеді және мидың айналасындағы тіндерге аса тарала қоймайды. Олар көбінесе орта жастағы ересектер арасында жиі көрініс беріп жатады.

Кейбір ми ісіктерінің түрлері глиальді жасушалардан бастау алмайды. Ондайлардың көптеп таралғандары төменде көрсетілді:

• Медуллобластома – Бұл ісік әдетте мишықта дамиды. Бұл балалардың ми ісігінде көптеп кездеседі. Олар кейде, елеусіз нейроэктодермальді ісік деп аталады.
• Менингиома – бұл ісік ми қабында дамиды. Ол әдетте ақырындам үлкейеді.
• Шваннома - ісік шванномдық жасушаларда (лемоцтииер) дамиды. Бұл аталмыш жасушалар жүйкені жауып тұрады, тепе-теңдікті сақтауға және естуге ықпал етеді. Бұл нерв құлақтың ішіне орналасқан. Ісік те соған сәйкес, акустикалық нерв деп аталып кеткен. Ол көбінесе үлкен адамдарда кездеседі.
• Краниофарингиома – бұл ісік ми негізінде, гипофизбен бірге үлкейеді. Ісіктің бұл түрі көбінесе балаларда кездеседі.
• Эмбриондық – мидың жасушалы ісігі – ісік эмбриондық жасушада дамиды. Эмбриондық-жасушалы ми ісігі көбінессе 30 жасқа толмаған адамдар арасында көптеп кездеседі. Эмбриондық-жаушалы ми ісігінің барынша көп таралған түрі герминома болып табылады.
• Томпайған жердегі ісік – бұл сирек кездесетін ми ісігі, ол домалақ безде пайда болады немесе оның жанында туындайды. Домалақ без жартышар мен мишықтың арасында орналасқан.

Екіншілікті ми ісігі

Қашан қатерлі ісік өзінің алғашқы пайда болған жерінен дененің басқа жеріне ауытқи бастағанда, жаңа ісіктерде , біріншілікті ісік секілді аномальді жасушалар құрай бастайды. Мида дененің басқа жерінен шапқан қатерлі ісік, біріншілікті ісіктен өзгешелене бастайды. Егер қатерлі ісік жасушалары мида басқа мүшелерге (мысалы, өкпеден, сүт безінен) таралып бара жатса, дәрігерлер мидағы ісікті екіншілікті немесе метастатикалық ісік деп тағайындайды. Екіншілікті ми ісігі, біріншіліктіден қарағанда едәуір кең таралған.

МИДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ҚАУІП ТУДЫРАТЫН ФАКТОРЛАРЫ

Мидың қатерлі ісігін тудыратын нақты себептер ешкімге де белгілі емес. Дәрігерлер ұзақтан бері ми ісігінің кей біреулерде дамып, ал кейбіреулерде дамымайтындығының не үшін екендігін түсіндіре алмайды. Тек бір белгілісі ми ісігі – жұқпалы емес. Бұл аурудың басқа адамдарға жұғуы мүмкін емес.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша адамдар белгілі бір қауіпті факторлардың әсерінен зақымданса, оларда ми ісігінің түзілу бейімділігі арта түсетін көрінеді. Барлық қауіпті факторлар адамның ісік ауруының дамуына соқтыруы мүмкін. Төменде көрсетілген қауіп факторлары адамның біріншілікті ми ісігінің дамуымен байланысты:

• Ер адамдарға қатысты – ми ісігі толығымен, көбінесе әйелдерден қарағанда, ер адамдарда жиі кездеседі. Негізі менингиомадан көбінесе әйелдерге тиесілі.
• Нәсілге қатысты – ісіктер көбінесе басқа нәсілдердің өкілдеріне қарағанда ақ нәсілділерде жиі кездесетін көрінеді.
• Жас мөлшеріне қатысты – ми ісігінің көбінесе 70 жастан асқан қарттарда анықталып жатады. Және де екінші орында, ми ісігіне байланысды онкологиялық ауруларға ұшырап жататын балалар екен. (лейкемия – балаларда ең көп кездесетін ісік ауруы). Балаларда кездесетін ми ісігі көбінесе 8 жастан кіші балаларда орын алады екен.
• Отбасына қатысты – отбасында глиоммен ауыратын адам болса, онда ол жанұяда да ісік ауруының даму қаупі болады.
• Радиацияның әсері немесе жұмыстағы белгілі бір химилық заттың салдарына қатысты:
o Радиация- ядролық өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер зақымданып, ми ісігі ауруына шалдығуы мүмкін.
o Формальдегид – потологанатомдар және фармальдегидпен балзамдау болйынша жұмыс істейтін мамандар мидың қатерлі ісігі дамитын топтардың қатарында болып саналады. Ғалымдар формальдегидтің әсерінен басқа, өнеркәсіптік орындарда жұмыс істейтіндердің арасынан ми ісігіне соқтыратын қауіптілікті анықтамапты.
o Хлорлы винил – пластик дайындайтын жұмыскерлер хлорлы винилдің әсеріне тап болуышылар болуы мүмкін. Бұл химиялық зат ми ісігін дамытушы қауіп болуы мүмкін.
o Акрилонирил – мата және пластик өндіретіндер акрилонитрилдің әсеріне ұрынушылар болуы мүмкін. Бұл химиялық заттан адамдарда ми ісігі дамуы мүмкін.

Ғалымдар қалта телефоны мидың ісігін дамытуы мүмкін бе деген сұрақтың жауабын іздеуде. Бірақ бұл теорияға қатысты зерттеу нәтижелері әлі аяқтала қоймады. Қазіргі уақытқа дейін ғалымдар басынан жарақат алған адамның ми ісігі дамуы мүмкін деген нақты фактіге қол жеткізе алмады.

Кейде осы аталмыш топтардың ішінде болған жандар қатерлі ісік ауруымен ауырмайды. Басқа жағынан қарасаң, көптеген осы аурумен ауыратын науқастар бұл қауіптілік факторына кірмейтіндер болып шығады. Егер сіз өзіңізді «белгілі бір ауру қауіптілігі бар топтар қатарындамын» деп есептесеңіз, оны алдымен дәрігеріңізбен кеңесіп шешіп алғаныңыз жөн. Дәрігер сізге қауіптіліктің алдын қалай алу керек, және тұрақты тексерілу графигін қалай түзу керектігін реттеп береді.

МИДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ СИМПТОМДАРЫ

Ми ісігінің симптомдары олардың көлеміне, түріне және орналасу орнына байланысты болады. Симптомдар ісіктің жүйкені қысуымен немесе мидің белгілі бір жерінің зақымдануымен туындауы мүмкін. Олар сондай-ақ мидің ісінуімен немесе бас сүйектің қуысына сұйықтықтың жиналуымен көрініс беруі мүмкін. Ми ісігінің барынша көп таралған симптомдары төмеде көрсетілді:

• Бастың ауруы (әдетте таң ертеңгісін қатты ауырады);
• Жүрек айну немесе құсу;
• Сөйлеу, көру, есту жүйесі өзгереді;
• Жүргенде тепе-теңдікті сақтау қиынға оғады;
• Көңіл-күйі тұрақсызданады, кейбір жайттарды бір-бірімен байланыстыра алмай қалып жатады;
• Есте сақтау қабілеті нашарлайды;
• Тырыспа пайда болады, және бұлшықеттері өзіне бағынбай қалады (пароксизмалар немесе конвульсиялар)
• Қол мен аяқтың ұюы немесе терлей беруі.

Бұл симптомдар тек ми ісігі үшін болуы міндетті емес. Олар сондай-ақ, басқа да жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Егер осы симптомдардың қайсы біреуі болмасын сізде туындаса, онда дәрігермен жағдайыңыз жайында ақылдасып алыңыз. Тек дәрігер ғана диагноз қойып, ем тағайындайтынын естен шығармаңыз.

МИДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Адамда симптомдар пайда болған кезде, ми ісігі болуы мүмкін деген күмән болса, дәрігер бір немесе бірнеше төмендегідей шараларды тағайындауы мүмкін:

• Тексеру – Дәрігер денсаулықтың жалпы жағдайын қарайды.
• Неврологиялық тексеріс – Дәрігер науқастың зейінділік сатыларын, бұлшықееттік күшін, координациясын, ауруға рефлекциясы мен реакциясын анықтайды. Сондай-ақ дәрігер көзді қарайды, мидің көзбен байланысын, жүйкені қысуын, ісік тудыруын т.б. жайттарды тексереді.
• Компьютерлі томография (КТ) – компьютерге жалғанған рентген құрылғысының көмегімен бас сүйек кескіндемесінің сериялары жасалады. Науқас миының анық кескіндемесін алу үшін оған арнайы қарама-қарсы заттық инекция салдырылады. Кескінде мидағы ісіктің суреті берілуі мүмкін.
• Ядролы магниттік резонанс (ЯМР) – компьютерге жалғанған мықты магнит дененің ішкі бөлігінің жеке кескінін анық түсіріп береді. Бұл кескіндер монитордан қаралады және қағазға басылып шығуы да мүмкін. Кейде ми тіндерін жеке белгілеп алу үшін контрасты заттар ішке енгізіледі. Кескіннен ісікті немесе мидағы басқа да мәселелерді көруге болады.
Дәрігер төмендегіідей тексерулердің басқа да түрлерін тағайындауы мүмкін:
• Ангиограмма – бұл контасты зат, қан ағысына енгізіледі, ол мидің тамырларына түседі, және оларды ренгенограммадан көрінетіндей етеді. Ісік болса, дәрігер оны ренгендік кескіннен көре алады.
• Бас сүйек ренгенограммасы – ми ісіктерінің кейбір түрлері мида калцидің түзілуіне себеп болады немесе бас сүйекті өзгертуі мүмкін. Ренгенограмманың көмегімен дәрігер, бұл өзгерістерді анықтайды
• Жұлындық пункция – дәрігер жұлын сұйықтығының үлгісін алуы мүмкін (бас сүйектік ішіндегі және ми мен жұлынның айналасындағы). Бұл ем-шара жергілікті анестези кезінде жүзеге асады. Дәрігер жұлын арнасынан сұйықтық жинау үшін ұзын, жіңішке инені пайаланады. Жұлындық пункция 30 минутқа жуық уақыт алады. Науқас пункциядан кейін басы ауырмас үшін бірнеше сағат жата тұруы керек. Зертханада сұйықтықта рак жасушасы бар ма, әлде басқа да мәселелердің белгілері бар ма, соны зерттейді.
• Мелиограмма – жұлынға жасалатын ретгенологиялық тексеру. Жұлын сұйықтығына арналған иньекцияланатын контрасты зат, жұлындық пункция өндіріледі. Контрасты зат жұлын сұйықтығына араласу үшін науқас жүрелеп, басын төмен салбыратып отырады. Бұл тексеру арқылы дәрігер жұлындағы ісікті анықтайды.
• Биопсия – анықталған ісік жасушаларындағы тіндердің үлгілерін жоятын әдіс. Биопсия қатерлі ісікке айнала бастаған тіндерге, сондай-ақ басқа да жағдайларға қолданылады. Биопсия ми ісігіне диагноз қоюдың бірден-бір сенімді әдісі болып табылады.
Ісік жасушаларын анықтау үшін хирургтар, тінді үш тәсілмен алуы мүмкін:
• Инелі биопсия – Хирург бас терісін аздап тіледі және сүйекті бұрғылап кішкентай саңлау жасайды. Мұны трепанациялық саңлау деп атайды. Дәрігер инені трепанационды саңлау арқылы сұғып ми ісігіндегі тіннің үлгісін алады.
• Стереотактикалық биопсия – Компютерлі томография немесе ЯМР сяқты құрылғының көмегімен сурет кескін алады, ине трепанационды саңлау арқылы ісік орналасқан жерге кіргізіледі. Хирург иненің көмегімен тін үлгісін тартып алады.
• Емдеумен қатар жүретін биопсия – Кейде хирург ісікті жою барысында операция жасап жатқан кезде тін үлгісін алады.

Кейде биопсияны алу мүмкін болмай қалады. Егер ісік ми бағанасына немесе басқа да бір белгілі орынға жайғасып алса, хирург басқа сау тіндерді зақымдап алмас үшін, ісік тінінің үлгін ала алмайды. Ол кезде дәрігер сурет кескінін алу үшін ЯМР, КТ немесе басқа да тәсілдерді қолданып көруі мүмкін.

МИДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ЕМДЕЛУІ

Көптеген ми ісігі бар науқастар біркелкі медициналық күтім алу үшін нақты шешім қабылдап, ем-шараға белсенді түрде атсалысады. Олар өз аурулары жайында бәрін біліп алғысы келеді және емделунің нұсқаларымен де танысуды қалайды. Бірақ, кейбір адамдар өздерінде қатерлі ісік бар деген диагноз қойылғанда есеңгіреп, күйзеліске ұшырап жатады. Соның салдарынан ойын жинақтай алмай, дәрігерге қажетті сұрақтарын қоя алмай қалады. Дәрігер қабылдауына бармас бұрын сұрақтар тізімін түзіп алса, көптеген мәселенің басын ашып алуға көмегі тиеді. Науқас дәрігердің не айтқандарын толығымен есте сақтауп алу үшін шамасы келгенше жазып алғаны жөн, немесе дәрігердің рұхсатымен диктофон қолданса да болады. Кейбір науқастар дәрігер қабылдауына барған кезде айтылған әңгімелерді түсініп, толық игеру үшін қасында туысы немесе досының болғанын қалайды.

Дәрігер науқасты арнайы маманға бағыттауы мүмкін, немесе науқас өзі сол бағытқа сұрануы мүмкін. Ми ісігін емдеумен айналысатын мамандар: нейрохирургтар, нейроонкологтар, онкологтар және онкологи-радиологтар. Немесе науқас сондай бір командада жұмыс істейтін басқа дәрігерге жолдануы мүмкін. Ондай медициналық команда медбикелер, диетологтар, ментальді денсаулық бойынша кеңесшілер, әлеуметтік жұмысшылар, физиотерапевтер, терапевтер және логопедтер болуы мүмкін. Балаларға оқуына көмек беру үшін репетиторлар да пайдасын тигізеді.

Емге дайындалу

Дәрігер емделудің нұсқаларын айтуы мүмкін және олардың әрқайсысының күтілетін нәтижесі жайында да сөз қозғалады. Науқастың қажеттілігіне қарай дәрігер мен науқас арасында емделудің ортақ жоспары жасалуы мүмкін.

Емделу факторлардың қатарына, түріне, орналасуына, ісіктің көлемі мен даму сатысына байланысты болады. Ми ісігінің кейбір түрлері кезінде дәрігерге алдымен ісіктің қайдан бастау алып тұрғанын білуі маңызды, мысалы, ісік жасушалары жұлын сұйықтығнда ма деген секілді.

Адамдарға кез-келген барлық сұрақтарын қоюдың немесе барлық жауапты бірден түсінудің қажеті жоқ. Оларда алдағы уақытта түсінбеген сұрақтарын дәрігерге қайта қоюға немесе қосымша ақпараттар алуға мүмкіндік туады.

Емдеу әдістері

Ми ісігі бар науқастар үшін емделудің бірнеше нұсқасы бар. Науқастың ісіктерінің түрі мен сатысына қарай, хирургиялық ем жүргізілуі мүмкін, сәуле терапиясы немесе химиотерапия қолданылуы ықтимат. Кейбір жағдайларда ауруларға кешенді ем тағайындалады. Жалпы, науқастарға аурудың кез-келген сатысы бойынша ем жүргізілуі мүмкін, ол мынадай шаралармен толығады: ауруды бақылауға алу, қатерлі ісіктің басқа симптомдарын анықтау, терапияның жанама әсерін төмендету, сондай-ақ эмоциялық мәселелерді шешу т.б. Емдеудің мұндай түрлер симптодық, зақымдық немесе паллиативтілік күтімдер деп аталады.

Ең жақсысы, дәрігердің өзі емделудің нұсқалары жайында айтып, олардың нәтижесі туралы түсіндіріп бергені.

Көптеген ми ісігі үшін хирургиялық операция ең көп қолданылатын ем болып табылады. Жабық бас сүйекке жасалатын операция краниотомия деп аталады. Ол жалпы наркозбен жүргізіледі. операцияның адында бас терісін тырады. Содан дәрігер теріні тіледі және бас сүйектің бөлігін жою үшін арнайы араны қолданады. Бөлікті немесе барлық ісікті жойғаннан кейін хирург бас сүйектің арамен кесіп алынған бөлігімен немесе арнайы металдан немесе матадан жасалған пластинамен саңлауды жабады. Одан кейін хирург бас сүйек терісіндегі тілікті тігеді.

Кейде хирургиялық жолмен емдеу мүмкін болмай қалады. Егер ісік ми бағаналарына немесе мидің белгілі бір жеріне орналасып алса, хирург басқа сау тіндерді зақымдап алуым мүмкін деген қауіппен операция жасаудан бас тартады. Операция жүргізуге келмейтін науқастарға сәуле терапиясы немесе емдеудің басқа түрледі қолданылады.

Сәуле терапиясы (радиотерапия деп те аталады) ісік жасушаларын жою үшін, жоғарыэнергия көзі сәулесін пайдаланады. Радиацияның қайнар көзі – рентген сәулесі, гамма сәулесі немесе протондар болуы мүмкін. Үлкен құрылғы радиацианы ісікке және тіндерге жақын бағыттайды. Кейде радиация түгелдей миға немесе жұлынға бағытталады.
Әдетте сәуле терапиясы операциядан кейін жүзеге асырылады. Радиация ісіктің айналасында қалып қойған жасушаларды жояды. Кейде радиация терапиясы, хирургиялық операция жасауға мүмкін емес ауруларға қолданылады. Сәуле терапиясы емханада немесе клиникада жасалады. Емдеу күнтізбесі ісіктің түріне, көлеміне, сондай-ақ науқастың жасына байланысты түзіледі. Әр ем-шара бір-неше минутқа созылады.

Дәрігер ісік маңындағы сау тіндерді қорғау үшін мынадай қауіпсіздік шараларын қолданады:

Фракциялау. Сәуле терапиясы бір-неше аптаға созылып, аптасына тек 5 күн өткізіледі. Бөлшептеп тағайындау. Радиацияның барлық мөлшерін узақ уақытқа созып емдеу, ісік маңындағы сау тіндердің амандығына кепіл болады.
Гиперфракциялау. Науқас радиацияның бір күнде берілетен мөлшерін, екі-үш күнге бөліп қолданады.
Стереотактикалық сәуле терапиясы. Радиацияның шіңішке сәулелері ісіктің әр бұрышына бағыталады. Бұл ем-шара кезінде, науқас басына бүгілмейтін жиектемені кийіп алады. МЯР немесе КТ-ның түсірмесі ісіктің дәл жайылған орнының суретін түсіріп береді. Дәрігер компютер арқылы радиацияның қажетті мөлшерін, сондай-ақ өлшемін және радиациялық сәуленің бұрыштарын анықтайды. Емдеу шаралары дәрігердің бір рет қабылдауында жүзеге асырылуы мүмкін немесе бірнеше сеансында жүргізіледі.
3 өлшемді конформды радиациялық терапия. Компьютер ісіктің үш өлшемді суретін және айналасындағы тіндерін көрсетеді. Дәрігер ісіктің қайталанған нысанын дәл білу үшін, көптеген радиация сәулелерін бағыттайды. Тамаша радиациялық фокус мидың сау тіндерін қорғайды.
Протон сәулелерімен жасалған радиациялық терапия. Бұл радиация рентген сәулелерін бөлмейді, протон сәулелерін бөледі. Дәрігер протон сәулелерін ісікке бағыттайды. Протондар сау тіндерді зақымдамай өтетін қасиетке ие.

Химиотерапия – қатерлі ісік клеткаларын дәрі-дәрмектермен жояды. Оларды көбінесе мидағы ісікті емдеуге қолданады. Препараттарды ішу арқылы немесе инекция түрінде енгізеді. Қай жағдайда болмасын олар, қан құрамына еніп, барлық ағзаға таралады. Дәрі-дәрмектер қолдану циклына қарай былай сипатталады: емделу қаншалықты дұрыс болса, жазылу да соған байланысты болып келеді.

Химиотерапияны емханада, дарігер кабинетінде немесе үй жағдайында да қолданылады. Науқастың емханаға жатқызылуы сирек болатын жағдай. Ересек адамдарға қарағанда, жас балаларға химиятерапияны жиі қолданады. Дегенмен операция жасалғаннан кейін немесе сәуле терапиясынан кейін ересектерге химиятерапиясын жүргізуі мүмкін. Кейбір адамдарда қайталана беретін ми қатерлі ісікі болады. Дәрігер ондай ісікті алып тастап, орнына химиотерапевтикалық бірнеше пластиналар орнатады. Әр пластина 10 центтің өлшеміне тең. Біраз аптадан соң, пластинадағы дәрілік заттар миға сіңіп, қатерлі ісік клекаларын жоя бастайды.

МИ ІСІКТЕРІН ЕМДЕУДЕГІ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕР

Ем қолдану барысында, сау клеткалар зақымданады. Бұл жанама әсерлерді жиі тудырады. Жанама әсерлердің пайда болуы, әр түрлі факторларға, сонымен қатар ісіктің түріне, қабылдаған ем көлеміне байланысты болуы мүмкін. Емдеу курстары ауысқан сайын әр науқаста әр түрлі жанама әсерлер пайда болып жатады. Емделудің алдында медқызметкерлер командасының мүшелері жанама әсерлер туралы айтып, науқасқа онымен күресудің жолдарын ұсынады.

Хирургиялық емделудегі жанама әсерлер

Операция жасалғаннан кейін алғашқы күндері науқастың жиі басы ауырып, өздерін жайсыз сезінуі мүмкін. Дегенмен, ол кезде ауруды басу үшін дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. Тіпті керек болса, науқас дәрігермен немесе медбикемен ауруды басу үшін не істеу керектігін ақылдасса да болады.

Тағы бір айта кетерлігі, науқас ылғи өзін әлсіз сезініп, шаршай береді. Әр науқастың операциядан кейін сауығып кетуі үшін ең алдымен біраз уақыт керек. Басқа да, көптеген мәселелер орынға келіп тіреледі.

Ми-жұлын сұйықтығы немесе қан бастағы миға шабуы мүмкін. Мұндай жағдай – ісіну деп аталады. Дәрігерлер науқастың бойында мұндай мәселенің орын алмауын қатты қадағалайды. Ісіктің кішірейуші үшін науқас стеройдты дәрілерді қабылдауы мүмкін.
Сұйықтықты бөлу үшін екінші рет операция жасалуы мүмкін. Хирург ми қатпаршасына ұзын жіңішке түтікшені (шунт) орнатады. Түтікше терінің астымен, дененің басқа бөлігіне жүргізіледі, әдетте ол құрсақ қуысымен жүргізіледі. Мидан артық сұйықтық бөлініп, құрсақ қуысы құрғайды. Кейде оның орнына сұйықтық жүректе дренаждалады.

Инфекция – бұл хирургиялық операциядан кейін дамуы ықтимал тағы бір мәселе. Мұндай жағдайда дәрігерлер науқасқа антибиотиктер тағайындайды.

Миға операция жасалғанда сау тіндер зақымдануы мүмкін. Мидың бұлай зақымдануы қауіпті мәселе болып есептеледі. Ол кезде науқастың бұлшық еттерінде, көру жүйесінде, сөйлеуінде кәдімгідей ауытқулар болуы ықтимал. Ондай жағдайда науқаста тырысу немесе біраз өзгерістер пайда болады. Көбінесе бұл симптомдар азайып, уақыт өте келе жоғалады. Бірақ кейде зақымданулар, мидағы ауытқулар қалыпты сипатқа ие болады. Ауруларға физиотерапия да қажет болуы мүмкін, логопед немесе басқа дәрігер маманы да көмектесе алады.

Сәуле терапиясымен емделудегі жанама әсерлер

Кейбір науқастар емделгеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде жүрек айнуы сақталып, кетпей қояды. Дәрігерлер науқасқа бұл проблемамен қалай күресу керектігін айта алады. Сәуле терапиясы да кейде бүкіл емделу барысында науқасты қатты қалжыратады. Мұндайда демалу да маңызды, бірақ дәрігер науқасқа мүмкіндігінше белсенді болу керектігін айтады.

Тағы бір айта кетерлігі, сәуле терапиясы көбінесе шаштың түсуіне себепкер болады. Алайда шашатар бірнеше айлан кейін қайта өседі. Сәуле терапиясы теріге де айтарлықтай әсер етеді. Бас терісі мен құлақтар қызарып, құрғайды және сезімтал болып кетеді. Медицина қызметкерлері бұл мәселелердің шешу жолдарын айтуы мүмкін. Кейде сәуле терапиясының әсерінен ми тіндері бөртіп кетеді. Дәрігерлер ауруды тексеріп мұндай симптомдардың мұндай жағдайда орын алмауын қадағалау керек. Аурудың өзін жақсы сезінуін дамыту үшін, емдік дәрі-дәрмектер ұсынылады.

Радиация кейде мидың сау жасушаларын жойып жібереді. Бұл жанама әсер – радиациялық некроз деп аталады. Мұндай симптомдар басты ауыртады, денені тырыстырып, тіпті науқастың өліміне себепкер болады.

Радиациялық сәулелендіру балаларда гипофиза немесе мидың басқа бөлігінің зақымдануына себепкер болады. Бұл олардың оқуында үлкен проблема болуы мүмкін немесе бойы мен өсімі баяулап қалады. Бұдан басқа, бала кезде сәулелендіру оның болашақ өмірінде екіншілікті ми ісігінің пайда болу қаупін туындатады. Ғалымдар кішкентай баланың ми ісігіне химиотерапияны сәуле терапиясымен бірге қолданудың мүмкіншілігін үйренуде.

Химиотерапиядағы жанама әсерлер

Химиотерапияның жанама әсері негізінен қолданған дәрілік заттарға байланысты болады. Жанама әсердің айрықша белгілері: қызу көтеріледі және қалтырайды, құсып, тәбет жоғалады және әлсіздік пайда болады. Кейбір жанама әсерлер дәрінің көмегімен азаяды.

Дәрілермен қамтамассыз етілетін имплантты (пластиналы) науқастар, хирургиялық емді бірге алғаннан кейін инфекция симптомдары басып кетпеу үшін дәрігердің қарауында болады. Ауруда инфекция болған жағдайда оған антибиотик тағайындалады.

ҚОСЫМША ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ МЕДИЦИНА

Кейбір қатерлі ісікке шалдыққандар қосымша және альтернативті медицинаның әдістерін оңтайлы деп санайды:

Қосымша әдістер хмиотерапия және радиотерапия сияқты ми ісіген емдеуге арналған стандартты емдеу түрлерімен қатар қолданылады. Альтернативті әдіс – стандартты емдеу әдістерінің орынына қолданылады.

Акупунктура (инетерапиясы), емдік массаж, шөп өнімдері, дәрумендер немесе арнайы диета, сонымен қатар, визуализация, медитация және түрлі рухани емдер қосымша немесе альретнативті медицинаға жатады.

Кейбір онкологиялық аурулар қосымша немесе альтернативті терапияның арқасында өздерін едәуір жақсы ссезініп қалатындығын айтып жүр. Және бір айта кетерлігі, қосымша және альтернативті медицина химиотерапия мен радиотерапияның кейбір механизмдерінің әсерін өзгертеді. Бұл өзгерістер ауруға айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін. Бұдан басқа, қосымша және альтернативті медицина, тіпті жеке қолданылса да өздігінен зиянын тигізіп қоюы да ғажап емес. Кейбір қосымша және альтернативті медицинаның түрлері қымбат тұратын болып келеді.

НАУҚАСТАРДЫҢ КҮТІМІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Қатерлі ісік секілді күрделі аурумен өмір сүру оңай емес. Кейбір адамдарға бұл аурумен байланысты эмоциялық және практикалық проблемаларын шешу үшін көмек қажет. Ондай жағдайда ауруға қандай жағынан болсын көмек қолын созса да пайдалы болмақ. Бұл ұйғарым әсіресе батыс жақта жақсы дамыған. Қатерлі ісікпен ауыратындар мен аталмыш топтар бас қосып тұрады, әрқайсысы өз жағдайымен бөлісіп, кейбіреуделі емделу үшін өзіне пайдалы кеңес алып қайтып жатады.

Онкологиялық ауруы бар адамдар өз отбасы жайлы көп ойлайды, өзінің жұмыс орнының сақталуын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін жиі уайымдап жүреді. Ондай ауру адамдарға барынша сабыр сақтап жүрген дұрыс, оларға емделетіні жайында, емханада алаңсыз болуы керектігі жайында, медициналық көмекті барынша дұрыс қолдану керектігі жайында әңгімелесіп тұрған жүрген жөн. Онкологиялық аурулардың көптеген сұрақтарына әдетте медицина қызметкерлері жауап береді.

Аурудың сатыларына қарамастан қатерлі ісікке шалдыққан адамдар өзін мазалаған мәселенің алдын алу үшін алдымен жақсылап күтіну керек. Ол үшін өзіне жайлы жағдай жасап, емделу барысында өмір сүру сапасын жақсарту керек. Науқас ауруын емдеу барысында және ми ісіктерінің басқа симптомдары пайда болмас үшін өзін бір қалыпта ұстап, терапияның жанама әсерлерінің азайуын қадағалап, сондай-ақ көңіл-күйіндегі ауытқуларды шешіп алғаны жөн.

Ми ісігімен ауратын адамдарды күтімілдеудің мынадай түрлері барынша кең таралған:

Стеройдты дәрі-дәрмектер. Ми ісігі бар науқастардың көпшілігіне ісіктің кішірейуі үшін қолданылады.
Антиконвульсанттар. Ми ісігі адамның тырысып қалуына себепкер болады. Оның алдын алу үшін немесе бақылауда ұстау үшін науқас тырысуға қарсы дәрілерді қабылдау керек.
Анастомоз (шунт). Миға сұйықтық жиналған жағдайда хирург оны шығару үшін анастомаз (шунт) орнатады.

Ауруын асқындырмас үшін көптеген науқастар емделу мен қатар күтімілденуді қолға алады. Ал кейбіреулер тек күтімілденіп, симтомдарды бақылау үшін ісікке қарсы терапияны қолданбайды.

НАУҚАСТАРДЫҢ КҮТІМІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Онкологиялық аурулардың өзін өзі күтінгені аа маңызды болып табылады. Ол үшін жақсы тамақтанып, жеткілікті түрде белсенді қозғалыс жасау керек.

Онкологиялық аурулар салмағын тұрақты ұтап тұру үшін нәуызы бай тағамдармен қоректенуі керек. Әсіресе ағуызы мол тағамдарды пайдаланғаны абзал. Жақсы тамақтану арқылы өзін-өзі жақсы сезінеді және көп энергия алады. Себебі, онкологиялық аурулардың емделген кезде немесе емделгеннен кейін тәбеті нашарлап кетеді. Олар өзін делсал сезінеді немесе шаршаңқы жүреді, не болмаса, дәм сезуі өзгеріп кетеді. Бұдан басқа, емдеудің жанама әсерлері (тәбетінің нашарлауы, жүрегі айнуы, құсуы немесе аузының қышуы сияқты) салмақты мәселелерді туындатуы мүмкін. Дәрігер, диетолог немесе басқа да медициналық қызметкерлер тамақтануға байланысты мәсселелерді шешуге көмектесуі мүмкін. Көптеген адамдар салауатты өмір салтын сақтау арқылы өзін кәдімгідей жақсы сезініп жүреді. Жүру, йогамен айналысу, жүзу, және осындай спорттардың біраз түрлері күштің сақталуына және энергияны тұрақты ұстауға және өмірлік тонусты көтеруге ықпал етеді. Жаттығулар емделу процесінде жүрек айну, ауру секілді жағдайларды жеңілдетеді. Олар сондай-ақ, күйзелістен айығуға да көмек береді. Десе де, физикалық жүктеме жайында дәрігермен кеңесіп алудың маңызы зор болмақ. Егер физикалық жүктемеден ауру немесе басқа да мәселелер туындап жатса, ол жайында міндетті түрде дәрігерге хабарлау керек, дәрігер аталмыш жаттығулардың басқаша түрлеріне бағыттауы мүмкін.

РЕАБИЛИТАЦИЯ

Реабилитация – емдеу жоспарының ең маңызды бөлігі болап табылады. Реабилитацияның мақсаты адамның қажеттілігіне қарай және ісіктің науқасқа күнделікті қалай әсер етеуіне байланысты қолданылады. Науқастың қалыпты өмірге тезірек оралуына көмектесу үшін дәрігерлер барлық мүмкіндіктерді қарастырады. Мынадай мамандардың көмегі қажет болуы ықтимал:

• Физиотерапевтер. Мидағы ісіктен және оны емдеу барысында науқас сал болып қалуы мүмкін. Сондай-ақ олар адамның әлсіреуіне және тепе-теңдік сезімін сақтауда мәселелер тудыруы мүмкін. Физиотерапевтер науқастардың күш жинап, тепе-теңдікті қайта қалпына келтіруіне көмектеседі.
• Логопедтер. Логопедтер науқас жандардың сөйлеудегі проблемаларын шешіп, ойларын толық айтып жеткізе алуына көмектеседі.
Ми ісігіне шалдыққан балаларда ерекше мұқтаждықтар болуы мүмкін. Кейде оларға үйде де, ауруханада да репетиторлары болады. Үлгерімі нашар немесе есте сақтау қабілетінде проблемалары бар балаларға репетиторлар немесе мектептен кейін арнайы сабақтар өткізілуі керек.

АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ КҮТІМ

Ми ісігінен емделгеннен кейін тұрақты күтімілдену өте маңызды. Дәрігерлер ісіктіктің қайталанбайтынына көз жеткізу үшін егжей-тегжейлі тексерулер жүргізеді. Ол үшін физикалық тұрғыдан және неврологиялық тұрғыдан тексерулер өткізеді. Науқасқа уақытына қарай МЯР немесе КТ тағайындалады. Егер, науқаста анастомаз орнатылған болса, дәрігер оынң қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды. Дәрігер алдғы уақыттағы күтімілдену жоспарын айтып, науқасқа қай уақыттарда келу керек, және қандай анализдер тапсыру керек екендігін түсіндіреді.

МИДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ЕМДЕЙТІН КЛИНИКАЛАР

• Ұлттық медициналық холдингтің нейрохирургия орталығы
• РФ АМН Бурденко атындағы НИИ нерохирургиясы
• Онкологиялық және радиологиялық Қазақ институты
• Тұрғылықты мекен-жай бойынша онкологиялық диспансерлер
• Германиядағы Фрайбург қаласындағы университеттік клиника
• Түркиядағы Анадолу клиникасы
• Түркиядағы Аджибадем клиникасы
• Израильдағы Шемер медициналық орталығы
• Израильдағы Шиба емханасы
• Монте-Карлодағы LifeChtck диагностикасы
• Сингапурдағы Парквей клиникасы
• Оңтүстік Кореядағы Асан емханаы