Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Сізге асқазанның қатерлі ісігі жайлы не білу керек» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about stomach cancer).

АСҚАЗАН

Асқазан ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ол қабырға аралығы, іштің жоғарғы бөлігіне орналасқан толық бір мүше болып табылады.

657 1

Асқазанның қабырғасы 5 қабаттан тұрады:

• Ішкі қабат (шырышты): Бұл қабатта ас қорытатын сөлді өндіретін ас қорыту бездері орналасқан. Асқазанның көптеген қатерлі ісігінің түрлері осы қабаттан басталады.
• Шырышасты қабаты: оның негіз қызметі асқазанның шырышты қабатына анатомиялық демеу беру болып табылады.
• Бұлшықеттік қабат: бұл асқазан бұлшық еттері, олар тарылады, ішілген тамақты қорыту үшін асқазанның толқи жиырылуын тудырады.
• Сірліасты қабаты: Сыртқы қабатқа анатомиялық демеу беретін негізгі функцияны атқарады.
• Сыртқы (сірлі) қабық: Сыртқы қабық асқазанды жауып тұрады және оның құрсақ қуысында фиксациялық орналасуына жағдай жасайды.

Тамақ (ас) өңеш арқылы өтіп, асқазанда шайқалады. Асқазан сұйықтық консистенциясын шығарғанда тамақ дымқылданады және уатылады. Содан кейін асқазанда жиналғандар ары қарай қорытылу процессін жалғастыру үшін аш ішекке түседі.

Қатерлі ісік деген не?

Қатерлі ісік тіндер түзетін, құрама элементтер жасушаларынан бастау алады. Тіндер мүшелерді түзеді.

Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.

Ісіктер залалды және залалсыз болып бөлінеді:

Залалсыз ісктерде қатерлі ісіктің категориялары болмайды.

• Залалсыз ісіктер өмірге көп қауіп төндіре бермейді.
• Әдетте залалсыз ісіктер жойылғаннан кейін қайта пайда болмайды.
• Залалсыз ісіктердің жасушалары ми тіндерінің айналасына өсіп шықпайды.
• Залалсыз ісіктің жасушалары басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне таралмайды.

Залалды ісіктер қатерлі ісікпен тікелей байланысты болып табылады.

• Залалды ісіктер залалсыздарға қарағанда салмақтырақ симптомдармен көрініс береді. Олар науқастың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.
• Залалды ісіктер көп жағдайда жойылады, бірақ қайта пайда болуы да мүмкін.
• Залалды ісіктер өзіне тиесілі мүшелер мен тіндерді зақымдауы мүмкін, немесе оларды ісітеді.
• Залалды ісіктердің жасушалары басқа мүшелер мен дене бөліктеріне таралады (метастазданады). Қатерлі ісік жасушалары таралып, өзімен байланысқан, қан ағымын немесе лимфа түйіндерді ісіте бастайды. Ісік жасушалары басқа мүшелерде дамиды, ол жерде мүшені зақымдайтын жаңа ісіктер түзеді. Басқа мүшелерге таралған қауіпті ісік жасушаларын метастаздар деп атайды, ал олардың таралу процессі метастаздану болып табылады.

Ісіктің жайылуы кезінде және басқа мүшелерге немесе дене бөліктерінде жаңа ісіктердің түзілуі кезінде олар аномальді жасушалар құрайды және олардың барлығын алғашқылық деп атайды. Мысалы, қуық асты безінің қатерлі ісігі сүйекке жайылса, ол қуық асты безінің метастаздануы болады, сүйектің қатерлі ісігі болып саналмайды. Егер ол осындай себептерден туындаса, сүйек ісігі емес, қуық асты безінің ісігі бойынша емделеді. Дәрігерлер бұлай туындаған ісіктерді кейде «дистантты» немесе метастатикалық ауру деп атайды.

Асқазанның қатерлі ісігі өзіне жақын мүшелер мен лимфа түйіндерді зақымдайды:

• Асқазанның қатерлі ісігі құрсақ қабырғалары арқылы ұйқы безі, өңеш, ішек секілді мүшелерге өтіп сол жерде жетіледі.
• Қатерлі ісік жасушалары асқазаннан қан арқылы бауырға, өкпеге және басқа мүшелерге таралады.
• Қатерлі ісік жасушалары лимфа арқылы ағзаның басқа бөліктерінде орналасқан лимфа түйіндерге таралады.

АСҚАЗАН ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

Асқазан қатерлі ісігінің нақты себебі белгісіз. Қатерлі ісіктің кейбір адамдарда дамып, ал кейбір адамдарда дамымауы не үшін екені де түсініксіз.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде асқазан қылтамағын дамытатын белгілі бір қауіп факторларын анықтауға мүмкіндік туды.

Олар:

• Жас мөлшері: асқазан қатерлі ісігі көбінесе 72 жастан асқанда туындайды екен.
• Жынысқа қатысты: асқазан қатерлі ісігіне әйелдерден қарағанда, ер адамдар жиі тап болады екен.
• Тамақтануға қатысты: ғалымдардың зерттеулерінше асқазан қатерлі ісігін қақталған тағамдар, тұзды және бұқтырылған азық-түліктер дамытады екен. Ал, жеміс-жидектер мен көкөністер керісінше асқазанның қатерлі ісігін болдырмауға атсалысады екен.
• Helicobacter pylori H. Pylori инфекциясы – бұл түрлі бактериялар асқазанға қонады да, түскен жерін қабындырады, жара қылады. Аталмыш бактерия асқазан қатерлі ісігін де тудырады. Бірақ бұл асқазанның қатерлі ісігі еш жерде жұқпалы деп тіркелген жоқ. Сондықтан, бұл ауру жұқпалы деп саналмайды, адамнан адамға жұқпайды.
• Шылым шегу: Шылым шегетін адамдар, шылым шекпейтін адамдарға қарағанда асқазанның қауіпті ісігіне көп ұрынатындардың қатарында екен.
• Кейбір ауруға бейім жайттар: асқазанның қабыну реакциясын тудыратын процессстер, асқазанның қатерлі ісігін де тундатуы мүмкін. Олар:
- Асқазанға хиругиялық операция жасау;
- Созылмалы гастрит (асқазанның шырышты қабығының қабынуы)
- Пернициоздық анемия (асқазанды зақымдайтын қан ауруы)
• Отбасына қатысты: Кей адамдарда асқазан қатерлі ісігінің сирек кездесетін формасы дамиды, ол отбасына қатысты болып келеді.

Асқазан қатерлі ісігінің қаупі факторлары бар көптеген адамдарда қатерлі ісік дамымайды. Мысалы, кейбір адамдарда H. pylori бактериясы болады, бірақ оларда ешқашан асқазанның қатерлі ісігі дамымайды. Ал тағы бір жағдайлар бар, кейбір асқазанның қатерлі ісігіне ұшыраған адамдар қандайда бір қауіпті факторларға еш қатысы жоқ болып шығады. Егер сізде қауіпті факторлар болса, медициналық тексерске мерзімімен барып тұрыңыз.

АСҚАЗАН ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ СИМПТОМДАРЫ

Асқазан қатерлі ісігінің бастапқы сатысында ешқандай симптомы білінбейді. Қатерлі ісік үлкейе батағанда, төмендегідей симптомдар көрініс беруі мүмкін:

• Асқазан жақта ыңғайсыздық сезімі болады;
• Аздаған тамақ ішілсе де тойып тұрғандай сезім болады;
• Жүрек айнып, құсуы мүмкін;
• Салмақ түседі.

Бұл айтылған симптомдардың бәрі бірдей асқазан қатерлі ісігімен байланысты емес. Мысалы, асқазанның ойық жаралы ауруы да осы көрсетілген симптомдарды білдіруі мүмкін. Бірақ, осындай симптомдар бойыңызда пайда бола қалса, елемей жүре бермей дәрігерге хабарласу керек. Дәрігер ауруды ерте анықтап, оның емін бастап кетуі мүмкін.

АСҚАЗАН ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Егер асқазанның қатерлі ісігіне қатысты симптомдар туындаса, бұл симптомдар шынымен де асқазан қатерлі ісігінен, әлде басқа себептерден бе, тез арада анықтау үшін дәрігерге хабарласу керек. Осы мақсатта гастроэнтерологқа да (асқазан-ішек ауруларын емдейтін және диагностикалаумен айналысатын маман) хабарласуға болады.

Маманның міндеті аурудың бұрынғы ағымын мұқият түсіну болып табылады. Ол аурудың отбасына қатыстылығын да анықтайды. Дәрігер арнайы диагностикалық тест тағайындайды.

Маман, бұдан басқа, тексерудің төмендегідей түрлерін өткізуге кеңес береді:
Жалпы тексеру: Дәрігер асқазанды қарайды, онда сұйықтықтың жиналуын, соның салдарынан ісік немесе басқа да өзгерістердің бар-жоқтығын тексереді. Дәрігер ондай-ақ, лимпфа түйіндерді сипалап көреді, олардың потологиялық үлкеюін анықтайды. Одан басқа, сары ауруды анықтау үшін тері мен көздің түсі бағаланады.

• Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігін рентгеннен өткізеді. Дәрігер өңеш пен асқазанға рентгенологиялық зерттеу тағайындайды. Зерттеуді өткізу үшін науқас, асқазанның рентгендік контурларын көру үшін барийден құралған ертіндіні жұтуы керек.
• Эндоскопия. Асқазан ауруын диагностикалау үшін гастроскопия қолданылады. Ол кезде асқазанға ұшында жарығы бар жіңішке түтікше (эндоскоп) енгізіледі. Гастроскоп асқазанның ішкі жоғарғы жағын барлап шығуға мүмкіндік береді.
• Биопсия. Эндоскоп арқылы микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін тіннің бөлігін алуға болады, ол арқылы қатерлі ісіктің жасушасын, сонымен қатар олардың таралу сатысын анықтауға мүмкіндік туады. Бұл асқазан қатерлі ісігіне нақты диагноз қоюға көмектесетін бірден-бір жол.

АСҚАЗАН ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ

Емдеуді дұрыс жоспарлау үшін, ең алдымен қатерлі ісіктің даму сатысының процессін анықтау керек.

Қатерлі ісіктің даму сатысы бойынша, ісіктің қай сатысында ісік айналасындағы тіндерде көрініс бергеніне, ісіктің таралу сатысы бойнша, қай мүшеге қатерлі ісіктің таралғандығына байланысты болады. Асқазанның қатерлі ісігі лимфа түйіндерде, бауырда, ұйқы безінде және басқа мүшелерге таралуы мүмкін.

Дәрігер қатерлі ісіктің даму сатысын анықтау үшін, төмендегідей тесттерді тағайындауы мүмкін:

• Қанды зерттеу: Мұндай зерттеудің көмегімен науқастың анемиясын анықтауға болады. Бұдан басқа, қан зерттеуі бауырдың қызметін анықтауға көмек береді.
• Кеуде жасушасын рентгеннен өткізу. Рнетгенологиялық зерттеу өкпе кескіндемесін, нақтырақ айтсақ, өкпедегі қатерлі ісіктің метастаздануын анықтауға мүмкіндік туғызады.
• Компьютерлі томография: Бұл зерттеу компьютерге жалғанған рентген құрылғысының көмегімен жүргізіледі. Мұндай қадам арқылы кескіндер сериясын алуға болады, оның көмегімен көрінуге тиісті ағзаның детальді картиналарын көруге болады және азғантай өзгерісті анықтауға да болады. Кейде, бауыр ісігін, ұйқы безі ісігін және басқа мүшелердегі ісіктерді анықтау үшін, арнайы рентгенология бояғышты қолдануға асығады.
• Эндоскопиялық ультрадыбысты зерттеу: Аурулардың ауызы арқылы басында жарығы бар жіңішке түтікше (эндоскоп) енгізіледі, ол шағын эндоскоп болып табылады. Соңғысының көмегімен ішкі ағзаға шағылысуы үшін ультрадыбысты сигнал жіберіледі, ол құрылымдық ерекшелікті анықтауға мүмкіндік береді.
• Лапароскопия: Бұл аталмыш ем-шараны жүргізу үшін хирург құрсақ қабырғасын аздап тіледі, және ол жерден ұшында жарығы бар (лапароскоп) жіңішке түтікшені енгізеді. Микроскоптың көмегімен хирург белгілі бір монипуляцияны өндіруі мүмкін, дәлірек айтсақ, лимфатикалық тіндердің зақымданғанын жояды немесе биопсия үшін тін бөліктерін іріктейді.

Кейде асқазанның қатерлі ісігінің даму сатысын хирург ісікті және жақын лимфа түйіндерді жою үшін операция жүргізбейінше анықтау қиынға соғады.
Асқазанның қатерлі ісігінің дамуының бірнеше сатысы бар:
• 0 сатысы: Қатерлі ісік асқазанның ішкі қабатының қабырғасына таралады. Бұл сатысы carcinoma in situ деп аталады.
• І сатысы: Бұл сатысында төмендегідей бірнешеуі бақылануы мүмкін:
- Ісік асқазанның тек шырышүсті қабатында дамуы мүмкін.
- 6 лимфа түйіндерге дейін қатерлі ісік жасушаларын құрайды.
- Немесе обырлық процесс бұлшықеттік немесе шырышасты қабатта таралады. Бұл кезде рак жасушалары лимфатикалық түйіндер мен басқа ағзларда табылмайды.
• ІІ сатысы: Бұл сатысында төмендегідей бірнешеуі бақылануы мүмкін:
- Рак ісіктері тек шырышасты қабатта таралады, және рак жасушалары 7-15 лимфатикалық түйінде көрініс береді.
- Немесе рак ісігі сыртқы қабатқа дейін дамиды, бірақ жасушалар лимфа түйіндерде және басқа мүшелерде бой көрсетпейді.
• ІІІ сатысы: бұл сатысында да бірнеше жайттар бақыланады:
- Ісік асқазанның бұлшықеттік және сыртқы субсерозды қабығында таралады, ал рак жасушалары 7-15 лимфотүйіндерде табылады.
- Немесе рак ісігі асқазанның сыртқы қабатына таралады, ал рак жасушалары 1-15 лимфотүйіндерде көрініс береді.
- Немесе рак ісігі жақын мүшелерге – бауыр, көкбауырларға таралады, бірақ, рак жасушалары лимфа түйіндерде немесе басқа мүшелерде болмайды.
IV сатысы: Бұл сатысында төменегідей бірнеше жайттар бақылануы мүмкін.
• Рак жасушалары лимфа түйіндердің 15-інен артығырақ таралады.
• Немесе рак ісігі жақын мүшелерге таралады, және рак жасушалары әдеттегілерден азырақ, бір лимфа түйінде бой көрсетеді.
• Немесе рак жасушалары қашықтағы мүшелерге таралады.

Қайталанбалы қатерлі ісік: бұл жағдай қатерлі ісік процессінің белгілі бір кезеңнен кейін қайта мазалап тұруымен сипатталады. Ондай ісікті анықтау мүмкін болмайды. Одан әрі қарай, қайталанбалы ісік тек асқазанда емес, басқа ағзада да көрініс беріп қалуы мүмкін.

АСҚАЗАН ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ЕМДЕЛУІ

Асқазан қатерлі ісігі бар деп диагноз қойылған көптеген науқастар, емделу шарасына белсенді араласқысы келеді, қажетті емдеу әдістерін орындауға толықтай бекінеді. Бірақ, қойылған диагноздың әсерінен есеңгіреп, күйзеліп, ауруды адекватты ұғынуды қиындатады, және аурулар өздеріне қажетті, дәрігрге қоятын көптеген сұрақтарды ұмытып қалады. Белгіленген себеппен дәрігерге келесі жолы келер кезде, науқас өзіне көмекші болуы үшін қасына туысын немесе досын ертіп алғаны жөн.

Дәрігер ауруды арнайы маманға жолдауы мүмкін, мысалы, гастрознтерологқа (ас қорыту жүйесі ауруларын емдейтін маман) немесе онкологқа (рак ауруын емдейтін маман).

Емдеу әдістері

Емдеу әдісін таңдау ісіктің негізі мен орналасқан жеріне, аурудың сатысына және науқастың жалпы денсаулық жағдайына байланысты жүзеге асырылады. Асқазан қатерлі ісігін емдеу үшін хирургиялық араласулар, химиотерапия немесе радиационды терапия қажет болуы мүмкін. Кейбір ауру жандарға емнің бірнеше түрі бірден қолданылуы мүмкін.
Қатерлі ісікті емдеу үшін жергілікті емдеу түрлері қабылданады, оны жүйелі терапия деп атайды.

• Жергілікті терапия: Хирургиялық араласулар мен радиациялы терапия жергілікті емдеу түрімен байланысты. Олар асқазанға немесе оған жақын орналасқан рак ісігін бұзуға немесе оны жоюға бағытталады. Тіпті, рак ісігі басқа мүшелерге таралса да, зақымданған ағзадағы ісіну прцессін бақылау үшін жергілікті терапия қолданылуы мүмкін.
• Жүйелі терапия: Химиотерапия түрлі жүйелі терапиямен байланысты. Ол үшін қан тамырлық арнаға рак ісігін бұзуға қабілетті және оның басқа ағзаға таралып кетпеуін қадағалайтын арнайы дәрі енгізіледі.

Қаншама қатерлі ісікті емдеу жолдары қолдану барысында сау жасушаларды және тіндерді зақымдады, міне ол жанама әсердің салдары жоқ емес деген сөз. Жанама әсерлердің бейімділігі, сипаты әр адамда әр түрлі болады. Ол жағдай көбінесе бір емдеу курсын басқасымен ауыстырғанда туындайды.

Хирургиялық араласу

Хирургиялық араласу асқазан қатерлі ісігін емдеу түрлерінің ең кең таралған түрі. Хирургиялық араласу рак сатысының таралу процесіне байланысты жүргізіледі.

Хирургиялық емдеудің 2 негізгі түрі бар:

• Ішінара (субтотальді) гастроэктомия: Хирург рак ісігі бар асқазанның бөлігін кесіп алып тастайды. Жойылатын бөліктер өңеш пен аш ішек болуы мүмкін. Оларға жақын лимфа түйіндері және басқа да тіндер жойылады.
• Толық (тотальді) гастроэктомия: Хирург асқазанды жақын лимфа түйіндерімен бірге, өңеш пен аш ішектің бөліктерімен бірге, сондай-ақ, басқа да зақымданған тіндерімен бірге алып тастайды. Бұл кезде көкбауыр да алынуы мүмкін. Хирургиялық процесс аяқталғаннан кейін хирург өңеш пен аш ішекті жалғайды және «жаңа асқазан» деп аталатын аш ішектің тіндерін қайта құрады.

Операциядан кейін асқазанда тамақ қабылдаған кезде қиындықтар туындайтыны сөзсіз. Адам жеткілікті мөлшерде қоректене алу үшін хирург операция кезінде аш ішекке арнайы зонд орнатады. Бұл арқылы құнарлы ас қоспаларын қабылдауға мүмкіндік болады.
Көптеген науқастар асқазанға жасалған хирургиялық операциядан кейін біраз уақыт аралығында әлсіздікті сезінеді. Сонымен қатар, операция салдарынан диарея немесе іш қату сияқты үлкен дәретке баруда мәселелер туындауы мүмкін. Мұндай симптомдарды диета және арнайы дәрі-дәрмектер арқылы бақылауда ұстауға болады.

Химиотерапия

Химиотерапия – бұл қатерлі ісіктің клеткаларын жоятын, арнайы дәрілерді қолану арқылы жүргізілетін ем шара түрі болып табылады. Мұндай дәрілер қан айналым ағымына түсіп бүкіл ағзадағы қатерлі ісік клеткаларын жойып тұрады.

Көбінесе химиотерапияны хирургиялық операциядан кейінгі жағдайда тағайындайды. Сонымен қатар химиотерапиямен қоса радиотерапияны тағайындауы мүмкін.
Әдетте, асқазан қатерлі ісігін емдейтін дәрілерді тамыр арқылы енгізеді. Алайда, кейбір дәрілерді ішу арқылы қабылдауға болады. Химиотерапия қабылдау үшін, аурухана жағдайында жатып емделеді. Дегенмен шет елдерде күндізгі химиотерапия сеансынан кейін науқасты үйде қарау тәжірибесі жүргізілуде.

Химиотерапияның жанама әсері, дәрінің түріне және оны қабылдау мөлшеріне байланысты болады.

Қатерлі ісікке қарсы дәрілер тез таралатын ағза клеткаларына әсері бар. Айрықша айтқанда:

Қан жасушалары: бұл жасушалар инфекциялармен күреседі, қанның ұйюына көмектеседі, және оттегіні түрлі мүшелермен тіндерге жеткізеді. Қан клеткаларына әсері бар дәрілерді қолданған кезде, инфекция, дененің көгеруі немесе қан кету, сондай- ақ, әлсіздік пен шаршау сияқты жанама әсерлері пайда болуы мүмкін.
Шаш түбіндегі жасушалар: химиотерапия салдарынан шаш түсуі мүмкін. Ем шара аяқталғаннан кейін, шаштың өсуі қайта қалыптасады, алайда жаңа шыққан шаштың сипаты мен түсі басқа болуы мүмкін.
Асқазан- ішек жолдарының жасушалары: химиотерапия тәбеттің бұзылуына , жүрек айну, құсу, диарея, ауыз қуысында және ерін айналасында ойық жаралардың пайда болуына әкеп соғады.

Асқазан қатерлі ісігін емдеуге арналған дәрілердің әсерінен тері тітіркеніп, қышуы мүмкін.
Көптеген жанама әсерлерді бақылауда ұстау үшін арнайы дәрілер қолдануға болады.

Радиациялық терапия

Радиацилық терапия (радиотерапия) – бұл жоғары энергетикалық сәулелер арқылы қатерлі ісіктің клеткаларын жоятын жергілікті қолданатын ем түрі.

Радиотерапия тек сәуле түскен жердегі қатерлі ісік клеткаларын жояды. Радиотерапияны жүргізу үшін пациент аптасына 5 күн бірнеше апта бойы емдеу мекемесінде болуы тиіс.
Радиотерапияның жанама әсері қолданған мөлшері мен сәулелендірген дене бөлігене байланысты болады. радиоактивті сәулелер іш айналасына жасалатын болса, жүрек айну, құсу, диарея сияқты жанама әсерлері туындауы мүмкін. сонымен қатар, радиотерапиядан кейін тері қызарып, құрғайды және серпімділігі азаяды.

Әдетте, радиотерапиядан кейін ауру адамдар өздерін жадау сезінеді, әсіресе емделудің соңғы апталарында. Олар үшін біріншіден тынығу керек, бірақ, ауруларға белсенді қимылдаған әлдеқайда тиімдірек болмақ.

Негізі радиотерапияның жанама әсерлері шынымен жағымсыз, алайда, амалын тауып әйтеуін бір жолымен оны бақылауда ұстау керек.

ҚОСЫМША ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ МЕДИЦИНА

Кейбір қатерлі ісікке шалдыққандар қосымша және альтернативті медицинаның әдістерін оңтайлы деп санайды:

Қосымша әдістер хмиотерапия және радиотерапия сияқты ми ісігін емдеуге арналған стандартты емдеу түрлерімен қатар қолданылады. Альтернативті әдіс – стандартты емдеу әдістерінің орнына қолданылады.

Акупунктура (инетерапиясы), емдік массаж, шөп өнімдері, дәрумендер немесе арнайы диета, сонымен қатар, визуализация, медитация және түрлі рухани емдер қосымша немесе альретнативті медицинаға жатады.

Кейбір онкологиялық аурулар қоссымша немесе альтернативті терапияның арқасында өздерін едәуір жақсы ссезініп қалатындығын айтып жүр. Және бір айта кетерлігі, қосымша және альтернативті медицина химиотерапия мен радиотерапияның кейбір механизмдерінің әсерін өзгертеді. Бұл өзгерістер ауруға айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін. Бұдан басқа, қосымша және альтернативті медицина, тіпті жеке қолданылса да өздігінен зиянын тигізіп қоюы да ғажап емес. Кейбір қосымша және альтернативті медицинаның түрлері қымбат тұратын болып келеді.

Аурулардың күтіміне қолдау көрсету

Қатерлі ісік секілді күрделі аурумен өмір сүру оңай емес. Кейбір адамдарға бұл аурумен байланысты эмоциялық және практикалық проблемаларын шешу үшін көмек қажет. Ондай жағдайда ауруға қандай жағынан болсын көмек қолын созса да пайдалы болмақ. Бұл ұйғарым әсіресе батыс жақта жақсы дамыған. Қатерлі ісікпен ауыратындар мен аталмыш топтар бас қосып тұрады, әрқайсысы өз жағдайымен бөлісіп, кейбіреулері емделу үшін өзіне пайдалы кеңес алып қайтып жатады.

Онкологиялық ауруы бар адамдар өз отбасы жайлы көп ойлайды, өзінің жұмыс орнының сақталуын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін жиі уайымдап жүреді. Ондай ауру адамдарға барынша сабыр сақтап жүрген дұрыс, оларға емделетіні жайында, емханада алаңсыз болуы керектігі жайында, медициналық көмекті барынша дұрыс қолдану керектігі жайында әңгімелесіп тұрған жүрген жөн. Онкологиялық аурулардың көптеген сұрақтарына әдетте медицина қызметкерлері жауап береді.

Дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік

Онкологиялық аурулардің өзін өзі күтінгені аса маңызды болып табылады. Ол үшін жақсы тамақтанып, жеткілікті түрде белсенді қозғалыс жасау керек. Онкологиялық аурулар салмағын тұрақты ұтап тұру үшін нәруызыға бай тағамдармен қоректенуі керек. Әсіресе ағуызы мол тағамдарды пайдаланғаны абзал. Жақсы тамақтану арқылы өзін-өзі жақсы сезінеді және көп энергия жинайды.

Асқазанға жасалған хирургиялық операциядан кейін науқастардың көбісінің салмағы күрт түседі. Басқа да кең таралған асқазанның асқынған оперативті араласуы депинг синдром деп аталады. Ол ішекке тамақ өте тез түсіп, соның салдарынан жүрек айну, іш кебу, диарея және бас айналу жағдайлары орын алғанда бақыланады. Бұл синдром кезінде тамақты аздан ішу керек. Сондай-ақ бұған шалдыққан аурулар тәттіні айтарықтай шектеуі керек, сонымен қатар жеміс-жидек шырындары мен тәтті сусындарды пайдаланбағаны абзал.
Сондай-ақ аурулар асқазанға операция жасатқаннан кейін, В12 және кальций секілді дәрумен түріндегі түрлі тағамдық қоспаларды пайдаланса да болады.

Онкологиялық аурулар көбінесе емделген кезде немесе емделгеннен кейін тәбеті нашарлап кетеді. Олар өзін делсал сезінеді немесе шаршаңқы жүреді, не болмаса, дәм сезуі өзгеріп кетеді. Бұдан басқа, емдеудің жанама әсерлері (тәбетінің нашарлауы, жүрегі айнуы, құсуы немесе аузының қышуы сияқты) салмақты мәселелерді туындатуы мүмкін. Дәрігер, диетолог немесе басқа да медициналық қызметкерлер тамақтануға байланысты мәсселелерді шешуге көмектесуі мүмкін. Көптеген адамдар салауатты өмір салтын сақтау арқылы өзін кәдімгідей жақсы сезініп жүреді. Жүру, йогамен айналысу, жүзу, және осындай спорттардың біраз түрлері күштің сақталуына және энергияны тұрақты ұстауға және өмірлік тонусты көтеруге ықпал етеді. Жаттығулар емделу процесінде жүрек айну, ауру секілді жағдайларды жеңілдетеді. Олар сондай-ақ, күйзелістен айығуға да көмек береді. Десе де, физикалық жүктеме жайында дәрігермен кеңесіп алудың маңызы зор болмақ. Егер физикалық жүктемеден ауру немесе басқа да мәселелер туындап жатса, ол жайында міндетті түрде дәрігерге хабарлау керек, дәрігер аталмыш жаттығулардың басқаша түрлеріне бағыттауы мүмкін.

Алдағы күтім

Емделіп болған науқасты бақылауда ұстау өте маңызды болып табылады. Тіпті рак ісігін жойғаннан кейін де ісіну процессі қайта басталып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, рак жасушаларының қайта көрініс беруі де ғажап емес. Дәрігер ісіну процессінің қайта басталуына жол бермес үшін аурудың жағдайын қатаң бақылауда алып отыру керек. Мерзімімен текеру жүргізіліп тұрса ондай қауіпті өзгерістерді анықтауға болады. Сол үшін сауыққан жан, мерзімімен зертханалық тексерулерден өтіп, рентгенологиялық зерттеулерге қатысып, компютерлік томография және эндоскопиялық зерттеулерге ырық беріп, басқа да емдеу-тексеру шараларына белсенді атсалысып жүргені дұрыс.