Ерін, тіл, беттің ішкі жағында пирсинг болған жағдайда, мынадай асқынулар туындауы мүмкін:

• Ауырсыну;
• Қансырау;
• Пирсинг аймағының жұқпалануы;
• В гепатиті, С гепатиті, АИТВ, сифилис секілді инфекциялар;
• Сөйлеуде қиындықтардың болуы;
• Шайнау және жұтуда қиындықтардың болуы;
• Тістің зақымдалуы, үгілуі, бұзылуы немесе сызаттар;
• Тыртық тін;
• Жұтқыншақтың бітелуіне әкелетін ісіктер.

Ауызда пирсинг болған жағдайда әшекейді алып тастауға мүмкіндік барына көз жеткізу керек. Әшекейді оңай қойып немесе алып тастауға гантель пішіндегі шарды бұрап шығаруға мүмкіндік болуы керек. Қозғалмалы әшекейді абайсызда жұтып қойса, ол өз кезегінде жарақаттың себебі болып, нәтижесінде хирургиялық араласуға әкелуі мүмкін.


Тегтер:

тілдегі пирсинг
беттегі пирсинг
еріндегі пирсинг
жұғу қаупі
ауырдағы пирсингтің асқынуы
қансырау
пирсингтегі инфекциялар
сөйлеудеі қиындықтардың болуы