Бұл не? Плевралық жалқық – кеуде қуысы мен өкпені бөлетін өкпеқап қуысында сұйықтықтың жиналуы. Сұйықтықтың жиналуына әкелетін негізгі себептері қабыну процессі, жүрек жеткіліксіздігі, қатерлі ісік және ұйқы безінің қабынуы болып табылады. Плевралық жалқық өкпе туберкулезінде жиі байқалады.

Плевралық жалқық симптомдарына тыныс алудың қиындауы, кеудедегі ауырсыну сезімі, қақырықсыз жөтел, дене температурасының көтерілуі болуы мүмкін. Егер плевральді жалқық аздаған болса, симптомдары болмауы да мүмкін. Сұйықтықтың көптеп жиналуы тыныс алудың қиындауын шақырып, өкпенің толық толуына кедергі келтіреді.

Диагностикасы. Дәрігер плевралық жалқықты қарау кезінде анықтап, кеуде қуысының рентгенографиясы арқылы диагнозды дәлелдеуі мүмкін.

Емдеу. Егер плевралық жалқық аздаған болса, онда бұл дәрігердің араласуын қажет етпейді. Егер емдеу қажет болса, ең алдымен плевроцентез арқылы (инені өкпеқап қуысына енгізу арқылы) сұйықтықтықты сорып алу керек. Алынған сұйықтықты лабораторияға жіберіп, өз кезегінде оның жиналу себебін анықтау мүмкіндігі туады.


Тегтер:

сұйықтық
қабыну
жүрек жеткіліксіздігі
туберкулез
өкпе аурулары
инфекция
Алматыда өкпе ауруларын емдеу