Дивертикулез –тоқ ішектің қабырғасында өспе тәрізді құрылымның (ішек дивертикулы) өсіп шығуымен сипатталатын ауру. Дивертикулдар ешқандай симптомдар тудырмауы мүмкін, әдетте олардың қанауы немесе ауырсынуы, қабынуы немесе жұқтырылуы да ықтимал.

Ішек дивертикулы ішілік қысымның әртүрлі себептерге байланысты жоғарылауынан пайда болады. Бұл жағдайда, ішек қабырғасының әлсіз жерлері ішілік қысымының әсерінен, мөшек тәрізді кеңейіп құрсақ қуысына шығады. Ішек дивертикулының өлшемдері әр түрлі болады (қарындаш грифелінен кіші немесе 6,4 мм-ден жоғары диаметрде).

Ішек дивертикулы, көбінесе, 20-60 жас аралығындағы адамдарда кездеседі. Дивертикулдар тек қана тоқ ішекте емес, басқа да ас қорыту жүйесінің бөлімдерінде пайда болуы мүмкін.

Адамдардың көбісі оларда дивертикулез барын білмей жүреді. Егер дивертикулез анықталған жағдайда, оны талшықтың мөлшері көбейтілген арнайы диетамен және іштің қатуына жол бермеу арқылы емдеу тағайындалады.


Тегтер:

дивертикулез
дивертикул