Қуық асты безінің қатерлі ісігі – бұл қуық асты безінің тіндерінің қалыптан тыс өсуі. Қуық асты безі – бұл жаңғақ пішіндес, қуықтың астында орналасқан, шәует сұйықтығын өндіретін мүше болып табылады.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі не себепті дамитынын мамандар әлі анықтаған жоқ, дегенмен олар қатерлі ісіктің даму қаупі жылдар бойы еселеніп және отбасылық анамнез салдарынан өсуі мүмкін деп есептейді. Қуық асты безінің қатерлі ісігі 50 жастан асқан ер адамдарда жиі кездеседі. Сондай-ақ өлім көрсеткіші жағынан қатерлі ісіктер арасында екінші орынды алады.

Қуық асты безі қатерлі ісігінің бастапқы сатыларында ешқандай симптомдар байқалмайды. Ал егер симптомдар байқалса, олар зәр шығару қиындықтары ретінде болады (мысалы, зәрді өз еркімен шығара алмау немесе зәр ұстамау секілді).

Кей жағдайларда қуық асты безінің қатерлі ісігі бастапқы сатыда анықталып жатса, ол айтарлықтай емделіп кетеді. Ауруды емдеуге мыналар жатады: мұқият бақылауда ұстау, дәрі-дәрмектерді, рентгендік терапияны қолдану және жедел араласу.