Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Орхит – бір немесе екі атабездің қабынуы.

Себептері
Орхит әртүрлі бактериялар мен вирустардан пайда болады.
Орхитті дамытатын көп таралған вирустардың бірі – эпидемикалық паротит вирусы болып табылады. Бұл ауру көбінесе ұл балаларды жыныс мүшелерінің өспелі кезеңінде мазалайды. Орхит эпидемикалық паротиттің бастапқы 4-6 күні өткеннен кейін білінеді. Кейінгі кезде, балаларға екпе жүргізудің арқасында эпидемикалық паротит ұшырасуы азайды.
Орхит сондай-ақ, қуық асты безі мен жұмалақ ауруының инфекциясы кезінде де мазалауы мүмкін.
Орхит гоноре немесе хламидиоз секілді жыныстық жолмен берілетін инфекциясы (ЖЖБИ) кезінде де кездесіп жатады. Орхиттің толық түрі 19-35 жас арасындағы еркектер арасында жиі кездеседі.
Жыныстық жолмен берілетін орхиттің қауіпті факторлары:
• Қауірті жыныстық байланыстар;
• Көп адаммен жыныстық қатынасқа түсе беру;
• Бұрынғы гонореи немесе басқа да ЖЖБИ
• ЖЖБИ диагнозы бар адаммен жыныстық қатынаста болу.
ЖЖБИ мен байланысы жоқ орхиттің қауіпті факторлары:
• 45 жастан асқанда;
• Фоллея катетерасын ұзақ қолданғаннан;
• Эпидемиялық паротитке қарсы вакцинасын салдырмағаннан;
• Несеп шығару жолдарының тума ақауы;
• Несеп шығару жолдарының айналмалы инфекциясы;
• Несеп шығару жолдарын жедел емдегеннен.

Симптомдары
• Ұрық сұйықтығымен араласып қан шығады;
• Жыныс мүшесінен бөлінді шығады;
• Қалтырау;
• Шаттың ауруы;
• Жыныстық қатынас кезінде немесе эякуляция кезінде ауру сезімі байқалады;
• Несеп шығару кезінде ауырады;
• Ұма ісиді;
• Шаттың зақымдалған жағы ісініп, сезімтал болып кетеді;
• Жұмалақ ісініп, ауырлық сезінеді;
• Қысым немесе созылу кезінде жұмыртқа жақ ауырып тұрады.

Диагностикасы
Дәрігерге тексерілу кезінде мынадай жайттар анықталуы мүмкін:
• Қуық асты безінің үлкеюі және сезімталдығы;
• Зақымданған жақтағы шаттың лимфа түйіндері үлкейіп, сезімтал болып кетеді;
• Зақымдалған жақтың жұмалағы сезімтал болып, ауырып тұрады.
Ауруды диагностикалаудың әдістері:
• Қанның жалпы талдаасы (ҚЖТ)
• Жұмалақты УДЗ-ға түсіру;
• Хламидиозға және гонореяға тексеру жүргізу;
• Несепке талдама жасау;
• Зәр тамшыларынан бірнеше үлгілер алынады. Соның ішінде бастапқы, соңғы бөлігі, сондай-ақ простатаға жасалатын массаждан кейін үлгісі алынады.

Емдеу
Мынадай емделу жолдары бар:
• Антибиотиктер – егер инфекция бактериялардан болса (гонорея немесе хламидиоз сияқты аурулармен жыныстық қатынас жайсайтын серігіңізде емделуі керек);
• Қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер;
• Тыныштандырғыштар;
• Зардап шеккен аймаққа мұз пакеттерін қолданумен және ұмаға жоғары қалыпты қамтамасыз етумен төсек тартып жату

Болжамы
Бактериядан пайда болған орхиттің уақытында диагнозын анықтап, ерте бастан емдесе, атабездің қалыпты қызмет етуін сақтап қалуға болады.
Болжам бойынша орхит, асқынып, шошқаборық ауруына ауытқуы мүмкін. Ерлерде орхит эпидемиялық паротит кезінде туындаса, бедеу болып қалу қаупі бар.

Мүмкін болатын асқынулар
Кейбір балаларда шошқаборық вирусынан пайда болған орхит жұмалақ аторфиясымен астасып кетуі мүмкін.
Сондай-ақ орхит бедеулікке соқтыруы мүмкін.
Басқа да потенциалды асқынулар:
• Созылмалы эпидидимит;
• Атабез тіндерінің өлуі;
• Ұма терісі салбырап тұрады;
• Ұма абсцесі.
Ұма немесе атабез қатты ауырса, ол атабездің қан тамрыларының бұралып қалуынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда жедел түрдегі медициналық көмек қажет болады. Егер сіздің ұмаңыз бен атабезіңіз күтпеген жерден қатты ауырып кетсе, міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Атабезге байланысты кез-келген мәселемен дәрігерге қаралғаныңыз жөн.
Егер сіздің атабезіңіз кенеттен, немесе оқыс жағдайда ауыра қалса 103 телефон нөмірі арқылы жедел медициналық көмек шақырыңыз.

Алдын алу
Эпидемиялық паротитке қарсы екпе - паротитпен байланысты орхиттің пайда болуының алдын алады. ИППП-мен байланысты орхиттің дамуының алдын алу үшін, тек бір адаммен қауіпсіз жыныстық қатынас жасап, мүшеқап пайдаланған оңтайлы шешім болмақ.

Синонимдері
Эпидидимоорхит; атабез инфекциясы
Тегтер: орхит