Эпиглоттит – көмей қақпашығының қабынуы. Көмей қақпашығы – көмей кіреберісінің үстінде орналасқан. Адамның жұтынған кезінде кеңірдектен өтетін сұйықтық пен тамақты тоқтату үшін, бұл тіндік перде жабылып тұрады.
Эпиглотит адам өмірі үшін қауіпті болып саналады. Қабынған, ісінген көмей қақпашығы кеңірдекті тез бітеп, тыныс алуды қиындатып жібереді. Әдетте эпиглотит жоғарғы тыныс алу жолдары инфекциясы болмаса да кенеттен басталып кетеді.

Эпиглоттың симптомдары:
• Тыныс алудың ысылдап-пысылдап қиындап кетуі;
• Ыстық көтерілу;
• Жұтқыншақтағы сұйықтықты жұтыну, түкіру қиынға соғады;
• Дауыс қарлығады;
• Жатқанда тыныс алу қиындайды. Эпиглотитпен аурған балаларды әдетте басын төмен салбыратып, тізерлетіп отырғызып тыныс алуына мүмкіндік жасау керек.
Бұрын көбінесе балаларда бактериалық эпиглотит Haemophilusinfluenzae – дан туындаған. Бұл инфекцияны b типті Haemophilus influenzae (Hib) екпесі арқылы тоқтатқан. Қазір осы екпенің арасында балаларда Haemophilus influenzae-дан туындаған эпиглотит сирек кездесуде. Ересектерде көбінесе кездесетін эпиглотит стрептококтік инфекциядан болып жатады.
Эпиглотит деп диагноз қойылған сәбилер қатты ауру, қалжыраған кейіпте көрінеді. Егер балада эпиглотиттің симптомдары байқалса, жедел көмекті дереу шақырыңыз.

Балалар кеудесінің ауыруы (ерлерде/әйелдерде)

Тегтер:
эпиглоттит
эпиглоттит симптомдары
эпиглоттитті емдеу
тамақ ауруы
ысу
жұтынудың қиындауы
тыныс алудың қиындауы
түкіріктене беру