Электролиттер – бұл кәдімгі ағзада кездесетін (мысалы: калий, кальций, натрий, және магний) секілді минералдар. Электролиттер ағзадағы сұйықтың қажетті мөлшерде тұруы үшін керек, сондай-ақ жүрек соғысының қалыпты функциясына, бұлшықеттердің жиырылуына, мидың дұрыс қызмет етуіне көмек береді.

Егер адам ағзасындағы электролиттер үйлеспесе, оның салдарынан талу, біркелкі емес жүрек соғысы, ұстама, бұлшықеттердің әлсіздігі мен басқа да мәселелер туындауы мүмкін. Электролиттік үйлесімсіздік – әртүрлі денсаулық жағдайларына байланысты пайда болады. Ол – созылмалы жүрек немесе бүйрек ауруынан, іш-құрылысты реттейтін ішкі бездердің ауруларынан (мысалы: бүйрекарты гипофиз, қалқанша без немесе қалқанша безге жақын бездерінің проблемаларынан) тамақтанудың бұзылуынан, сүйек жүйесінің бүлінуінен пайда болады. Кез-келген (іш өту, құсу, қалтырау немесе несеп айдағыш дәрілерді қолдану) сияқты жағдайлар көп мөлшерде су жоғалтуға себеп болады. Соның салдарынан электролиттік үйлесімсіздік пайда болуы мүмкін.

Тегтер:
электролиттер
электролиттік үйлессімсіздік
созылмалы аурулар
құсу
іш өту
сусыздану
әлсіздік