Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу


Цервицит - жатыр мойнының шырышты қабығының қабынуы.

{ матка

Себептері

Цервицит көбінесе жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциядан туындайтын ауру. Жыныстық жолмен берілетін (ЖЖБИ) және цервицит тудыруы мүмкін инфекцияларға мыналар жатады:
• Хламидия;
• Гонорея;
• Герпес вирусы (генитальды герпес);
• Адам папилломасының вирусы (генитальды сүйелдер);
• Трихомониаз;

Цервицитке соқтыратын басқа факторларға мыналар жатады:
• Кіші жамбас аумағына (жатыр мойны қалпақшалары, диафрагма немесе пессарий) енгізілген құрылғылар.
• Контрацепция әдісі ретінде пайдаланылатын спермицидтерге аллергия;
• Латекс мүшеқаптарына аллергия;
• Химиялық заттардың әсері;

Цервицит кең таралған ауру түрі. Бұл ересек әйелдердің жартысынан астамында кездеседі.
Қауіп тудыратын факторлары:
• Жұқтыру қаупі жоғары жағдайдағы жыныстық қатынастар;
• ЖЖБИ жұқтырған адам;
• Көптеген сексуалдық серіктестері бар адамдар;
• Ерте жыныстық қатынасқа түсу;

• ЖЖБИ болған немесе жұқтыру қаупі жоғары жағдайда жыныстық қатынаста болу;
Цервицитке себеп болатын бактериялар (мысалы, стафилококк және стрептококк), сондай-ақ қалыпты вагинальды бактериялардың (бактериалды вагиноздың) шамадан тыс көп болуы цервицитті тудыру мүмкін.

Симптомдары
Аурудың симптомдарына мыналар жатады:
• Жыныстық қатынас, менопауза немесе ай сайынғы менструациядан тыс пайда болатын жатырдан қан кету;
• Түрі ерекше, тоқтамай келетін сұйықтардың бөлінуі: олар сұр, ақ немесе сары түсті болуы мүмкін;
• Ауырсынуды тудыратын жыныстық қарым-қатынас;
• Қынап маңының ауырсынуы;
• Жамбас аумағында қысу немесе ауыр салмақтың сезілуі;

Ескерту: Аурудың симптомдары болмауы да мүмкін. Хламидиоз жұқтыруы мүмкін әйелдер тіпті, ешқандай симптомдары жоқ болса да, осы инфекцияға қарсы тексерілуі керек.

Диагностика
Гинекологиялық тексеру келесі мақсаттарды айқындауды көздейді:
• Қынаптан ағатын сұйықтар;
• Жатыр мойнының шырышты қабығының қызаруы;
• Қабыну, қынап қабырғаларының ісінуі;

Диагностика әдістері:
• Микроскоптың көмегімен сұйықтарды зерттеу (кандидоз, трихомониаз немесе бактериялық вагинозды анықтауға болады);
• ПAП тесті;
• Гонорея мен хламидиозға тексеру;

Сирек жағдайларда жатыр мойыны тінінің кольпоскопиясын және биопсиясын өткізу қажет болуы мүмкін.

Емдеу
Хламидиоз немесе соз ауруын (гонореяны) емдеу үшін антибиотиктер тағайындалады. Герпес инфекциясын емдеу үшін вирусқа қарсы препараттар тағайындалуы мүмкін.
Менопауза уақытына жеткен әйелдерге гормондық препараттарды (эстроген және прогестеронмен) тағайындауы мүмкін.

Емдеудің әсері болмаса немесе ұзаққа созылған цервицит ауруына мынадай емдік шаралар қарастырылады:
• Криохирургия (қатыру);
• Зақымданған тіндерді жою үшін шағын зонд арқылы электр тогының көмегі;
• Лазерлік терапия,

Болжамы
Көп жағдайда себебін дұрыс анықтау арқылы және емдеудің тиімділігі арқылы қарапайым цервициттен тез айығуға болады.

Мүмкін болатын асқынулар
Цервицит бірнеше ай немесе жылдар бойы жалғасуы мүмкін. Цервицит жыныстық қарым-қатынас кезінде ауырсынуды тудыруы мүмкін (диспареуния).

Дәрігерге қашан қаралу керек
Цервицит белгілері пайда болған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.

Алдын алу
Цервициттің алдын алуға бағытталған шаралар мыналарды қамтиды:
• Тітіркендіргіштерді, мысалы, хош иістендірілген тампондарды қолданбау;
• Қынапқа салынған бөтен заттардың (мысалы, тампондар) дұрыс салынғанына көз жеткізу. Қынапшаға енгізілгеннен кейін оларды қаншалықты жиі ауыстыру керек және қалай тазартуға болатыны туралы нұсқауларды орындаңыз;
• Сіздің жыныстық серігіңіз ЖЖБИ-мен ауырмағанына сенімді болу;
• Сіз және сіздің серігіңіз басқа адамдармен жыныстық қатынасқа түспеуі керек;
• Жыныстық қатынас кезінде әрдайым мүшеқапты қолданыңыз, бұл ЖЖБИ жұқтыру қауіпін азайтады. Ерлерге де, әйелдерге де арналған мүшеқаптер бар , бірақ оларды ерлер жиі пайдаланады. Әрдайым мүше қапты дұрыс пайдалану керек.

Дереккөз: https://medlineplus.gov/ency/article/001495.htm

Тегтер:
цервицит
церфицит симптомы
цервициттің емделуі
жатырған бөліндінің шығуы
қабыну
қан кету
инфекция
жағымсыздық