Фотофобия – адамның жасанды немесе табиғи жарыққа қалыпты қарай алмауы. Бұл ақау көбінесе көздің құбылмалы қабығының қабынуынан, инфекция түскеннен, немесе шын айнаның (роговицы) зақымдануынан пайда болады.
Фотофобияның жеңіл түріне шалдыққан адамдарға ашық күн астында күн сәулесінен қорғайтын көзілдірікті тағып журу, жеткілікті қорғанысты қамтамассыз етеді. Алайда айрықша сезімталдықты сезінген адамдар мүмкіндігінше жарықтан аулақ болуы керек, кез келген жарықтандырылған ортада көздерін бүркеп жүрулері қажет. Жарыққа деген сезімталдығының пайда болуы не себепті екенін анықтау өте маңызды. Өйткені мақсатты түрде ем қабылдау мәселені шешуі мүмкін .
Тегтер:
жарық сезімталдығы,
Көздің құбылмалы қабығының инфекциясы