1-3 айлық нәрестелердің саңыраулығы
Балаңыздың даму ерекшелігіне көңіл бөліңіз, оның құлағы естімей қалып жүрмесін. Оның бұрынғы жағдайы мен кейінгі кезін салыстырып көріңіз.

Сіздің балаңыз:
• Сөз тыңдай ма?
• Сіз сөйлегенде, сізге бұрылып қарай ма?
• Сізбен сөйлескенде күле ме?
• Сіздің даусыңызды тани ма?
• Сіз сөйлегенде жылауын тоқтата ма?
• У-шудан шошып, жылай ма?
• Қатты дыбыстан оянып кете ме?

4-6 айық сәбилердің саңыраулығы
Бұл айда дабалаңыздың даму өзгерістеріне көңіл бөліңіз. Сәбиіңіз саңырау болып жүрмесін. Бұрынғы әдеттері мен қазіргі дағдыларын салыстырыңыз.

Сіздің сәбиіңіз:
• Сіздің даусыңыздың құбылмалылығын игере ме?
• Дыбыстың қадан шыққанын естіп көңіл бөле ме?
• Дыбыс шығаратын ойыншықтарға көңіл аудара ма?

7 айдан, 1 жасқа дейінгі нәрестелер арасындағы саңыраулық
Балаңыздың өсу ерекшеліктеріне көңіл бөліңіз, ол саңырау болып жүрмесін. Оның бұрінғы әрекеттері мен кейінгі дағдыларын алыстырып қараңыз.

Сіздің сәбиіңіз:
• Сізбен сөйлескенде тыңдай ма?
• Сіз оның атын атап шақырғанда ол басын көтеріп, бұрылып қарай ма?
• «бері кел» немесе «тамақ ішесің бе?» деген сөздерді түсіне ме?
• Кесе, ботинка, сок деген сияқты заттардың атын біле ме?

1-ден, 2 жасқа дейінгі балалардағы саңыраулық
Балаңыздың әдет-дағдыларына көңіл бөліңіз, мүмкін сіз оның керең болып қалғанын байқамай жүрген шығарсыз. Оның бұрынғы дағдылары мен кейінгі әрекеттерінде өзгерістер болып жатқан жоқ па? Және оның сөйлеу сапасына да көңіл аударыңыз. Баланың дұрыс сөйлеп, тілінің жақсы шығуы үшін құлағының кемшіліксіз естуі маңызды рөл атқарады.

Сіздің балаңыз:
• Жай әңгімелерді естіп, ән немесе тақпақтарға көңіл аудуру ма?
• «допты теп», сенің аяқ киімің қайда» деген секілді қарапайым бұйрықтар мен қарапайым күнделікті сұрақтарға жауап бере ме?
• Мүшелерін сұрағанда қолымен көрсете ме?
• Суреттен «кітапты тауып берші» десе таба ала ма?

2-ден 4 жасқа дейінгі балалардың саңыраулығы
Балаңыздың дағдыларындағы өзгерістерге көңіл бөліп жүріңіз, әйтпесе оның құлағының мүкісі болып жүрмесін. Оның бұрынғы әдет-дағдыларымен кейінгі әрекеттеріндегі өзгерістерді салыстырып көріңіз.

Сіздің балаңыз:
• «допты ұста және оны үстелдің үстіне қой» деген секілді өтініштеріңізді орындай ма?
• Телефонның шырылын, теледидардың дыбысын, есіктің соғылғанын естіп, ажырата ала ма?

4 жастан асқан балалардың саңыраулығы
4 жастан асқан бала сөйлеуі керек, ал ол әлі естімей, басқаларды түсінбей жүр ме? Сіз ондп балаға өзі білетіндері жайында сұрақ қойып көріңіз.

Сөйтіп балаңызда кері қалыптасып келе жатқан жайттың алдын алуға болады. Оның осыған дейінгі әдеттері мен кейінгі дағдаларын салыстырып көріңіз. Сіздің балаңыз:
• «Күртешеңді өзімен бірге алып кет, оқу үшін кітабыңды алып кел» деген секілді күрделі тапсырмаларды орындай ма?
• Телефонның шырылын, теледидардың дыбысын, есікті қаққан дыбысты еркі игере ме?

Мұғалім баланың қалыптасып келе жатқан әдеттеріне көңіл аудару керек, мүмкін оқушының мұлағының мүкісі бр шығар, мысалы ол қатты дыбысталған әңгімелерді дұрыс түссіне алмай, тапссырманы ссол ұшін дұрыс орындай алмай жүрген шығар.

Тегтер:
Баланың әдет-дағдылары
Дұрыс естімеу