Қалыпты жүктілік – ұрықтанудан, босанғанға дейін 40 аптаны қамтиды. Бұл уақыт шамамен үш кезеңге бөлінеді: бірінші үш айлық кезеңі (бірінші триместр) – ұрықтанудан 12 аптаға дейін; екіншісі үш айлық кезеңі (екінші триместр) – 13 аптадан 27 аптаға дейін; үшінші үш айлық кезеңі (үшінші триместр) – 28 аптадан босанғанға дейін.

Жүктіліктің әр триместрінде іштегі ұрық дамып отырады.
• Алғашқы триместрдің соңында ( шамамен 12-ші апталарда) ұрықта адам кейпі біліне бастайды.
• Екінші триместрдің соңында (шамамен 27 апталарында) ұрықтың барлық мүшелері қалыптасады. Анасы іштегі сәбиінің қозғалысын сезіне бастайды, бұл шамамен 16 және 20-шы апталарында болатын құбылыс.
• Үшінші триместр кезінде (щамамен 28 аптасынан босанғанға дейін) ұрықтың көлемі ұлғайып, жетіледі.

Тегтер:
жүктілік
ұрық
триместр