Айналшық сызаты – бұл айналма бұлшық еттің бойымен жағалай пайда болған жіңішке сызық, яғни, ол көтен ішектің тарылып, жиырылып тұратын (сфинктер) сыртқы бөлігінің аздап жыртылуы десе де болады. Мұндай жыртылулар, іш қатқан кезде аналдық жасушаларының зақымдануынан, немесе артқы тесік қысқышына шамадан тыс күш түсіп кеткенде пайда болады.

Айналшық сызатының симптомдарына келетін болсақ, нәжіс шығару кезінде (дефекация) бірден ашытып, ауыртады. Оның ауруы тіпті күшейіп, бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сіз тіпті дәретхана қағазыменн сүрткен кезде қан тамшыларын да байқауыңыз мүмкін. Бұл қан бірақ нәжістен бөлек бөлініп шығады.

Айналшықтың жиналуы үшін барынша сұйық тамақтар мен суды көп ішу керек. Жоғары талшықты диетаны дұрыс ұстану қажет. Нәжәстің жұмсаруына жағдай жасап, өз еркімен шығуын күтіп, оған уақыт бөліңіз (қатты күшене бермеңіз) .

Тегтер:
нәжіс шығарғаннан кейін аурсыну,
нәжіс қан араласып шығу,
іш қату,
сызат,
айналшықтың сызатын емдеу