Алдыңғы айқыш байламының жарақаты – деп ортаңғы жілікті асықты жілікпен байланыстыратын байламның жарақатын айтамыз. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты уақыт өте келе бүгілуге және тізенің әлсіздігіне апаруы мүмкін.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты кезінде байламның жартылай немесе толық жыртылуы мүмкін, яғни бөліну – ортаңғы жіліктің асықты жіліктен бөлінуі және бөлінумен бірге жүретін сынық – сүйектің басқа сүйектерден бөлінуімен қатар байламның жыртылуы. Жарақат кезінде тек байлам ғана емес, сонымен қатар мениск (тізенің тағы бір байламы) және сүйектің шеттерін жабатын шеміршетерде зақымдалуы мүмкін.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты тіземен барынша бүгіліп, керіп немесе айналмалы қимылдар жасағанда пайда болады. Бұл жарақат шалт қимылдар жасағаннан пайда болады, көбінесе старт-стоп қимылдарын талап ететін спорт түрлерінде кездеседі. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты спортпен шұғылдану кезінде немесе күтпеген сәтсіздіктер орын алғанда болуы мүмкін.

Алдыңғы айқыш байламының жарақатының симптомдарына: тізе сықырлағандай болады, немесе талып ауырссынулар кездеседі, үзіліп кететіндей сезім қылаң береді.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты созылмалы алдыңғы айқыш байламының жеткіліксіздігінен пайда болуы да мүмкін, яғни тізенің әлсіздігі мен сүйектердің қозғалып кетуі одан сайын күшейеді. Бұндай ақау асқынуның нәтижесінде ерте пайда болатын остеоартритке әкелуі мүмкін.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты емнің нәтижесі тізе жарақатының дәрежесіне және организмнің белсенділігіне байланысты болады. Емге физикалық реабилитация немесе операциямен қоса реабилитация жатады.


Тегтер:
жарақат
Байламдар
Сіңірдің жыртылуы