Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы - деп, бұлшықеттердің, жүйке жүйесінің, қан тамырлардың және сүйектердің жабық кеңістікте (аноматикалық куыста) ісініп, бірақ сол ісікке лайықты түрде керіле алмай қалған жағдайын айтады. Ісіктің қан тамырларға және жүйке жүйесіне, күре тамырға түсетін қысымы қатты ауыртады, бұлшықеттер мен жүйке жүйесіндегі қанайналымды баяулатып, сол тіндердің қайтымсыз бұзылысына соқтырады.

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромын тудырушы ісік – қанайналымның төмендеуінен, жарақаттан, қан ағудан, сұйықтық жиналудан т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы – бұл медицинада өте ауыр жағдай болып есептеледі. Қайтымсыз дисфункцияны және тіндердің өлімін тоқтату үшін – шұғыл түрде емдету қажет.

Кейде физикалық жүктемемен белсенді айналысатын адамдарда, (мысалы, ұзақ қашықтыққа жүгіретіндер немесе әскерге жаңа барғандар) созылмалы анатомиялық қуыстардың жабық синдромы дамуы мүмкін. Созылмалы анатомиялық қуыстардың жабық синдромы кезінде белгілері кездейсоқ пайда бола келмейді, ондай адам өзіне қатты ауыр салмақ салмай, ылғи тынығып жүруі керек.

Тегтер:

Анатомиялық қуыстың жабық синдромы
аурулық жағдай қауіпті немесе шектік жағдай қуыс дәр кезінде емдеу