Орақ тәрізді жасушалы ауру – бұл қанның бұзылуы, яғни ағзадағы оттектасымалдаушы субстанциялардың, гемоглобиндердің, қанның қызыл түйіршіктерінің ауытқуы салдарынан болатын жағдай.

А гемоглобині – қалыпты гемоглобин, бірақ орақ тәрізді жасушалы ауруымен ауыратын науқастарда тек қана С гемоглобині кездеседі. Ал С гемоглобині қандағы қалыпты жасушаларды орақ тәрізді жасушаларға айналдырады.

Орақ тәрізді жасушалар қалыптыдан қарағанда тез бұзылады, соның салдарынан қан айналымында оттегі дұрыс жүрмейді. Орақ тәрізді жасушалы ауруға ұшыраған көптеген адамдарда созылмалы анемияның мынадай симптомдары байқалады:
• Әлсіздік және қызба.
• Бозару.
• Терісінің сарғыштануы.
• Ентігу.
• Шаршағыш келеді.

Сонымен қатар орақ тәрізді қан жасушалары кіші қантамыр қабырғасына жабысып, қанның барлық организмге еркін таралуын тежейді.

Қан қысымының төмендеуі, қантамырларының бітелуі – белгілі бір ағзаны немесе сүйек пен бұлшық еттерді зақымдайды. Бұл бірнеше күннен, бірнеше аптаға дейін созылатын ұстамалы ауырсынуға («орақ тәрізді жасушалардың дағдарысына») себеп болады. Соның салдарынан омыртқа сүйектерінде, қол және аяқта, сонымен қатар кеудеде және асқазанда аурулар пайда болуы мүмкін.
Орақ тәрізді жасушалы ауру емделмейді. Бұл ауруға шалдыққан науқастар өмір бойы медициналық көмекке мұқтаж болады.

Тегтер:

Орақ тәрізді жасушалы ауру
анемия
гематология
Қанның құрамы
гемоглобин
Бозару
Әлсіздік
Қанның қызыл жасушалары
Оттегінің жеткіліксіздігі
Орақ тәрізді жасушалардың дағдарысы