Септикалық бурсит (инфекциялық бурсит) – синовиальді қалта сұйықтығындағы инфекция. Синовиальді қалта буынның еркін серпілуіне және белгілі бір байламдарда қажалыстың болмауына ықпал етеді. Сол үшін ол – тіндерді, сүйекті, сіңірлерді, шеміршектерді, бұлшық еттерді, сондай-ақ теріні сұйықтықпен қамтамассыз етеді.
Септикалық бурситпен ең жиі зақымданатын жерлер – шынтақ ұшы және тізе асығы.

Оның қабынуы мен зақымдануының айырмашылығын айту қиын. Септикалық бурситтің симптомдары:
• Белгілі бір жердің ауырсынуы, ісінуі, қызаруы, температурасының жоғарлауы.
• Қызба.
• Қапқа жақын аймақтағы лимфа түйіндерінің үлкейуі.
Инфекцияға қарсы ем болып антибиотиктер және дренаждау (инемен дренаждау немесе кей жағдайда хирургиялық дренаждау) пайдаланылады. Кейбір жағдайда дәрі-дәрмектерді тамыр ішілік жіберу керек болады.


Тегтер:

Инфекциялық бурсит
ревматология
Ауырсыну
Қызба Ісіну
Буын
Буындық қапшық
Қабыну
Байлам