б

Бүйрек– бұл жұп мүше. Ол асқазанның төменгі жағында, омыртқаның екі бөлігінде орналасқан. Дәлірек айтқанда, бүйрек – ішастар арты кеңістігінде орналасқан ағза ретінде сипатталады.

Әр бүйректің көлемі жұдырықтай болады. Бүйректің жоғарғы бөлігінде бүйрек үсті безі орналасады. Бүйрек және бүйрек үсті безі май тінімен және фиброзды капсуламен (Герот фасциясы) қоршалған.
Бүйрек – зәр шығару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Оның қызметі – зәрмен бірге
қаннан шлактар мен артық суларды бөліп шығарады. Зәр әр бүйректің орталық бос кеңістігіне жиналады. Сосын, бүйрек пен қуықты жалғастыратын несепағар арқылы қуыққа құйылып, қуықтан зәр шығару түтігі арқылы сыртқа шығады.

Бүйрек тек зәрді синтездейтін мүше ғана емес, сонымен қатар қан қысымын тепе-теңдікте ұстайтын және эритроциттердің түзілуіне әсер ететін химиялық заттарды да өндіреді.

Тегтер:

Бүйрек
Зәр шығарушы жүйе
Зәр
Зәр шығару түтігі