п

Ұйқы безі – іш қуысында асқазан мен бел омыртқаның арасында орналасқан, асқорыту жүйесінің маңызды мүшесі болып табылады. Ол – бауырмен, ішектермен және басқа да ішкі мүшелермен шектеседі. Қалыпты ұйқы безінің ұзындығы 15 см құрайды. Қалпы – ұзын алмұрт тәрізді. Ұйқы безінің кең бөлігін – басы, ортаңғы бөлігін – денесі, жіңішке бөлігін – құйрығы деп атайды.

Ұйқы безі – өзінен инсулин және тағы да басқа гормондар бөледі. Бұл гормондар қанағымға еніп, бүкіл организмге таралады. Бұл гормондардың қызметі – тамақ арқылы түскен энергияны сақтау және пайдалану болып табылады. Мысалы, инсулин қандағы қанттың деңгейін қалыпты ұстап тұруға қатысады. Инсулиннің жеткіліксіздігінен қант диабетті туындайды.

Ұйқы безі сонымен қатар асты қорытуға қажетті асқорыту сөлін – ферменттерді өндіреді. Одан өндірілген асқорыту ферменттері арнайы түтікшелер арқылы он екі ішекке түседі. ( он екі ішек – біз қабылдаған тамақтың алғашқы корытылуы жүретін, аш ішектің бастапқы бөлігі.)

Тегтер:
Бауыр
инсулин
Қант диабетті
Ферменттер