Гепатит термині бірнеше синдромдармен, аурулармен байланысты, қабынудың салдарынан бауырда болалтын өзгерістермен қатар, вирус туғызатын және ішімдік секілді зиянды қолданымдарға қатысы бар. Гепатит тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттері және дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірі төбе, әрқайсысының өзіндік симптомдары бар.
С гепатиті А, В тепатиттері сияқты емес, ол (HCV) вирусын тудыратын гепатит. С гепатитін жұқтыру қаупі бар фаторлар мыналар:

• С гепатиті бар донордың қанын құю арқылы, қанын алу арқылы, мүшесін орнату арқылы жұғады;
• Инъекция қабылдау кезінде С гепатитімен залалдандаған инені қолданғаннан;
• Бұрын бүйрек диализін алған адам;
• Тікелей қанмен жұмыс жасайтын медқызметкерлер;
• Көп адаммен жыныстық қатынасқа түсетіндер;
• С гепатиті бар адаммен жыныстық қатынас жасайтын адамдар;
• С гепатиті бадамның тісс щеткасы, сақал қырғышы секілді тұрмыстық заттарын қолдану;
• С гепатиті бар анадан туылған бала.

Белгілері. С гепатитін жұқтырған көпшілік адамдардан аса бір белгілер байқала бермейді. Мамандардың жалпы тексерісінде ғана білініп жатады. Егер инфекция ұзақ уақыт бойы денеде жүрсе, салдарынан бауыр циррозы дамуы мүмкін, ерте ме, кеш пе әйтеуір осы ауруға душар қылатыны сөзсіз.

С гепатитінің пайда болғанын мынадай белгілерден білуге болады:
• Сарғыштану
• Оң жақ жамбастың үсті ауырады
• Тұтастай әлсіздік сезіледі
• Тәбет нашарлайды
• Жүрек айнып, құсу басталады
• Дене қызуы аздап көтеріле береді
• Нәжіс түссізденеді
• Несеп күңгірттенеді
• Қышу пайда болады
• (Асцит) сұйықтықтың көп бөлінуінен іш үлкейіп кетеді
• Өңештен өтпелі қан кетіп тұрады (өңештіңтамырлары керіліп кеткендіктен)

Диагностикасы
Мына тесттердің көмегімен диагностика жасауға болады:
• Вирус антигеніне қан талдамасын өткізу;
• С гепатиті вирусынан антиденені анықтау үшін иммунферментті талдама алу керек;
• Вирусты анықтау үшін ПТР ( полимеразды тізбекті реакция) жасату керек;
• Бауырдық ферментті (трансаминаз) анықтау керек. Ол бауыр функциясының бұзылуынан қанның көрелілуін білдіреді.
• Бауырға биопссия жасату керек. Ол үшін бауырдың зақымданған жасушаларын микроскоппен қарайды.

Емделуі

Қазіргі таңда әлемде С гепатитін емду үшін көптеген дәрі-дәрмектер шығарылған. Бұл дәрілерді қолдану жолы бір басқа, сонымен қатар адамдар да бұл індетті таратпас үшін бір-біріне жауапкершілікпен қарау керек. Қазақсатанда емдеудің екі еселік және үш еселік сызбасын ресми түрде мақұлдаған. Екі есе сызба әдісі бойынша - рибаврин таблеткасы мен пегилированды интерферон иньекциясын апта сайын теріге қабылдап тұру керек. Үш еселік түрінде үшінші компонентке қос терапияны қабаттау керек, мысалы телапревир немесе боцепревир. Бұл терапиялардың жанама әсеріне қарамастан қолдану керек, себебі бұл кезде ем 50-80% әсер етуі мүмкін. Науқастар осы күнге дейін екі есілік терапияны қолданып еш нәтиже көрмеді, енді үш еселік терапияны қолданып көру қалды.


Тегтер:
С гепатиті
бауыр циррозы
сарғыштану
С гепатитінің қауіпті факторлары
бауыр ферменттерінен С тепатитін емдеу