Жамбас буынының дисплазиясы - бұл жамбастың жоғарғы бөлігінің орналасу шұңқырына тығыз орналаспаған жамбас буынының қалыпты өсуінен туындаған жағдай. Дисплазия жамбас буындарының біреуінде немесе екінші жағында да кездесуі мүмкін. Жамбас сүйегі орналасуы керек шұңқырға еркін кіре алады немесе оған толығымен кірмейді (тайып кетеді). Осы жағдай жамбас буынының дисплазиясына бейімді болып келеді. Жамбас буынының дисплазиясына ұлдардан қарағанда қыздар жиі ұшырайды.

Дисплазияның белгілері туу кезінде байқалады. Туылған сәтте дисплазияның белгілері байқалмай қалатын жағдайлар сирек кездеседі, бірақ жағдай туылғаннан кейін алғашқы бірнеше аптадан немесе айдан кейін дамиды. Жамбас дисплазиясының нақты себебі белгісіз, бірақ ол нәрестенің туғанға дейін, туылу кезінде немесе босанғаннан кейінгі күйіне байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар жүктілік кезінде ананың сіңірлерін босаңсытуға арналған гормондарды көп мөлшерде қолдану жамбас дисплазиясын тудыруы мүмкін.

Жамбас буынының дисплазиясы диагнозы қойылған балаларда:
• Дисплазияның елеулі белгілерінің болмауы.
• Екінші жамбаспен салыстырғанда бір жамбастың ішкі жағында тері қабаттары артық болады. Әр жамбаста тері қабаттарының бөліктері симметриялы көрінбейді.
• Ауру белгісі бар жамбастың, бөксе буынына айналып тұруына байланысты, аяқ саусақтарының сыртқа қарай бұралып тұруы байқалады.
• Қозғалыс жиілігі азаяды, жамбас қозғалысы ауырлап, немесе икемділігі азаяды.
• Бір аяғы екінші аяғына қарағанда қысқа.

Кейбір жағдайларда, бала жүре бастағанша, жамбас дисплазиясының белгілері байқалмайды. Бұл жағдайда бала:

• Бір аяғы екіншісінен қысқа болғандықтан, аяғын басып тік тұрғанда бір жамбасы екінші жамбасынан көтеріңкі тұрады. Ауру белгісі бар аяқ қысқа болып келеді.
• Аяқ ұзындығындағы айырмашылығын реттеуге тырысып, бір аяғының саусақтарын көтеріп, аяқтың ұшымен жүреді.
• Ақсаңдап жүреді.

Дисплазияны емдеу баланың жасына байланысты, жамбас сүйегін өз орнында сақтаудың қаншалықты оңай болатынына және деформацияның даму дәрежесіне байланысты болады. Емдеу таңғыш қалақ салып, белдіктерді байлап, гипс қойып немесе ота жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Емделмеген жағдайда жамбас дисплазиясы, арқаның ауруы немесе жамбас буындарының бұзылуына (жамбастың деградациясы) әкеп соқтыруы мүмкін.

Тегтер:
жамбас буынының дисплазиясы
шығу
жартылай таю