Екінші дәрежелі күйікке химиялық заттарға, электржелісіне, ыстық буға күйген күйіктер жатады. Бұл күйіктер терінің барлық қабатын күйдірмейді.

Терінің күйіне байланысты ЕДК-нің екі түрі бар:
Терінің бетіндегі күйік ыстық судан немесе ыстық заттан болса, терінің айналасы өзгеріп қызырады. Күйген жер аурып, терінің беті көпіршіктеніп, ісініп шамамен 48 сағат бойы мазалайды.
Терең зақымдалған күйік терінің қабаттарына терең бойлап, бастапқыда қызарған жері, ағара бастайды. Олар көбінесе, ыстық майға, ыстық тамаққа немесе қайнаған суға, қысқа толқынды пешке күйіп қалғанда пайда болады. Мұндай күйіктер ауыра бермейді, тек бір қысым болып тұрғандай көрінеді. Тері құрғақтанып, аздап суланып, балауыз тәріздіденеді. Саусақпен басқан кезде түрі өзгермейді. Бірақ, бұл күйік дұрыс емделмесе, асқынып кетсе қауіпті. Терінің бетінде бір дақ тұрғандай көрінеді, оны белизнамен жусаңда кетпейді. Ал егер жеке бір мүшені зақымдаса, ол жер үлкен болып көрінеді, болмаса құрғақ болып көрінеді, немесе аздап суланып тұрады. Ең қауіптісі- мұндай күйіктерге инфекция тез жұғуы мүмкін.
Белгілеріне қарай, бірнеше күннен кейін күйіктің тек беті немесе төменгі қабаттары зақымданғанын білуге болады.

ЕДК кезінде оның күйген аумағын терінің жарақаталған аумағын, сырқаттың жасын және оның денсаулығын жете тексеріп отыру керек. Осы күйіктердің барлық түріне ем жүргізген кезде, оның асқынып кетпеуіне, уақытылы емдеуліне дұрыс көңіл бөлу керек. ЕДК жазылған кезде денеде тыртық қалуы мүмкін.

Тегтер:
сәулесоққы
электрлікүйік
имиялықкүйік
йкелгендегікүйік
суланғанкүйік
аурушаң
терініңтеңбіленуі
басқандатерініңтүріөзгермейді
күйіктіемдеу
күйіктенкейінгітыртық