Ауыр жарақат алып, ісінгеннен кейін шынтағыңызды әдеттегідей қалыпты қозғалта алмай қалған кездер болған шығар. Аяқ-қолдарыңызды немесе буындарыңызды қозғалтқан кезеде ауырсынасыз. Сол ісіктің әсерінен сіздің қозғалу мүмкіндігіңіз шектеледі.

Егер буындарыңыз ойнамалы болып, қолыңызды әдеттегідей еркін қозғалта алмай қалсаңыз, сіздің сүйегіңіз шытынап, немесе, сіңіріңіздің созылуы әбден мүмкін. Тіпті, буындарыңызды ары-бері қозғасаңыз, сырқырай бастайды. Ал балаңыз осылай зақымданған болса, онда ол ауырған жеріне қол тигізбей, қашқалақтай бастайды.
Шынтағыңызды қозғалтқан кезде қатты ауырса, онда күтімілдеңіз. Тіпті таңғыш қалақпен таңып алсаңыз да болады.
Буындарыңызды мүлдем бүге алмай, не қозғалта алмай қалсаңыз, онда байқаңыз, жүйке жүйеңіз зақымданып, бұлшық еттеріңіз жарылып немесе сіңіріңіз созылып кетуі ықтимал.

Фукциялардың жоғалып, күтпеген ауырсынудың пайда болуы – бұлшық еттердің, сіңір байламдарының, жүйке жүйесінің зақымданғанын білдіреді. Ондайда медициналық көмекке жүгінген дұрыс.

Буынның еркін қозғалмай қалуы – остеоартрит (сүйек-буын қабынуы), шынтақ бруситі, ревматоидты артрит, құяң (буынның ұстамалы ауруы) немесе қызыл жегі (волчанка) аурулардың әсерінен де болады.

Буынның мүлдем қозғалмай қалуының тағы бір себебі, шынтақтың ұршығына бір нәрсе тіреліп, оны толық жазып-бүгуге кедергі келтіріп тұрған кезде туындайды. Бұл мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

• Сүйектің сынған бөлігі босап тұрса (остеартрит немесе сынықтан кейін), шеміршек немесе буында (буын бұлшық етінде) бөгде зат қалып қойған болса. Жарақаттан кейін болмаса ауыр соққыдан кейін иық немесе шынтақ, не болмаса кәрі жілік сүйектерінің сынықтары шынтақтың буыннына қысылып қалып, ішіне қан ұйып және (кесіп өткен остеохондриттің әсерінен) бөлініп салбырап тұрса;
• Шынтақ орнынын тайып кетсе.
Егер кішкентай балаңыз зақымданған шынтағына қол тигізбей, және сол ауырған қолын істете алмай қалса алаңдайсыз. Баланың сүйегі сынуы ықтимал, жәрі жілігі орнынан тайып, шынтақтың айналасындағы сіңірлер созылып тұруы мүмкін. Бұл әдетте бала қолын ары-бері қозғағанда, көтеріп немесе бір қолын тартқанда болатын жағдай. Егер сіз баланың жарақатының ауырлығын байқасаңыз, өз дәрігеріңізге хабарлассыңыз.

Тегтер:
Шынтақ буынының жарақаты
шынтақ буынының ісігі
ревматоидты артрит
шынтақ буынындағы ауырсыну
бұлшық ет жыртылуы
сіңірдің созылуы
жіліктің таюы
қоды қозғау мүмкін емес