Тері – адамның ең көлемді мүшесі болып табылады. Тері жоғарғы температурадан, күн сәулесінен, жарақаттар мен инфекциядан қорғайды. Тері дене температурасын бірқалыпты ұстауға көмектеседі, организмде сұйықтық пен майды сақтап тұрады және Д витаминінің өндіруіліне қатысады.

Skin
Skin (1)

Тері екі қабаттан тұрады. Ол – эпидермис және дерма. Эпидермис негізінен тегіс жасушаларды құрайды, оларды сондай-ақ жалпақ жасушалар деп те атайды. Сквамозды жасушалардың астында базалды жасушалар орналасады. Эпидермистің төменгі қабатын меланоциттер құрайды.

Дерма капиллярлы қантамырлардан, лимфа тамырлары мен тері астындағы бездерден құралады. Бұл бездердің кейбірлеулері тер бөлу арқылы дене температурасын бір қалыпта ұстап тұрады. Кейбір бездер өзінен тері майларын бөлу арқылы теріні ылғалдандырып, құрғаудан сақтайды. Тер мен тері майлары теріде болатын терілік саңылаулары арқылы терінің беткей қабатына енеді.

Тегтер:
Тері
эпидермис
Д витамині
Терілік саңылаулар
Тері астылық бездер