Бастың шашты бөлігінің дерматомикозы- бұл бастың сыртқы қабатында және шашта пайда болатын саңырауқұлақ инфекциясы. Бұл ауру ағылшынша нұсқасында ringworms деп келеді, соның ішінде worms – құрт деп аударылады. Дерматомикоз пайда болған кезде кішкентай көпіршік құйылған бөртпелер құрттың пішініне ұқсап қалады. Бұл атау сол үшін берілген.

Инфекциядан дене қызарып, жаралар пайда болады, терінің белгілі бір бөлігі тітіркенетін болады, ірің пайда болуы мүмкін (абсцесс), шаштар қатты әрі сынғыш келеді, шаш арасынан өлі қалың тері шыға бастайды (қайызғақ секілді), зақымданған жердің түктері түсіп қалады, сондай-ақ жұмыр тықырлануға дейін апарады.

Дерматомикоз жұқпалы ауру. Ол адамдармен қарым-қатынаста тез жұғады. Кейбір заттардан және жануарлардан, көбіне жануарлар мен саңырауқұлақтардан тарайды. Кейбір тасымалдаушы нысандар ешқандай белгісі болмаса да инфекция жұқтырып жүреді.

Бастың шашты бөлігінің дерматомикозының емі, әдетте арнайы сусабындар және саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды қамтиды.

Тегтер:

дерматомикоз