Дальтонизм– түс ажырата алмаушылық (түссоқырлығы), көздің түсажыратуқабілетініңбұзылуы.

Дальтонизм алғашрет 1794 жылыанықталды. Оны осы ақаудан зардап шеккен Дж.Дальтон сипаттады.Дальтонизм ерлердің 8% -ында , әйелдердің 0,5%-ында кездеседі. Адамның көз торының орталық бөлігінде «колба» деп аталатын түсажыратқыш жүйке талшықтары бар. Олар нәруыз текті түсажыратқыш пигменттерінің үш түрін қамтиды. Пигменттің бір түрі қызылды, екіншісі жасылды, ал үшіншісі көк түсті ажыратады. Дәлірек айтқанда, олар толқын ұзындығындағы қызыл, жасыл және көк түстердітүйсігімізге сәйкестендіріп береді. Осы үш түстің негізінде әлемдегі барлық түстердің «жынтығын» миымыз қабылдайды. Адамдағы бұл пигменттердің ең жоғары сезімталдық көрсеткіші толқын ұзындығында -қызыл түс үшін 552-557 нм, жасыл түс үшін 530 нм және көк түс үшін 426 нм көрсеткішімен белгіленген.

Бұлар - қалыпты, үшхроматикалық түсті қабылдау жүйесі. Осы элементтердің біреуі түсіп қалса, түс ажырата алмаушылық (дихромазия) пайда болады. Дихромазиядан зардап шеккен адамдар, түстерді негізгі жарықтығымен ғана ажыратады; олар спектрде ғана сапалы түрде ажыратады, мысалы «суық» тоннан(жасыл, көк, күлгін), «жылы» тондардан (қызыл, қызғылт сары, сары). Бір түспен боялған және белгілі бір түстің түсінен өзгеше түс көретін адамдар біздің айналамыздағы әлемнің түстерін әртүрлі етіп қабылдайды, бірақ олардың бұл ерекшелігі байқалмайды. Себебі балалық кезде олар күнделікті объектілердің түстерін жалпыға бірдей қалыптатүсініп қабылдаған. Олар шөптің жасыл, аспанның көк , қанның түсі қызыл екенін естіп, есіне сақтаған. Сонымен қатар, олар түстерді дәрежесіне қарай ажырата да біледі.

Дихроматтардың арасында қызыл түс ажырата алмайтындар (протанопияға шалдыққандар) болады.Оларда қызыл түс қабылдауы спектрі шектелген, сондай-ақ жасыл түс ажырата алмайтындар (дейтеранопия) да болады. Күлгін түсті ажырата алмайтынды – тританопия деп атайды. Бірақ мұндайлар өте сирек кездеседі және оның өмірде еш маңыздылығы жоқ. Тританопиямен спектрдің барлық түстері қызыл немесе жасыл түстермен бейнеленеді. Кейбір жағдайларда түстерді қабылдаудың әлсіздігі - протаномалия (қызыл түс сезімінің әлсіреуі) және дейтераномалия (жасыл түсті қабылдауды әлсіреу) ғана болады.

Туа біткен түсажыратаалмаушылықтың барлық түрлері тұқым қуалайды.Бұл патологиялық аурудың жалғастырушысы әйелдер: олар өздерінің қалыпты көру мүмкіндігін жоғалтпайды, тек түс ажырата алмайтын еркекпен бірге болып, өз геніне ендіріп алады.

Жүре пайда болған түс ажырата алмаушылық, көздің және орталық жүйке жүйесінің түрлі ауруларының салдарынан пайда болуы мүмкін; бір немесе екі көз денегізгітүстерді жиі ажырата алмай қалады. Түс ажырата алмаушылықты арнайы кестелер немесе спектральдық құрылғылар арқылы анықтайды.
Дальтонизм емделмейді.

Тегтер:

дальтонизм