Бас айналу - деп,қозғалыста туындағаныңғайсыздық сезімін, тіпті қозғалуға мүлдем мүмкіндік болмай қалған жағдайды айтады.Қозғалыс сезімін әдетте айналу немесе айналдыру деп сипаттайды, сондай-ақ құлап бара жатқандай немесе теңселіп тұрғандай сезімдер пайда болуы мүмкін.

Бас айналғаннан адамның жүрегі айнып, лоқсып құсып жіберетін жағдайлары болады. Ондай жағдайда, тепе-теңдікті сақтап, қозғалу немесе тұру қиынға соғады.

Бас айналудың себептеріне: жүйке, қан ағымының немесе құлақішілік мәселелерді жатқызуға болады.
Бас айналудың сирек ұстамалары өздігінен өтуі мүмкін. Егер бас жиі айналып немесе қатты айналатын болса, онда оның себебінің ерекшелігіне байланысты ем қолданылады.

Бас айналу, жиі болатын екі түрлі сезімді сипаттайды. Маңыздысы, сіз басыңыздың шынымен айналып тұрғанын білуіге тиіссіз, ол үшін дер кезінде «Менің басым айналып тұр»деуіңіз керек, себебіоның өзіңіз үшін және дәрігеріңіз үшін, осы мәселенің басын ашып алуға септігі тиіп қалуы әбден мүмкін.

Вертиго – бұл айналаңызда еш қозғалыс болып тұрмаса да, сізге бәрі теңселіп тұрғандай көрінетін сезім. Бұл үрдіс, әдетте, айналу сезімі ретінде сипатталды, бірақ ол құлау немесе тербеліс сезімін қамтуы да мүмкін. Вертигоның салдарынан жүрек айну, құсу, жүре алмау немесе тұра алмау немесе жарақат алу сияқты қауіпті жағдайлар орын алуы ықтимал.

Талмаурау– бұл естен тану секілді сезім. Қалтырау сезімі болуы мүмкін, бір орында тұру қиынға соғады, бірақ айналу немесе айналдыру сезімі жоқ. Көптеген науқастар ауырған кезде, осы талмаурау жағдайын сезінеді. Бірақ жатқан кезде бұл сезімнен айығуға болады.

Егер де вертиго немесеталмаураувирусты инфекция және аллергия кезінде байқалса құлақ ауруларының біріне жатқызса болады. Әдетте Вертиго, құлақтың ішкі ауруларында (мысалы, лабиринтте құлақтың және бастың жарақаттарында немесе құлақ пердесінің қатерсіз ісіктерінде байқалады.

Тегтер:

Бас айналу
Вертиго
Бас айналудың себептері
Талмаурау
Тепе-теңдіктің жоғалуы