Гепатит термині бірнеше синдромдармен, аурулармен байланысты, қабынудың салдарынан бауырда болалтын өзгерістермен қатар, вирус туғызатын және ішімдік секілді зиянды қолданымдарға қатысы бар. Гепатит тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттері және дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірі төбе, әрқайсысының өзіндік симптомдары бар.Вирусты гепатиттің ең көп таралған түрі - В гепатиті.
В гепатиті вирусын жұқтырған адамдардың көпшілігі 6 ай ішінде осы вирустан құтылып жатады. Алайда, В гепатиті вирусын жұқтырған адамдардың шамамен 10% -ы созылмалы түріне тап болады, бұл кезде бауырда белгілі бір өзгерістер туындауы мүмкін, мұны - бауыр циррозы деп атайды.Бұл ауру - қауіпті және жазылмайтын ауру түріне жатады.

Созылмалы инфекциясы бар науқастардың кейбіреуінде ешқашан аурудың белгілері байқалмайды. Бірақ олар вирустың «тасымалдаушысы» болып табылады. Бірақ науқас бұл жайтты білмей басқаларға оңай жұқтырып жүруі мүмкін.

В гепатиті қан және басқа да сұйықтықтар арқылы жұғады. Инфекция мынадай жағдайларда берілуі болуы мүмкін:
• Қанмен және басқа да биологиялық материалдармен байланыста болған кезде – мұнымен дәрігерлер, медбикелер, тіс дәрігерлері сияқты денсаулық сақтау қызметкерлері зардап шегуі мүмкін.
• Жеке қорғаныс құралдарын қолданбай жыныстық қатынасқа түскен кезінде
• Қан құю кезінде
• Инъекциялық есірткі тұтынушылары бар залалсызданбаған инелерді қолданған кезде
• Татуировка және инемен тесу кезінде стерильденбеген құралдар қолданылғанда
• Босанғанда, вирус анадан балаға берілсе.

Асқынған гепатиттің бірінші симптомдары 1-ден 6 айға дейін белгі береді. Мысалы: жүрек айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, әлсіздік, бұлшық еттерде және сүйектерде ауырсыну. Кейін, дене сарғыштанып, несеп қара-қоюланып, нәжіс түссізденіп кетеді.

Гепатиттің диагностикасы мынадай сынақтардан тұрады:
• Вирустың беткей антигенін анықтау - HbsAg. Бұл бірінші белгі. Беттік антиген әдетте 1- 2 айдан кейін жоғалады.
• Anti-HBc антигеніне антиденелерді қарсы қою керек. Беткі антиген пайда болғаннан кейін 1-2 апта ішінде көрініс береді.
• Антиденелер антигендеріне (Anti-HBc) В гепатитіне ұшырағандардың немесе В гепатитіне қарсы егілгендердің қанында кездеседі.
• Гепатит В бар науқастардың қанында Анти-HBc және Anti-HBs екеуі де бар.
• Бауыр қызметі бұзылған кезде қандағы көтерілетін бауыр ферменттерінің деңгейін (трансаминаз) анықтау.
• Қандағы альбумин деңгейінің төмендеуі мүмкін, бауыр қызметі бұзылған болса, қан ұзақ уақыт ұйып тұрып алады.

Емделуі. Күшті гепатитпен ауыратын науқасты мұқият қадағалау керек. Мұндай жағдайда, ақуызы көп тамақтарды шектеу керек, өйткені бауыр ақуызды игеріп үлгере алмайды.
Созылмалы гепатит қабыну процесін төмендеткенде ғана емделеді. Ол үшін интерферонды және басқа да препараттарды қолданған ләзім. Қиын жағдайларда бауыр трансплантациясына жүгінуге тура келеді.

Тегтер:

гепатит В
Сарғаю
Гепатит В себебі
Гепатит В емі
Бауыр циррозы