Бұл не? Вирустық немесе бактериялық гастроэнтерит - бұл асқазан және ішектің шырышты қабықтарының қабынуы, құсу мен іші өту арқылы белгі береді. Бұл ауру асқазан тұмауы деп аталады.

Dis

Бұған не себеп болды? Гастроэнтерит вирустық немесе бактериялық инфекциядан пайда болады. Ең жиі қоздыратын қоздырғышы - ротавирус деп аталады. Бұған себеп болатын эпидемиялық құбылыстар көбінесе мектептерде, қарттар үйінде жиі кездесіп жатады. Ротавирус ашыған тағамда және ластанған ауыз суда болады. Гастроэнтерит симптомдары инфекция жұққаннан кейін 4-тен 48 сағат аралығында байқалады.
Гастроэнтериттің симптомдары: жүректің айнуы; құсу; іш қатып қалу; диарея; дене қызыуының сәл көтерілуі және қалтырау, салмақ жоғалу, бұлшықет ауырсынуы, буындардың қозғалмай қалуы т.б.
Асқазан-ішек тұмауы әдетте 1-2 күн ішінде медициналық көмексіз жазылып та кетеді. Үйдегі емдеу, мысалы, дегидратациямен күресу асқазан тұмауының белгілерін жеңілдетіп, проблемаларын болдырмайды.
Емдеу үшін бірінші кезекте дегидратациямен күресіп, сондай-ақ жоғалған тұздар мен минералдарды қалпына келтіруге күш салу керек. Осы мақсатта регидрон сияқты тұздар мен минералдардың ерітінділерін қолдануға болады. Вирустық гастроэнтерит кезінде антибиотиктер тағайындалмайды, сондай-ақ диареяны тоқтатуға бағытталған препараттар да ұсынылмайды, себебі олар инфекцияның одан сайын өрши түсуіне себеп болады.
Суық тию және тұмау ер адамдар/ әйедер

Тегтер:

Гастроэнтерит деген не
Гастроэнтерит симптомдары
Гастроэнтериттің емі
Гастроэнтерит себебі
Іштегі ауру сезімі
Жүрек айну