Бұл не? Гангрена – деп, тіндердің ыдырауы мен жансыздануын айтады. Жарақаттың немесе инфекцияның салдарынан, тіндерге келіп тұрақты келіп тұратын қан тоқтап қалғанда осындай жәйт орын алады. Тіндік некроздан кейін оған бактериялар жұғып, содан тіндер ыдырайды.

2ыв

Гангренаның даму ықтималдығы төмендегідей аурулармен және жағдайлармен байланысты:

• Диабет
• Қан-тамыр аурулары (қол немесе аяқ атеросклерозы)
• Ауыр жарақаттар
• Хирургиялық жағдайлар
• АИТВ-инфекциясының немесе химиотерапияның әсерінен иммун жүйесінің бұзылуы

Гангренаның белгілері - себебіне және орналасуына байланысты болады. Егер зардап шеккен жерлер тері мен астыңғы тіндердің арасында болса, белгілері келесідей болады:

• Тері түсінің өзгеруі (тері болса, көк немесе қара, тері астындағы тін болса, қызыл немесе қола түсті болады)
• Сезімталдығы жоғалады (әдетте сол аймақтағы қатты ауырсынудан кейін пайда болады)
• Зақымдану аймағында жағымсыз иісті бөлінділердің шығуы.

Ішкі мүшелер зақымдалса (өт гангренасы немесе газды гангрена), белгілері мыналарды қамтиды:

• Тұрақты және қатты ауру сезімі болады;
• Дене қызуы көтеріледі;
• Жалпы жағдайы нашарлайды;
• Септикалық шок алады.

Гангрена диагностикасы келесі шараларды қамтиды:

• Жалпы қан талдауы (ақ қан (лейкоциттердің) клеткаларының саны)
• Дененің зардап шеккен бөлігін рентгенологиялық тексеруі
• Ішкі ағзалардың компьютерлік томографиясы
• Гангренаны растау үшін зақымдалған аймақты хирургиялық тексеруден өткізу;
• Өлген тінді тексеру үшін микроскопиялық зерттеу жүргізу;
• Бактериялы инфекцияға арналған тіндік үлгідегі бактериологиялық зерттеу өткізу;
• Артериография, тамырлы бұзылыстарды емдеудің дұрыс тактикасын жасау үшін.

Гангрена дененің бірен-саран бөлігін зақымдаса, мысалы, қол,аяқ саусақтары немесе аяқтың біраз бөлігі мұздағаны сияқты, тіннің үлкен аймағына әсер етуі мүмкін. Қан айналымы нашар адамдарда (мысалы, қант диабетімен ауыратын науқастарда) жарақаттар мен тері инфекцияларын уақтылы емдемеген жағдайда гангренаны дамыту қаупі артады.

Емделу

Гангрена уақытылы дереу емдеуді талап ететін ауру. Бұл зауалды толыққанды емдеу үшін зардап шеккен жердегі қан айналымын қалпына келтіру керек, инфекцияны жойып, өлі және өлетін тіндерді құрту қажет. Гангрена асқынған жағдайда, дененің кез-келген бөлігін ампутациялау керек: мысалы, қолдағы немесе аяқтағы саусақты.

Тегтер:
Гангрена
Тері түсінің өзгеруі
Қант диабеті
Тері жарақаттары
Тіндердің жансыздануы
Ампутация