Қынаптағы ерекше бөлінділер, сызаттар, қынап айналасының ауруы, венерикалық инфекция симптомдары және т.б. зорлық-зомбылықтың әсерінен болуы мүмкін. Сексуалдық зорлық-зомбылық белгілерін, жыныстық аймақты зерттемей, анықтау мүмкін емес.
Зорлық белгілеріне мыналарды болады:
• Жыныс мүшесінде сызаттар, көгерулер, тістің іздері болады.
• Қынаптан қан кетіп, түрлі бөлінділер шығады.
• Ректальды 2742 немесе генитальды қан кетулер пайда болады.
• Анал тесігінің жыртылуы, дилатациясы кездеседі 3651
• Венерикалық аурулардың[]симптомдары, мысалы: гонорея, хламидиоз 3635, сифилис2918, АИТВ2804.
Кішкентай балада менструальды кезең басталғанша қынаптан қан ағуы дұрыс емес, бұл қынаптағы ойық жара, сүйел, аурулар мен түсініксіз бөлінділердің симптомдары болуы мүмкін. Бұл симптомдар физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтан да туындауы мүмкін, ондай жағдайда жыныс мүшесінің ішкі жақтары мен айналасы жарақаттанады.
Зорлық-зомбылыққа байланысты сұрақтарды кәсіби және заңды түрде дәрігер қызметін атқаратын адамға қою керек. Ол тексеріс жүргізуге, зорлық-зомбылықтың нақты белгілерін анықтауға міндетті.

Тегтер:

Қынаптан
анал тесігінің жарылуы
қан кету