Ақтаңдақ (Витилиго) - бұл тері ауруы, меланоциттер функциясының жоғалуынан немесе төмендеуінен теріде, шашта, көздің торлы қабатында ақ түсті дақтартың дамып кетуін айтамыз. Ауру кез келген жастан басталуы мүмкін, бірақ көбінесе 70%-ы 20 жасқа дейін адамдарда байқалады. Ақтаңдақтың қайдан пайда болатыны, себептері мен механизмдері жайлы сұрақтың жауабы әлі табылмады, сондықтан осы аурудың тиімді және толыққанды емдеу мәселесі осы күнге дейін ақсап тұр.

Vertr

Ақтаңдақ емі
Ультракүлгін сәулелерге, терінің сезімталдығын арттыратын өсімдік майынан жасалған препараттар қолданады. Ақтаңдағы бар науқастарды емдеу барсында, шайқурай сығындыларын сыртқа және ішке, күн сәулесімен немесе сынапты-кварц шамымен сәулелендір арқылы қолданған кезде оң нәтижелер алынды. Ақтаңдақты емдеуде бірқатар дәрілік өсімдіктерді қолданудың тиімділігі туралы мәліметтер бар. Соның негізінде, науқастар шөптің шырынын (тұнбаларын), ақ дақтар пайда болған жеріне жағу керек. Мысалы: жапырақ шырыны мен інжірдің жасыл жемістерін, қызыл бұрышты, жаңадан жасалған шырын, қайнатпа немесе тұнба (1:1, 1:2) кіші балдыршөп, жаңа піскен құлпынай шырындары.
Десе де осы дәрілер толыққанды әсер ету үшін, теріге ультракүлгін сәулемен бірге қолдану қажет. Ең тиімді жолы, ұзын толқынды ультракүлгін сәулеленумен (толқын ұзындығы 320-390 нм) ұштастыра отырып, дәрілік заттарды қолдану керек. Бұл әдіс ғылымда, ПУВА-терапиясы немесе фотохимиотерапиясы (ФХТ) деп аталады. Емнің оң әсері әлсіремес үшін, ұзақ мерзімде осы елдеуді дембіл-дембіл қолданып туру керек.
Науқас адам бойындағы ақтаңдақпен қатар пайда болған, басқа да ауруларын емдемесе, бұл аурудан толық емделуі мүмкін емес. Витилиго – «ішкі аурулардың сыртқы көрінісі» десе де болады. Ақтаңдағы бар адамдардың көпшілігінің бауыры ауырады. Осыған байланысты бауырдың және өт қабының жұмысын жақсартатын кешенді терапия препараттарын енгізу ұсынылады: эссенциале, холагогум. Ақтаңдақтардан құтылу үшін бауырды емдеудің маңызы зор: гастроэнтерлогтардың айтуынша бауыр лямблиозын емдегеннен кейін ақтаңдақтардың көбісі өздігінен жойылып кететін көрінеді.
Кейбір авторлар депигментацияны (түссіздік) гельминттер қоздырып, эндокриндік бездердің қалыпты қызметін бұзып, ағзада мыс тапшылығын тудырады деп болжайды. Мұндай жағдайларда жүргізілген дегельминтизация науқастарды емдеуге жақсы ықпал етті.
Ақтаңдағы бар науқастарда жиі кездесетін патологиялардың бірі - эндокринді аурулар болып табылады: қалқанша безі функциясының бұзылуы; асқазан-ішек жолындағы өзгерістер – асқазанның қышқылдық және пилорикалық функцияларының бұзылысы; жүрек-қан-тамыр жүйесі аурулары.

Тегтер:

витилиго
Ақтаңдақ