Жұтыну проблемалары көпшілік арасында әртүрлі жағдайларда кездесіп жатады. Асты қомағайланып ішкеннен , кейбір тамақты түйір-түйір күйінде жұта салғаннан, ауызға асты салып алып, сөлеп тұрып жұтқаннан туындап жатады. Кейде сабырсызданып, ашуға ерік беріп тұрған кезде де, жұтқыншағыңыз толып кеткендей, дұрыс жұтына алмай тұрғандай сезінесіз.

Жұтынудың қиындауы (дисфагия) - тамақтың ауыз арқылы асқазанға дұрыс өтпеген кезінде белгі береді. Дисфагия ауыз қуысындағы, тіл немесе тістердің ақауларының салдарынан, қалыпты шайнау және жұтылу процесіне кедергі болған жағдайда пайда болуы мүмкін.

Мынандай симптомдар пайда болуы мүмкін: сілекей аға береді, тамақты жегенде шашала береді, немесе ауыз қуысы тым қатты құрғай береді. Кейде тамақ жұтқыншақта тұрып қалғандай болады немесе әрі қарай тамақты итеру үшін бірнеше рет жұтыну керектей көрініп тұрады. Соның әсерінен қақалып-шашалып немесе тұншығып бара жатқандай сезімде боласыз.

Жұтынудың қиындауы салдарынан салмақ түседі, тіпті өңештің қатерлі ісігі секілді қауіпті ауруларға да апатып соқтыруы мүмкін. Егер сізде кекірік болса немесе жұтыну қиындаса, оны үйде емдей алмайсыз. Сол үшін дәрігерге қаралғаныңыз жөн.

Тегтер:

жұтынудың қиындауы
дисфагия
кекіру
өңештің тарылуы
тұншығу сезімі
өңештің қатерлі ісігі